"Мен таңдаған мамандық" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен таңдаған мамандық" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Мен таңдаған мамандық!»

(Эссе)

Тәрбиеші болу үшін,

тәрбиеленген болуың керек. 
С.А.Макаренко


Мен тәрбиеші болуды бала кезімнен армандаған едім. Дегенмен, адамның айтқаны бола бермейді екен. Мен түрлі себептермен бұл қызметке кештеу келдім. Бірақ кеш те болса бұл арманыма қол жеткізіп отырмын. Арманым  орындалды, осынау қасиетті соқпаққа аяқ бастым.  Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түсіндім. Мен қазір мамандығыма сай жұмыс жасау үшін барымды салып жүрмін. Білмегенімді тәжірибелі тәрбиешілерден үйренудемін.

Тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа. Бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар ғана сезінеді.

Тәрбиеші…! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды да, мағыналы сөз деп білемін. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 4 ай уақыт болған екен. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо  «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы балабақша балаларына арналғандай.Бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, баланы жан-тәнімен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның ғана қолынан келетін жұмыс екенін өз іс тәжірибемнен көріп келемін.

Әр бала бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Балаларды ойлау , оларға қамқоршы болу, оларды сүю – бұл әр адамның басына берілмеген ең ғажап сезім. Маған Аллах осы сезімді сезінуді бұйыртқаны үшін бақыттымын. Егер де мен балаға ата-анасы сияқты махаббат сыйлай алсам, ең маңыздысы сол деп ойлаймын. Маған әр мезетте балалармен өткізген уақытым қымбат. «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев. Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз..

Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын. Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады. Ең жоғары марапат – бұл балалар махаббаты. «Білерім - бір тоғыз, білмейтінім - тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінің көп екенін ұға түсесің. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең - шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам - адами парызымның орындалғаны болар еді.


Алимкулова Айзада Акешеевна.

Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық округінің

МКҚК «Алтын сақа» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі