Материалдар / Мен өз елімнің патриотымын!!!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мен өз елімнің патриотымын!!!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
303
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән атауы сынып сағаты

Мектеп: №125 С.Сапарбеков атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 10/02/2020

Мұғалімнің аты-жөні: Нұратаева А

Сынып: 8 а

Қатысқандар: 23

Қатыспағандар: 1

Сабақтың тақырыбы:

Мен –өз елімнің париотымын

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Мен- кіші Отанымның патриотымын

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Оқушылар өз бойына Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады; «патриот » сөзінің мәнін түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:2. Оқушылардың елге, Отанға деген сүйіспеншілігін, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын және өз ойын еркін жеткізу дағдысын арттырады.

Кейбір оқушылар: Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайда келтіре алады, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары туралы саралай алады

Тілдік мақсаты

Патриоттық құндылықты арттыратын нақыл сөздерді біледі,үйренеді.


Негізгі сөздер мен тіркестер: патриот, отан , тәуелсіздік, ұлттық рәміздер


Сыныптағы диалогтік жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Патриот деген кім?

патриоттық сезімді қалай түсінесің?

Ресурстар

Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар, Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси)

Музыкалық және бейне көркемдеу

ҚРМемлекеттік Гимні, «Атамекен» әнінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі,

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта, бейнепроектор, компьютер

Үлестірмелі материал

Патриотизм туралы нақыл сөз

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы













1.Ұйымдастыру

А) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ә) ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.

2.Миға шабуыл. Патриот деген кім?

Оқушылар топ бойынша өз бетінше синквейн құрайды, шамамен мынадай мазмұндағы:

Зат есім (1 сөз) Патриот

Сын есім (2 сөз) Аса өнегелі, жауапты

Етістік (3 сөз) Еңбектенеді, жасайды, күреседі,

(Түйінді ой немесе сөйлем) Өз Отанын сүйеді,

(Синоним) Азамат.

Үлгі бойынша өлең құрастыра алады.

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Гимнін, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

Патриот - өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесін ел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам.

Сабақтың ортасы










1. Сурет көрмесінде. Өзінің туған ауылына арналған «Менің ауылым» атты суреттерін қорғайды.

Дескриптор: 1.Туған ауылын суреттей біледі.

2.Өз ойын айта алады.

2. Еркін микрофон. «Ауылды түрлендіруге менің қосатын үлесім»

(Әр оқушы өз ойын айтады)

Дескриптор: Оқушы өз ойын еркін жеткізе алады.

3.«Мен - қала құрылысшысымын»

Сурет қиындыларынан Астананың көрікті жерлерін құрастырады және жұмыстарын қорғайды.

5.Бейнеролик «Менің Қазақстаным»

Сабақтың соңы









1. Рефлексия.

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.


2. Мұғалімнің қорытынды сөзі

А) Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында «Біздің балаларымызбен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы,нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» - деп нақты көрсетілген. Сондықтан да біз Елбасымыздың айтқан жолымен жүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қоссақ нағыз патриотқа айналамыз.

Ә) Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.

Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.


«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»

Н.Ә. Назарбаев

3.«Атамекен» әнімен аяқтау




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!