Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Мен таңдаған мамандық» 9-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі
Ашық тәрбие сағыты
Тақырыбы: «Мен таңдаған мамандық»
Өткізген: Байгелова Ш.С.
2021-2022 оқу жылы
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Мен таңдаған мамандық
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу
бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері
туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар
туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс
жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі
мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы
әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді
арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану
шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім
қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге
үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай
тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт
беру.
Әдіс -
тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест,
дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары
жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Сабақ барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың
мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» деп, «Мен таңдаған
мамандық» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге
тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге
қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы
білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?
«Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп
оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде
мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық
қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Әрқайсыңыз
мамандық таңдау мәселесіне тап болып отырсыз. Бүгінгі сабағымызда
осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ
таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік
бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау
кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды
үйренеміз. Электрик Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай
сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың
өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе
жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын
дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды,
қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де
өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз.
Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді,
таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік
бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі
шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай
жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.
Ойланайық, пікірлесейік
Мұғалім: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі
болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған
мамандығымызды айтайық.
1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін
өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу
бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз
инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық
жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс,
мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да
бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде
өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін
таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда
әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына
сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз
сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген
бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын,
қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім
және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті
мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация,
әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек
сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында
біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері
қажет.
Жаңа ақпарат
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да
бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің
зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын
ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде
өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу
керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды
қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең
маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас
ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау
міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне
икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес,
үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар
мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты
таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері
болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін -
өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа
машықтану керек
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық
таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне,
қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау
жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы
қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес
қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам
ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған
кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы
мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына
жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта,
экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа
мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары
кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген
сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін
арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі,
қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға
тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді
еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.
«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»-
деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу
оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай
емес.
Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті
дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан
іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар.
Тек еріншектікке жол бермеу керек.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш
дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев
айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс
таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек
білдіремін.
Әңгімелесу
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп
ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі
қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп
ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп
ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қараймын.
Өрнектерді оямын,
Терезесін қоямын. (Құрылысшы)
Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып.
Қуантады қашан да,
____________ мамандық (Дәрігерлік)
Денсаулығын баланың,
Бенсаулығын ананың.
Денсаулығын қарттың да,
Қамқорлыққа алады.
Өндіріске көптеген
Өрісі мол ток берген.
ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын
Мен арқылы өткерген. (Инженер)
Бойында шымыр алаулаған жалын,
Жақсылық жайы толғандырған жанын.
Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,
Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Милиционер)
Елім деп соғады жүрегім,
Ұлы Отанның түлегі.
Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы )
Қуантады халықты, Асыға оны күтеміз.
Жақсылық хабар әкеліп,
Алыс -жақын туыстан..(Пошташы)
Оқу- білім арнасы,
Кім ол- оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)
7. «Жағдаяттық
сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа
ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық
саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың
ба?
3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
«Әріпті мамандық»-
ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол
әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске
жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын
айту керек.
І - топ: «А», ІІ - топ: «К»
Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз
қажет.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар.
Оның негізгі түрлері:
* Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік
мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
* Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына
жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
* Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер,
академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта
білімнен кейін түсуге болады.
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп
ойлайсыңдар?
2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын
құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі
болу керек.
3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік
пен білімділкті талап етеді.
4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс.
Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу
қажет пе?
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не
істеу керек?
Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің
мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан
кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы
бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп
ойлайсыздар?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.
Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым
белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін
мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі,
адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам
табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету,
адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер,
журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі
ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу
керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар
мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері
мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном,
гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын
ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім,
талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер,
суретшілер, әнші, актерлер.
Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше
заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды.
Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі –
жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз
айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең
маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай
мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу
сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз
сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз
қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты
анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен
септігі тиді деп ойлаймын.
Осымен «Мен таңдаған мамандық» атты ұйымдастырылған тәрбие сағаты
аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Сау болыңыздар!