Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мен өсірген пияз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім және ғылым министрлігі
Теміртау қаласы «№10 жалпы білім беретін орта мектебі » КММ
Бағыты: Дүниетану
Секциясы: Қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау
Тақырыбы: Мен өсірген - пияз
Орындаған: №10 ЖББОМ КММ
4 « А »сынып оқушысы
Кеңес Асылкең Қуатұлы
Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Дюсенбекова Куралай Серикбаевна
Теміртау 2019 жыл
Тақырыбы: Мен өсірген - пияз
Мәселе: Үй бөлмесінде пиязды өсіру, халыққа тигізер пайдасын анықтау және зерттеу
Мақсаты: Жер бетіндегі шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктердің өсуі пияздың
пайда болуы, түрлері, пайдасы мен зияны, оның негізгі қасиеттерін анықтау
Міндеті : 1. Әдебиеттер жинау, терең оқып үйрену
2. Пияздың негізгі қасиеттерін анықтау
3. Үй бөлмесінде пиязды өсіріп,зерттеу
4. Нәтижелерін талдау, нұсқау беру
Зерттеу нысаны: Пияз
Болжам: Егер де,біз әрқилы геграфиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық
қасиеттері алуан түрлі өсімдіктің адам баласына маңыздылығын түсіне білсек,
онда өз қажетімізге жарата аламыз
Өзектілігі: «Біз өсімдік өсіре білеміз бе?» - айдарымен дүниетану пәнінен өткен
пікір - таласта пиязды үй жағдайында өсіріп, оны күтіп, бізге қаншалықты
пайдасы бар екендігін зерттеп, дәлелдесем менің жетістікке жеткенім
Күтілетін нәтиже: Пиязды үй бөлмесінде өсіру, зерттеу,насихаттау
Жаңашылдығы: Пиязды болашақта халық пайдасына асыру маңыздылығына нұсқау беру
Жоба негізі: Зерттеу жұмысы
Мазмұны:
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім
1. Әдебиеттер жинау, терең оқып үйрену
2. Пияздың негізгі қасиеттерін анықтау
3. Үй бөлмесінде пиязды өсіріп,зерттеу
4. Нәтижелерін талдау, нұсқау беру
III . Қорытынды
IY. Әдебиеттер
Y. Қосымша (слайд, нұсқаулық)
Аннотация
Осы зерттеу жобасында пияздың бөлме көкөнісі бола алатынын білдік.Пиязды
күтіп,пайдасы мен зияны жайында нұсқама беріп, зерттеуге үлес қосты.Оның
түрлерін ажыратып, құнарлы, қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай
арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өсетінін дәлелдеді. Бұл көкөністі
тағам өнеркәсібінде және медицинада қолдануға болатындығына көзіміз жетті.
Реферат 5 бөлімнен тұрады:
Мазмұны:
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім
1. Әдебиеттер жинау, терең оқып үйрену
2. Пияздың негізгі қасиеттерін анықтау
3. Үй бөлмесінде пиязды өсіріп,зерттеу
4. Нәтижелерін талдау, нұсқау беру
III . Қорытынды
IY. Әдебиеттер
Y. Қосымша (слайд, нұсқаулық)
Пікір
4 «А» сынып оқушысы Кеңес Асылкең Қуатұлы зерттеу жобасының тақырыбын ашу барысында әдебиеттер оқып, өз ойын жаза алған. Еңбекті жазу барысында оқушының жан – жақты ізденгені көрініп тұр. Оқушының тілі жатық, көркемдік жазу шеберлігі байқалып тұр. Тақырыпты аша білген деуге болады.Пиязды үй бөлмесінде өсіріп зерттей білген. Зерттеу жұмысы түсінікті оқушының деңгейіне сәйкес тілде жазылған.
Пікір жазған: Калакпасова Гульден Амангельдина
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені,
-
Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы
-
“Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том
-
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : 1990жыл
-
Еңбекке баулу «Атамұра» 2010 жыл
Кіріспе
Пияз — жуа туысының ең көп тараған түрі.Шыққан жері — Орталық Азия.
Қазір пияз республикамыздың барлық жерінде өсіріледі. Тікелей тамырдан
шығады. Пияз домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз,
біріне- бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғары
бөлігі жұқа, жалған сабақ құрайды. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де,
жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт-көгілдір, ал кейде ақ түсті
болады. Құрамындағы эфир майының мөлшеріне дәмінің ащылығына қарай
Пияздың сорттарын 3 топқа — ащы, жартылай ащы және тәтті деп бөледі
.Ащы сорттарында құрғақ заттың, қанттың және эфир майының мөлшері көбірек
болады.Пиязды ауыспалы егісте көкөніс және егіс танабынан кейін отырғызып,
жапырақтары сарғайған кезде жинайды. Шабындықта және жайылымдарда
пияз отырғызбаған абзал, өйткені пияз мал сүтінің дәмін өзгертіп, жағымсыз
дәм береді. Пияз ежелден бағалы дәрілік өсімдік деп саналған. Ол ас қорытуды
жақсартады, асқазан шырынының бөлінуін күшейтеді. Пиязға эфир майы ерекше
иіс береді. Одан басқа пияз бен сарымсақта фитонцид бар, ол ауру қоздыратын
бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат. Тамыры ірі, қалың, шашыраңқы,
түйнек түбінен өседі. Түйнегі үлкен, етті, сопақша және шар пішінді. Түйнегінің
қабығы сары, қызыл- қоңырқай түсті. Қабығының астында ақ, шырынды, ерекше
иісті қабаттар кезектесіп орналасқан. Пияз бір маусымда жеуге жарамды
болып өседі. Тұқымын алу үшін пиязды (тамыр сабағын) көктемде қайта егеді.
