Материалдар / Мен сенің өміріңнің жағасымын 10-сынып ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен сенің өміріңнің жағасымын 10-сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып оқушыларының ата-анаға құрмет пен сүйіспеншілік,әке мектебі туралы түсініктерін жетілдіру мақсатында тапысрмалар мен ой салатын материалдар ұсынамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2022
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Тарау : 3

III. Қоғамдағы өмір

Педагогтің аты-жөні

Абуова Айна Абылайқызы

Күні

18 ақпан 2022 жыл

Сынып 10 «А,Б,В»

Қатысушылардың саны: 58

Қатыспағандардың саны:0

Сабақтың тақырыбы № 20

Мен сенің өміріңнің жалғасымын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

отбасындағы жағымды қарым-қатынас құндылығын, отбасын құру жауапкершілігін сезінеді;

Құндылығы

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

Отбасындағы сүйіспеншілік, жанашырлық, бауырмалдық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ата – ананың қадірі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ Уақыты


Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі



1.Жағымды көңіл-күй



Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Балалар «5 ережені» есімізге түсіріп

  • сыныптың тәртібін сақтап,

  • оқып - білуге талаптанып,

  • тыныштықты орнатып,

  • тазалықты сақтап,

  • бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу «Нұрға бөлену» арқылы тыныштық сәтін орнату

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді. Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.


Волшебная компазиция «Хрустальная грусть»

2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)

1. №19 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.

Келесі сабақ.

Сұрақтар: Әзірбайжан ақыны Низами Гәнжауи және

қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінен үзіндіні

оқып шығыңыздар.

Ақындардың өскелең ұрпаққа өсиеті

не туралы?

Екі өлеңге де ортақ идея қандай?

Өз пікіріңізді

сыныптастарыңызға жеткізіп, ортаға салыңыз.

Сіз ата-анаңызға қалай көмектесесіз? Нақты мысал келтіріп, сыныптастарыңызбен ойыңызды бөлісіңіз.

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Балаларым «әнін тыңдатамын.

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды «отбасы» және «адам», «перзенттік парыз», «отбасы тарихы» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме

Анаңа ауыр сөз айтпа

Әкеңе ауыр жүк артпа

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Түйін сөз .

Әрбір отбасы мүшесінің өз құқы мен міндеттері бар,

оны байыппен, қалтқысыз орындау отбасын бақытты етеді.

Отбасында балалардың ең бірінші міндеті – ата-аналарын

құрметтеу. Сондықтан ата-ана алдындағы перзенттік

міндеттерді, борышты орындау өте маңызды. Үлкендерді

құрметтеу дәстүрінің тамыры тереңде жатыр.

Отбасында ата-әжеге, әке-шешеге, бауырларға риясыз, адал қызмететуіміз – бұл отбасылық өмірдің іргетасы, ондағы бақыт пен бірліктің,отбасы өркендеуінің негізі болмақ. Сол себепті әр қайсысымыздың ең жоғарғы борышымыз бен міндетіміз – өз ата-аналарымызға, отбасы мүшелеріне адал қызмет ету.

Оқушылар қанатты сөздің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады. 

Презентация слайд Жұмыс дәптерлері.

4. Мәтінмен жұмыс (әңгімелесу)



Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

«Бақ туралы аңыз»

Ғалым Бақыткерейұлы

Мәтінді оқығанда қандай ой түйдіңіз?

Жігіттің әкесі: «Әй, балам-ай! ... Сол «қараң қалған» бақта

сен өзіңді жоғалтқан жоқсың ба? Мен де сонда өз ұлымды

жоғалтқан болатынмын», – дегенде не айтқысы келді деп

ойлайсыз?

Байдың өз баласына қатысты әрекетін қалай бағалар едіңіз?

Жігіт неліктен бел шешіп жұмыс істей бастады?

Ол алдына нақты мақсат қойды деп ойлайсыз ба? Неліктен?

Жігіт қандай қасиеттері арқылы мақсатына жетіп, өзі

аздырған бақты қалпына келтірді? Жауабыңызды дәйектеп

жеткізіңіз.

Аңыздан өзіңіз қандай сабақ алдыңыз?

