Тренинг
тақырыбы: «Мамандық
таңдау».
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі
түрлері, классификациялық
белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы
білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген
ынта-ықыласын арттыру.
Міндеттері:
-
Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары
туралы түсінік беру;
- Кәсіптік бағдар беру;
- Кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау және
т.б..
Тренингке қатысушылар: 9 сынып оқушылары.
Тренинг ережелері:
1. Сыйластық; 2. Тыңдай білу; 3. Сөзді бөлмеу; 4. Белсенділік
таныту; 5. Шығармашылық; 6. Төзімділік; 7. Түсіністік
қарым-қатынас.
Көрнекілігі:
ақ парақтар, мамандық аттары жазылған карточкалар, доп, түрлі түсті
парақтар, ақ ватман.
Әдіс-тәсілдері:
түсіндірме жұмыстар, психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық
ойындар.
Сабақ барысы:
1. «Танысу» жаттығуы. Шарты:
кез келген оқушыға бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып
алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын
кәсіпті айтады. Мысалы: Мұғалім – механик, т.б. Ойын осылай жалғаса
береді.
2. Негізгі бөлім.
Кіріспе.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып
табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап
ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ
кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған
арманның орындалу, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер
үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін –
әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау
үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс
таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері
әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным
қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген адам сұрақ қоймайтын кем де
кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы
мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам
еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен
ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық
таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне,
қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін
өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Бұл мамандықтарға деген
бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын,
қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім
және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті
мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация,
әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек
сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында
мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативттік
қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз
мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық
иесін талап етеді.
Сонымен «Ми шабуылы» — ой
қозғауы бастайық: Жалпы сұрақ 3
минут
1.Мамандық дегеніміз не?
2.Мамандықты меңгеру үшін не
қажет?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті
түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен
қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
5.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені
басшылыққа алу керек?
6.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және
үйренуі керек?
7.Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай
дайындауы керек?
8.Қай
уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре
алады?
3. «Әріпті мамандық»
ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі.. Сонымен қатар өздері тапқан
мамандықтарының қыр-сырын айту керек.
4.«Ең,ең…»
ойыны 3 минут
Нұсқауы. Төменде берілген мінездемелерге сәйкес
келетін мамандықтардың атауларын жазып, айтулары
керек.
ең
жасыл мамандық…
ең
тәтті мамандық…
нағыз ақшалы мамандық…
ең
қауіпті мамандық …
5. «Мамандықты тап»
ойыны.
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған
мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге
тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу
керек.
6.«Мамандық қасиеттері»
тренингі 5
минут
Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке
қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді
тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші
психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар:
салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с.
Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.
ВИДЕО
көрсету «Эффект бабочки» 10
минут
7. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің:
(ситуациялық шешу) 4 минут
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен
келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата — ана
қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не
істер едіңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр.
Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге
ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
Бүгінгі мамандыққа арналған тренинг сабағымыздан
не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, жақсы
және кемшіліктері туралы ойландыратын жағдай болды ма? Жалпы өз
ойыңыз бен тілегінізді мына түрлі түсті қағазға жазып
берсеңіз.
Қорытынды:
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни
сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі,
табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік
белестерге жетеді” деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен
бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға
рахмет!!!