Одан екінші жылы ұзын гүл сидам өсіп шығып, гүлдейді. Күзге қарай тұқымын
жинап алады.
Пияз сорттары
Батун-пияз
Батун-пияз (татарка, дудчатый, қыстық, құмдық). Тамаққа, негізінен, сабақтарын
пайдаланады, олар түрі мен дәмдік қасиеті жағынан басты пияздың сабағына ұқсайды,
бірақ олардан біршама ірілеу. Батун-пияздың кейбір түрлері сабақтарында С витаминінің
мол (80 мг %-ке дейін) болуымен ерекшеленеді. Таралу аймағы да өте кең (оңтүстіктен
Поляр шеңберіне дейін). Ол аязға берік, күй талғамайды, қыста ашық жерде де ұстауға
болады және ерте піседі. Батун - пияздың алғашқы көк сабақтарын ортаңғы белдеуле
апрельдің аяғы, майлық басында жинайды. Көк сабақтарды жаз бойы бірнеше рет кесіп
алады, бірақ тамыздың бірінші жартысынан кейін тоқтатады, өйткені мұның салдары
келер жылдың өніміне кері әсер етеді.
Порей-пияз
Порей-пияз (жақұт порей негізінен европалық Закавказьеде өсіріледі.Бұл
пияздың ұзын, жалпақ, жасыл жапырақтары және жуан сабақтары болады. Асқа
бұл пияздың сабағын (жаңа жиналған бетте, қайнатылған, кептірілген, тұздалған) және жас жапырақтарды пайдаланады. Бұл пияз витаминдерге бай, оның құрамында 35 мг % С
витамині бар. Оны күздің аяғына қарай жинайды. Ұзақ сақтау үшін сабақтардың жоғарғы
жағын (1/3 бөлігін) кесіп алады да, түбірін сақтайтын орынның суық жағына ылғал құммен
көміп тастайды. 0°С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90%
болғанда бұл пиязды 3 айға дейін сақтауға болады.
Шнитт-пияз
Шнитт-пияз (рязанец, сибирьский, скорода, трибулька) жапырақтары майда тікенекті,
оларда С витамині (7 —105 мг %) және каротин болады. Жапырақтары жас кезінде
жұмсақ , нәрлі. Өсе келе тез іріленіп кетеді. Бұл аязға төзімді және ерте өкім беретін пияз.
Оны аз мөлшерде ғана, кейде сәндік және шырын жинайтын өсімдік ретінде өсіреді.
Шалот-пияз
Шалот-пияз еліміздің оңтүстік аудандарда таралған. Там аңқа жас түйіні мен
сабақтарын сол күйінде, кейде маринадтап пайдаланады. Сабақтары кабысқан түтік
тәрізді, балауыз түстес болып келеді. Пияздары майда, жұмсақ , дәмі онша ащы емес.
Оның құрамында 13% қант (сабақтарына 5,5%) бар. Аязға төзімді, сондықтан оны
қысқа қарай егеді. Көктемде ол өнімді ерте береді. Бұл пияздың көк сабағы қыста
ұзақ уақытқа жақсы сақталатындықтан, оны түйнегінен жұлмайды. Оңтүстікте бұл пиязды шатырдың астында сақтайды, өйткені 20°С-тық суыққа ұшыраса да дәмі жоғалмайды
« Біз өсімдік өсіре білеміз бе?» - айдарымен өтілген пікір - таластан кейінгі өсірген пиязым
Бұл пияз -« Шалот» сортына жатады
Түрі сары – қоңыр
Баданасы ( басты пияз) – майда , жұмсақ
Дәмі – ащы емес
Суыққа төзімді
Бір
маусымда жеуге жарамды, сондықтан мен қаңтар-қыркүйек айлары
аралықтарында өсіріп, зерттедім
П иязды анамның кеңесі бойынша өсірдім
Қыс мезгілінде терезенің оңтүстік – батысқа қараған жағына арнайы
ыдысқа ақпанның онында бақшаның нәрлі, құнарлы топырағына отырғыздым.