Өзіңіз алдыңызға қойған мақсатқа жету үшін қандай әрекет

жасайсыз?

Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, еңбексүйгіштік пен адалдыққа байланысты адам өмірінің шынайы таңдыры туралы терең ойланады.


  1. Шығармашылық жұмыс


(топпен немесе жеке)


Жобалау қызметі

1-топ үшін:

3-тапсырма. Төменде берілген қанатты сөздермен танысып, бүгінгі күні сіз үшін қайсысы өзекті екендігін айтыңыз. Ойыңызды нақты мысалмен дәйектеңіз.

Сен адамның ізгілікті қасиетін бағала, Жақсы киім, жалған жүзді жүрісіне қарама. Насыр Хұсырау

Ұлым, босаға қанша биік болса да – табалдырықтан еңкейіп, басыңды иіп атта. Халық даналығы

Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол. Абай

Жігіт қадірі өнерімен өлшенер болар. Мұхтар Әуезов

Ата – кәрі тәжірибе, бұрнағы күн. Әке – кеше мен бүгін. Бала – бүгін мен ертеңгі күн. Немере – қалыс. Тіршілік еш нәрсені ұмытпаған. Ғабит Мүсірепов

Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды. Халық даналығы

Әке даңқын асырғың келсе, әкеден асып кетуге асық. Халық даналығы

Ата-анасын налытқан32, кім екендігін танытқан. Халық даналығы

Ұл мен қыздың шын еркіндігі тыңдай білер балалардан шығады. Василий Сухомлинский

2-топ үшін:

4-тапсырма.
Тәжік-парсы ақыны, философ НасырХұсыраудың өлеңінен үзіндіні оқыңыздар. Ақынның өсиетін қалай түсінгеніңізді өз сөзіңізбен жеткізіңіз.

Адамгершілік

Насыр Хұсырау

Бар өмірің адамзатқа қуаныш боп тарасын,

Жүзімдейін тәтті болып, билеп ал сен санасын.

Сенде егерде мұншалықты үлкен жүрек болмаса,

Майшамдай-ақ жарық төк те зәбір берме жанға аса.

Адамдарды ісіңмен де, сөзіңмен де жүдетпе,

Елді тыңда мейіріммен, салмақ салма жүрекке!

Дерті барды айықтыр да! Қайғылыны жұбат сен!

Жердегі өмір қатыгез ғой теңестірсе тозақпен!

Буырқанған жассың ғой сен, жыртқыштарды үйрет сен,

Ата-анаңды әрқашанда қуанышпен билет сен.

Анамыздың бізді аялап өсіргенін ұмытпа,

Әкеміздің тәрбиесін салма әсте құлыпқа.

Содан да сен өзің жасар бейқамдықтан алшақ бол

Қартайғанда жүрегіңе у боп тұнар жаңсақ жол.

Көп ұзамай өзіңді де жаулап алар кәрілік,

Бұл киелі заңдылықты ұстама сен әрі ғып.

Өмір кеш сен бар жан үшін өзіңді әсте ойлама,,

Сенің жаның жарқырайды алғыс алып қайда да.

Оқушыларға берілген топтық тапсырманы сыныпқа таныстырады.

Флипчарттар, баяу, әуен қойылады.

  1. Мұғалім сыйы

Абай мен Құнанбайдың әңгімесін бейнетаспадан көру

Оқушылар өз ойларын айтады

Бейне таспа

6.Үй тапсырмасы

(1 мин)

1. №21 – сабақ. Ұлы Абайдың төмендегі өлең жолдарын тақырып етіп алып, топта пікір алысу ұйымдастырыңыздар.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

2. Ол – туған халқының кемеңгері

Нұрмұханбет Дияров оқып келу

Оқушылар

үй тапсырмасын жазады.

оқулық

7. Топпен ән айту

(2-3мин)

Әке туралы жыр

Сөзі: Мұхтар Шахановтікі

Әні:Нұрғиса Тілендиевтікі

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтініні көрсетіледі.

Музыкалық сүйемелдеу

8. Сабақтың қортынды сәті (1мин)

«Балаларым»әнін тыңдай отырып,оқушыға ой салу

Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп,оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!