Сабақтың
кезеңі/ Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
1.Жағымды
көңіл-күй
|
Оқушылармен амандасу,
түгендеу.
5 Т –
ережесі:
1.
Тәртіп
2.
Талап.
3.
Тыныштық.
4.Тазалық.
5.
Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп,
сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты
орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
.
«Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің
белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы
оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу
керек.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын
көрсетеді.
5-Т ережесін
қайталайды
Оқушылар жандары жадырап,
жағмды күйге келеді.
|
Баяу музыка
қойылады.
|
2. Алдыңғы үй тапсырмасын
тексеру (әңгіме)
|
Жазғы каникулды қалай
өткіздік, қайда демалдық, қандай қызықтар
болды?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді
|
|
3. Жағымды ой-пікір
(дәйексөз) әңгіме
|
«Өзіңді өзің танысаң – істің
басы»
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап
оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады)
Шәкәрім
Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ,
тарихшы, композитор. Ш.
Құдайбердіұлы қазіргі
Семей облысында 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге
келеді.
Сұрақтар:
1. Өзіңді өзің
тану деген не?
2. «Өзіңді өзің танысаң – істің
басы» дегенді қалай түсінесің?
3. Дәйексөзден қандай
ой түйдіңіз?
|
Оқушылар дәйексөзінің
мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге
жазады.
|
|
4. Оқиға айту
(әңгіме)
|
3. Оқиға айту. (Мұғалім
сыйы)
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами
қасиеттердің өзегі болып табылады.
Құндылықтар – адам үшін аса маңызды заттар,
құбылыстар, қасиеттер мен жай-күйлер.
Құндылықтар:
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі
қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық
жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және
болашаққа тәуелді емес.
Дұрыс – әрекет – бұл борыш пен
жауакершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез –
құлық.
Сүйіспеншілік– бұл таза, риясыз және
шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз
қуат.
Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай
тынышталуы, адамның терең табиғаты.
Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен,
әрекетпен қиянат жасамау.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың
өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық,
Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды
жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс
жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол
адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
Сұрақтар:
1.
Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не
екен?
2.
Ақиқат дегенміз не?
3. Риясыз сүйіспеншілікті қалай
түсіндіңіздер?
4. Дұрыс әрекет құндылығына тән
әрекеттер?
5. Ішкі тыныштықтың мәні?
6. Қиянат жасамау құндылығының
мәні?
|
Оқушылар оқиғаның
тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,
қамқорлық пен мееейірімділікке байланысты жанүя сыйластығы туралы
терең ойланады.
|
|
5. Шығармашылық жұмыс
|
4. Шығармашылық жұмыс, топпен
жұмыс:
Көңілді музыка
ойналады. Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір
қатысушы өзінің есіміне сын есім қосып және бойындағы бір қасиетін
айтып шығады. Мысалы: Мен, ақкөңіл, Гүлім -шыдамдымын . Айтып
болған соң, кольцодан өтуі керек. Әрі қарай жалғаса береді.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
1 –
топ: «Әділдік»
2 –
топ: «Ақиқат»
3 –
топ: «Шыншылдық»
Тапсырма: «Шындық шыңы - ақиқат» тақырыбында жоба қорғау.
(нақыл сөздер, өлең, сурет)
|
Оқушылар топқа
бөлінеді.
Әр топ өздеріне берілген
тапсырманы орындап, оны сынып алдында
таныстырады.
|
|
8. Үй
тапсырмасы
|
№2, Василий Сухомлинский «Сенің
өзің» әңгімесін оқып келу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын
күнделікке жазады.
|
Үй тапсырмасы экранда жазылып
тұрады
|
7.
Топпен ән
айту
|
5. Топпен ән
айту
«Мейірімді болайықшы
ағайын»
Сөзі: С.Қали. Әні
Қ.Махан
Көктем етіп көркейтсе де
маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің
талайын,
Өшігуді қояйықшы
өзгеге,
Кешірімді болайықшы,
ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де
жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де
дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен
тарылтпай,
Мейірімді болайықшы,
бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып
барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп
табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз
басымыз,
Кішіпейіл болайықшы,
халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша
көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап
ек,
Өзімізге қалайтұғын
нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса
деп.
Ұлттың қамын жүректермен
ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік
жұмылып,
Қаратайық Қыбылаға
жүздерді,
Таратайық адамзатқа
жылылық!
|
Оқушылар мұғаліммен бірге
ән шырқайды.
|
Экранға өлеңнің мәтіні
көрсетіледі.
Үнтаспадан әуен
ойнатылады
|
9. Сабақтың қортынды
сәті
|
Баяу музыка қойылады.
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
Оқушылар рефлексия
жасайды.
|
Баяу әуен
қойылады
|