Сабақтың тақырыбы: Мен өз
Отанымның патриотымын.
Сабақтың
мақсаты:
1. Отанды сүюге, туған жеріне,
еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін
сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды
өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу
мәдениетін, тілдерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз отанын қорғауға,елін-туған жерін
сүйуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: сайыс
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі:Оқушылардың патриоттық
сезімдерін оятатын әр түрлі көрнекіліктер мемлекет рәміздер,
елтаңба, жалау, суреттер .т.б
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сыныпты түгелдеу.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мұғалімнің
сөзі:
-Саламатсыздар ма оқушылар
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен өз Отанымның патриотымын» деп
аталады.
Патриот – Отаннын сүйетін, ұлтының
намысын,салт-дәстүрін қорғайтын адам
Мирза Фатали Ахундов
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді
,батыл жүректі патриот ұлдары мен қыздары бар. Әр бала өзінің туған
жерін отансүйгіштік ұлтжандылық қасиетімен қадірлі.
-Олай болса патриот дегеніміз не?
-Қазақта қандай патриот ұл қыздарымыз бар?
- Сен өскенде қандай патриот болғың келеді?
-Патриот болу үшін не істеу керек?
Қызықты сұрақтар
.
1.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбымыз қалай аталады?
2. «Патриот» сөзін қалай түсінесіңдер?
3.Ел патриоты болу үшін қандай қасиеттер бойымызға жинауымыз
керек?
4. Қазақстанда патриоттық бейнесімен көзге түскен қандай
тұлғаларға,ақын-жазушыларға, спортшыларға, әншілерге т.б.
ұқсағыларың келеді?
Бүгінгі тәрбие сағатымыз
ІІІ бөлімнен тұрады?
І бөлім: «Бәйге» деп аталады?
(бұл бөлімде сіздерге сұрақтар қойылады?)
ІІ бөлім: «Жалғасын тап » ( мақал –мәтелдерді жалғастыру)
ІІІ бөлім: « Сөз тапқанға» (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын
сөздермен жауап беру)
І бөлім: «Бәйге» 11
сұрақ
1.ҚР астанасы қай қала?
(Астана)
2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
(Әнұран,Ту,Елтаңба).
3.Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші Қалдаяқов).
4.Тұңғыш елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
5. Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков)
6. Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек
Мәлібеков).
7.
Қазақстан қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз
мемлекет)
8.
Тәуелсіздікті қай жылы, қай айда
алдық?(1991жылы,16-шы желтоқсанда)
10.Тiл туралы Заңы қашан,қай айда қабылданды? (
1997 жылғы 11 шiлде)
11.
Қазақстан жерінде қанша ұлт өкілдері тұрады? (130- дан астам
)
ІІ бөлім: «Жалғасын тап» (
мақал –мәтелдерді жалғастыру)
1.Отан неден
басталады... (
от басынан басталады)
2. Отан үшін еңбек етсең ... (халқыңның сүйген ұлы боласың.)
3. Отан үшін отқа түс — күймейсің ...(Арың үшін алыссаң — өлмейсің.
)
4. Туған жердей жер болмас,.. (Туған елдей ел
болмас)
6. Тіл мәртебесі ... (ел мәртебесі.)
7. Ерлік білекте емес,... ( жүректе.)
8. Еңбек етсең
ерінбей..(Тояды қарның
тіленбей.)
9. Ел үмітін ер ақтар...( Ер атағын ел
сақтар).
10. Ерлік – елге мұра... (ұрпаққа - үлгі.)
11. Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,..(Ерте тұрған әйелдің бірі
ісі артық.)
12. Еңбек етсең
ерінбей,..(Тояды қарның тіленбей
13.
Еңбек етсең... (Ең қадірлі
адамсың.)
ІІІ бөлім.Сөз тапқанға.
(Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен
жауап беру)
бұл бөлімде екі оқушы шығып жарысып, тапқырлықтарын
танытады.
1-оқушы: (Б)
Суда не
жүзеді
Досыңның аты
кім??
Қай пәнді
ұнатасың?
Қандай тағамды ұнатасың?
Қай көшеде тұрасың?
Неше жасқа
толасың?
Қандай кітапты сүйіп
оқисың?
Көршің есімі
кім?
Ағаңның немесе
апаңның есімі?
2-оқушы:
(М)
Сыныпта
кіммен
отырасың?
Досыңның аты
кім?
Қандай ертегідегі
кейіпкерді ұнатасың?
Үй жануарлары ұнай
ма??
Үйде қандай ойын
ойнайсың?
Қорытынды:
Сыныпта тәрбие сағатына белсенді қатысқан оқушыны анықтау.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан – 2030 » жолдауында «Біздің
балаларымызбен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін
сақтай отырып, қазіргі заманғы,нарықтық экономика өркендеу
үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары
болады» - деп нақты көрсетілген. Сондықтан да біз Елбасымыздың
айтқан жолымен жүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қоссақ нағыз
патриотқа айналады.Олай болса еліміздің
ертеңі болашағы сендерсіңдер, әр кез сабақты жақсы оқып,өнер
білімге деген құлшыныстарың артып еңбек етуден жалықпаңдар.Барлық
жақсылық өз қолдарыңда,елді жерді сүйетін Отанымызды қорғайтын
сендерге сеніммен қараймыз.