Материалдар / Мен –Қазақстанның болашағымын.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен –Қазақстанның болашағымын.

Материал туралы қысқаша түсінік
бала бақшаға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2018
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен –Қазақстанның болашағымын.

Армысыздар,қадірменді қонақтар! «Мен-Қазақстанның болашағымын» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан –тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын,дамыған елдер қатарында терезесі тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ-егеменді елдің берік тірегі. Осы бағытта балалардың жылдық білімін сараптау мақсатында ұйымдастырылып отырған зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәуелсіз елдің болашағы-білімді ұрпақ. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысатын сайыскерлеріміз ортамызға шақырайық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын. Әнұран.

Тәрбиеші:

Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйрікті бағы жана ма? Білім мен өнер жарысып Тәрбие-білім табар мән. Бұл бәйге –ойдың бәйгесі кім жүйрік ойға,сол алда- деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста екі топ жарысқа түседі. Сайыс жеті кезеңнен тұрады. Ал енді сайыскерлерге әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.Әділқазылар алқасымен таныстыру. Құрметті сайыскер балалар! Барлығына сәттілік,ұшқыр ой тілеймін.

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын, Байрағымыз әрқашан биік тұрсын! Осынау мерекеміз құтты болып, Сайыскерлер өздерін таныстырсын! 1-кезең: Таныстыру деп аталады. 2 топ өз топтарын таныстырады. 1-топ:

«Жас қыран» тобы



Ұраны Қырандай самғап алысқа, Ойымыз кетер ғарышқа Сайысқа түсіп сіз бен біз, «Жас қыран» тобы біздерміз. 2-топ:

«Көгершін» тобы

Ұраны Көгершіндей қалықтап, Биікке біз де самғайық. «Көгершін» тобы біз болып «Жас қыраннан» қалмайық

Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар, 1-кезеңнен сүрінбей өттіндер. Ал әділқазылар алқасы балалардың бағасын бере отырсын. Біз келесі кезеңге көшейік. 2-кезең: «Бәйге».Бұл кезеңде балалар берілген сұрақтарды мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысады. Барлығыңа сәттілік тілеймін!

Жас қыран: 1. Отанымыз қалай аталады? 2.Қ.Р. елбасы кім? 3.Қ.Р. рәміздерін атап бер? 4.Қ.Р. елордасы қай қала? 5.Қазақстан қалаларын ата? 6.Ұлттық ойындарды ата? 7.Ұлтың кім? 8.Ана тілің қай тіл? 9.Ауылының аты қандай? 10.Сен қай топтасың? 11. Бір жылда неше мезгіл бар? 12.Бір аптада неше күн бар? 13.Шар ауыр ма,доп ауыр ма? 14.Тышқан жылдам ба, тасбақа жылдам ба? 15.Төртбұрыштың неше қабырғасы бар? 16.Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?

Бәрекелді балалар!Бәйге кезеңінен де сүрінбей өттіңдер.Әділқазылар алқасы балалардың білімдерін бағалай отырыңыздар.

3-кезең: «Мақалдың жалғасын тап» Көп тыңдап, жақсы сөйле нұсқа болсын, Сұраса, жауабың да қысқа болсын,- деген екен ата-бабаларымыз. Енді «Жалғасын тап» сайысымызды бастап,сөз мәйегі мақал-мәтелге кезек берейік. Іске сәт балалар!

Жас қаран: 1.Ел ағасымен жарасады ...... Киім жағасымен жарасады 2.Отан- елдің анасы...... Ел- ердің анасы. 3.Туған жердей жер болмас...... Туған елдей ел болмас 4.Отансыз адам..... Ормансыз бұлбұл. 5.Ел боламын десең..... Бесігінді түзе 6.Отан оттанда……ыстық

Тәрбиеші: Көрдіңіздер ме, көпшілік қауым, біздің балалар сондай өнерлі де, сөзге бай шешен екен. Осымен «Жалғасын тап» атты кезеңіміз аяқталды.Әділқазылар алқасы, әділ бағаларын беріңіздер. Келесі кезеңге көшеік. 4-кезең Патриоттық әндер орындау. Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай, патриоттық әндер орындау кезеңін бастайық.Әр топ бір әннен орындайды.