Тазалықты сақтау үшін ыдыстың астына жалпақ табақша қойдым.Терезенің оң жақ жақтауына бөлме ауасын бақылайтын термометр ілдім. Күнде сағат кешкі сағат 20.00-де суарып. 22.00- де пиязды бақылап күнделікке жазып отыруды әдетке айналдырдым
Арнаулы ыдысқа қайнамаған су құйдым да, оған көктеп тұрған пияздың жоғарғы жағын кесіп салдым. Пияздың тамыры суға батып тұруы керек.Өніп шығуы 3-5 аптада аяқталды.Мен сабағын, тамырын күнде сызғышпен өлшеп отырдым
Бұл пияздың химиялық құрамында мамандардың айтуынша, азоттық заттар,минералды
тұздар,органикалық қышқылдар, глюкозидтер С,В,А дәрумендер, флавонид-тар бар.Пиязды
тураған адамның көзінің ашып, жас шығуы оның құрамындағы эфир майларының әсерінен
Шалот пиязының құрамы
Бадана – басты пияз
Басты пиязда – 14% қант
С дәрумені - 18% ауру жұқтырмайтын қырық құлаққа қарсы қасиеті мол
Белок , эфир майы -2%
Ж апырағы 20-35 см
С дәрумені – 47,7 миллиграм
А провитамині - 5,9
Тамыры - алғашқы 1-2 аптасында суда тұрғанда -6,5 см
4-5 аптада 14 см
Қорыта кегенде пиязды бөлмеде өсіруге болады.Мен үшін бұл зерттеу жұмысы өте
қызықты болды, себебі мен өз алдыма қойған мақсатыма толықтай жеттім.Дүниетану
сабағында мен сыныптас достарыма зерттеу жұмысымды айттым және көрсеттім
оларға ұнады. Болашақта мен әкем мен анамның саяжайында көкеніс түрлерін
өсіретіндігіме көзім жетті . Қосымша достарыма пияздың денсаулыққа пайдасы жайында
жаз мезгілінде жинаған ақпараттарымнан нұсқау бердім
Нұсқаулық
Пияздың пайдасы
Біріншіден, ас қорытуға жақсы әсерін тигізеді. Пияздың иісі өте жағымсыз екенін
бәріміз жақсы білгілі. Алайда бұл көкөністің бойындағы ең құндысы да осы. Пияздың
бойындағы эфир майы ауру қоздыратын – құрт, бактерияларды жояды. Сондықтан оны
салатқа, бірінші және екінші тағамға, жалпы сәйкес келеді деген барлық тағамтүрлері-
не қосып, үнемі пайдаланған жөн.
Атересклероз, ми тамырлары ауруларына пияз сөлі мен балды араластырып (1:1), бір
ас қасықтан күніне үш рет ауқаттанардан сағат жарым уақыт бұрын немесе содан екі-
үш сағат кейін қабылдайды. Пияз сөлі мен кесінділері әр түрлі жараларға, соның ішінде
ұзақ уақыттан бері бітіп болмаған жарақатқа, күйген жерге жақса, тиімді әсері тез
байқалады.
Сүйелдер мен іріңді жараларға пияздың жылытылған ұсақ кесінділерін кір сабынмен
араластырып (2:1) жағып, үстінен бинтпен орап тастайды. Бинтті күн сайын ауыстыру
қажет.
Пияздың сөлі салқын тигеннен болатын ауруларға (тұмау, мұрынның бітелуі т.б) өте
жақсы көмектеседі. Ол үшін сөл мен балды 1:1 араластырып, ас қасықпен күніне үш-
төрт рет ішу керек. Егер тамақ ауырса, осы қоспаны бір шай қасықпен күніне үш-төрт
рет ішеді. Тұмау болғанда пияздың сөлін мұрынның айналасына жағады немесе
туралған пиязды екі-үш минут иіскеу керек. Бұл тәсілді ауру жаңа басталғанда
қолданған өте тиімді. Туралған пиязды шағын ыдысқа салып, бала ұйықтаған кезде
(тұмау болғанда) бас жағына қойса, мұрнының ашылып, жақсы ұйықтауына
көмектеседі.
Қатты жөтелден арылмасаңыз, пияздың көмегіне жүгініңіз. Ол үшін әйнек бөтелкені
туралған пиязбен толтырып, бөтелкенің сыртын қамырмен қаптап, духовкаға салыңыз.
Сырты пісті-ау деген кезде духовканы өшіріп, суығанын күтіңіз. Содан кейін қамырынан
аршып, бөтелкедегіні үлкендер екі ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдайды, албалаларға
бір ас қасықтан берсе де болады. Мұндай ем созылмалы гастриті барларға да зиянын
тигізбейді.
Шамамен 50 грамм мейізге 200 мл қайнаған су құйып, жарты сағат қоя тұрады. Сосын
оған бірнеше пияздың сығып алынған сөлін (үш ас қасық көлемінде) араластырады. Бұл
тұнбаны жөтел кезінде күніне бір рет жатар алдында бір жұтым шамасында қабылдап
алған жөн. Сонда жөтелден тез құтыласыз.
Қан қысымы жоғары адамдарға (гипертоник) күніне бір-екі пияз жеп тұрған өте
пайдалы. Бір ескертер жай, асқазаны ауыратындарға пияздың таза өзінің сөлін
пайдалануға болмайды. Бірнеше пиязды ұсақтап турап, оны басыңызға қалың етіп
салып, он минут шамасында ұстаңыз. Сосын басыңызды шайып алсаңыз, шаш құрамы
жақсарып, шаштың түсуі тоқтайды.