Материалдар / Мен таңдаған мамандық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мен таңдаған мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен қалай мұғалім болуды таңдадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
332
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандыққа жол»

Ағылшын тілі пәні мұғалімі – Лепесова СветланаСултанбековна

Еңбек өтілі – 7 жыл

М. Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ-і

«Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі»

Э. Ф. Зеер

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады»

Н. Ә. Назарбаев

«Мамандық» – сөзіне анықтама беру.

«Профессия» - латын сөзінен шыққан.

profession” – анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық - деген ұғымға қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бір бөлігі. Әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

Мамандық таңдау- адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдерінің бірі. Қуанышы мен қиыншылығы қатар жүретін, үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдаудың өзі үлкен бір дүние. Таңдаған мамандығыңның өзі- адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.

Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - бұл айтылғанның өзі жай сөз емес.

Елбасының жастарға қояр талабы: білікті, кәсіби маман иесі болып, өмірде өз орныңды тауып, орналаса білу.

Менің түсінуімше таңдаған мамандығың өзіңе, еліңе, қоғамға қажетті, қолыңнан келетін, жүрекпен, бар ынта көңіліңмен жасалуы қажет. Сондықтан да мамандық таңдағанда, көп ойланып, болашаққа деген сенімің нық болуы керек.

Кемеңгер, данышпан, дана А. Құнанбаев атамыздың

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сенде бір кірпіш дүниеге,

тетігін тап та, бар қалан» деген қасиетті сөзінің өзі, жастарды үлкен бір мақсатқа, арманға жетелеп, зор бір құлшыныс беріп, жарқын өмірге бағыт бағдар көрсетіп тұр.

Осы бір қанатты алтынмен жазылған сөздердің, өзі сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырмай қоймауы сөзсіз. Бала кезімде менде осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, армандап, өзіме ұнайтын, өзім жақсы көріп айналысатын іспен жұмыс жасау, таңдау жетегінде жүрдім. Ақыр соңында осы мені жетелеген, мазалаған ойдың дұрыс шешімін таптым.

Өз мамандығым өзіме мықты ұнайды. Өз таңдауыма еш өкінбеймін.

Мен таңдаған мамандық – ағылшын тілі пәні мұғалімі. Өзім бала кезімнен, мұғалімді аса құрметтеп, сабақты қызыға қарап отыратын едім. Үйге келе сала қуыршақтарды отырғызып, қай пәннен екенін білмеймін, әйтеуір сабақ өткізетінмін.



Ал, енді менің мамандығыма келер болсақ, қазіргі заман талабына сай, кез-келген уақытта, кез-келген жерде, ынтаң болса жас ерекшелігіне қарамай иегере беретін тіл – ол ағылшын тілі.

Бүгінгі таңда ағылшын тілі мамандығының тізгінін ұстау, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Мен де биіктерден көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты мұғалім болу үшін барлық күш–жігерімді салуға әзірмін.

Ең алдымен — өзім игерген мамандығымды жақсы көре отырып, оқушыларымның жүрегіне жол тауып, оларды өзім беретін пәнге сүйсіндіре білдім. Бұл мен үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.

Содан кейін – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, оқушыларымның білімге деген ынтасын оятып, ұстаздық - ол аса бір сабырлық пен шыдамдылықты қажет ететіндігін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иесі екенін шәкіртімнің жүрегіне ұялаттым.



Артымдағы жастарға – өмірде өз орнын таба білуді, мамандық таңдауда қателеспеуді, тура жолға түсіп, жақсы бір тұлға болып қалануын тілеймін.



Қарғадан қарға туар қарқылдаған,

Жаманнан жақсы туар жарқылдаған.

Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,

Пайдасы өз басынан артылмаған

Сүйінбай Аронұлы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!