1. «Көгершін» тобы- «Көк тудың желбірегені» әні

2. «Жас қыран» тобы- «Президент әні» әні Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Әділқазылар алқасы балалардың бағаларын берсін, біз келесі кезеңге өтейік. 5-кезең Мәнерлеп оқу Екі топтан 2 баладан шығып мәнерлеп тақпақтарды айтады

Әділ қазылар алқасы сайыскерлердің бағаларын беріңіз

6-кезең: «Тәуелсіздік жолында» атты тақырыпта көрініс көрсету «Жас қыран» тобының көрінісі: «Үш би» «Түбін білмеген –тексіз». Тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па? Кешегі үш жүзді бір тудың астына жинаған Абылайхан тұсындағы төре билеріміз қара бала, қара қазан қамы үшін сөз саптаған еді. Егемендік пен Бірлік Төле бидің толғауында, Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан. Ендеше үш бидің сөзіне құлақ түрейік. Төле би: Бір үйдің баласы болма, Көп елдің санасы бол. Бір үйдің атасы болма, Бір елдің данасы бол. Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол. Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп бағала. Өзіңе-өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол, Жауына қатал бол Досыңа адал бол. Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсан,жауына найзаң тисің. Бай болып еліңе пайдаң тимесе, Батыр болып еліңе пайдаң тимесе, Елден бөлек үйің күйсін. Қазыбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке кетпесін деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Дәм-тұзды ақтай білген елміз, Асқақтаған хан болса, Хан ордасын таптай білген елміз. Тәрбиеші: Бабалар арманы, бабалар үміті үзілген жоқ. «Көгершін» тобы –«Тәуелсіздік таны» атты көрініс Тарихым жатыр тасымда, Тіл қатып келер ғасырда. Азаттық дейтін ұғымның Желтоқсан тұрар басында. –Үй ішінде әже жүн түтіп отырады. Анда-санда өзімен-өзі күңкілдеп қояды.

Әже:-Е.....тәубә!!! Бергеніне шүкір.(бір кезде даладан немересі жүгіріп келеді) Немересі:-Әже,әжетай,далада керемет болып жатыр.Аспанға жарқылдаған от шашу атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр,жүріңіз көрейік. Әжесі: Е-е.... Жарығым,бұл нышан Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын! Немересі: Әже, Тәуелсіздік деген не? Әжесі:Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам! Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ. – Міне содан бері талай заман өтті. Байдың отымен кіріп, күлімен шықтық ғой. Енді заман сендердікі. –Әй, балам-ай,өткен өмірімді көз алды алдыма елестетсем, шуылдап басым айналады.аздап тыныкпасам болмас (қисайып жатады) Құдайға шүкір, тәуелсіздікке де қол жетті.Оған да тәубә. Сендер нағыз бақытты ұрпақсындар.(әжесі мен немересі ұйқыға кетеді) Немересі: (көзін уқалап) Әже, жап-жарық күнді көрдім, көп түс көрдім. Әжесі: Е, ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздіктің мәңгі күні.(немересін бауырына тартып, маңдайынан сүйеді) Немересі: Ендеше,мен достарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, Сүйінші, Сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.(жүгіріп кетеді) Тәрбиеші: осымен «Тәуелсіздік жолында» атты көрініс көрсету кезеңі аяқталды. Екі топ та тапсырманы тамаша орындады. Ал әділқазылар алқасы балалар өнеріне әділ бағасын берсін. 7-кезең. «Би өнері» Камзол кием қынай бел, Толған ою-өрнекке. Билесін деп сұрайды ел, Өнерімді көрмекке-деп бірінші «Жас қыран» тобының биін тамашалайық. Би: «Көкпар» Екінші «Көгершін» тобы- би:«Домбыра» билеп береды Бәрекелді, балалар! Бұл кезеңнен де сүрінбей өттіңдер. Әділқазылар,екі топтың да өнерін көрдіңіздер,міне, осымен жеті кезеңнен тұратын зияткерлік сайысымыз аяқталды. Қорытынды сөзді әділ қазыларға береміз. О, тәңірім, бақыт құсы қонып бір, Деп тіледік бізді баққа жолықтыр. Бүгін, міне,Тәуелсіздік, ағайын, Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! Тұғыры биік елімізде Отаншыл,ұлтжанды, елін сүйетін өнерлі, білімді өрендер көбейе берсін! Тәуелсіздік жасасын! Осымен «Мен-Қазақстанның болашағымын» атты сайысымыз мына шұмақпен аяқталды.

Әрқашан күн сөнбесін Аспаннан бұлт төнбесін Қасымда болсын мама Болайын менде аман

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!