Материалдар / Мен зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Сабақ жоспары.3- сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Сабақ жоспары.3- сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2020
1666
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Мен зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі.

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Утеева С.М

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фотосинтез үдерісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: фотосинез үдерісінің қалай жүретінін түсінеді.

Көптеген оқушылар: фотосинез үдерісінің қалай жүретінін мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: фотосинез үдерісіне мысал келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • фотосинез үдерісінің қалай жүретінін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Фотосинтез, хлорофил.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ғалым нені бақылады деп ойлайсың?

Екі жылда өсімдік қалай өзгереді?

Өсімдіктің өсуіне не көмектесті?

Өсімдіктің өсуіне күн сәулесі қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өсімдіктер туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

викторина өткізуге арналған бірінші тапсырманың сұрақтар жазылған үлестірме парақшалары;жас көшеттер бейнеленген фотосуреттер;

әңгіме құрау үшін ватман қағазы немесе флипчарт;

өсімдіктердің жылдың әр мезгіліндегі фотосуреттері (қайың, шырша, терек, үйеңкі, тал, қарағай,пальма);балаларға арналған өсімдіктер энциклопедиясы.

Бастапқы білім

өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуі туралы алдыңғы сабақтан алған түсініктері бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Мен пікір білдіремін, сен пікір білдіресің» жаттығуы  
Мақсаты:өзінің  бір  нəрсеге  көңілі  толмау,  ренжу,  көңілі  қалу  сияқты  жағымсыз  сезімдерін толерантты түрде жеткізе білу;қарым-қатынасты еркін жүргізуді үйрету.

Көк маркерлер тобы:

Қызыл маркерлер тобы:

Жасыл маркерлер тобы:

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жедел жауап» әдісі

  • Фотосинез дегеніміз не?

  • Өсімдік оттекті қараңғыда бөліп шығара ала ма?

  • Адам, өсімдік пен жануарлар қандай газбен тыныс алады?

  • Өсімдіктерге көмірқышқыл газ не үшін қажет?

  • Өсімдікке қоректік заттар неге керек?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Мен пікір білдіремін, сен пікір білдіресің» жаттығуы





Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


«Жедел жауап» әдісі

сұрақтары.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Фотосинтез үдерісінің ашылуы жайында бірнеше пікір бар. Фотосинтезді алғаш рет Джозеф Пристли 1770-1780 жылдары зерттеді. Ол ыстық майшаммен саңылаусыз түтіктегі ауаның ластануын (ауа майшамның жануын үдетіп, түтікке салынған жануарлар тұншыққан) әрі оның өсімдіктер арқылы қалыпқа келетінін байқаған.Фотосинтез үдерісін бельгиялық ғалым Ян Ван Гельмонт ашты деген дерек те бар. Ол қарапайым тәжірибе жасаған. Талдың бұтағын 80 кг топырағы бар қалтаға салып қойған. Ғалым талдың бұтағының бастапқы салмағын тіркеп алып, одан кейін 5 жыл бойы өсімдікті тек қана жаңбыр суымен суарған. Қайта өлшеу барысында өсімдіктің салмағы 65 кг-ға артқан, ал топырақтың салмағы небәрі 50 грамм ғана азайған! Өсімдіктің салмағы қалайша 64 кг 950 грам- мға артқаны ғалым үшін жұмбақ боп қалды. Ғалымның пікірі қате шешім болды. Ол өсімдік салмағының артуы тек қана суды сіңіруінен деп есептеді. Арада екі жүз жыл өткеннен кейін өсімдіктің биологиялық салмағының артуы оның көмірқышқыл газды органи- калық қосылыстарға айналдыруына байланысты екен- дігі дәлелденді. Фотосинтез бен тыныс алудың арақатынасы өсімдік өнімділігін көрсетеді.














Ғалымның бақылауы туралы топтарға тапсырма:

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Көк маркерлер тобы:

Ғалым нені бақылады деп ойлайсың?

Екі жылда өсімдік қалай өзгереді?

Қызыл маркерлер тобы:

Өсімдіктің өсуіне не көмектесті?

Жасыл маркерлер тбы:

Өсімдіктің өсуіне күн сәулесі қалай әсер етеді?

Дескриптор:

  • Өсімдіктің екі жылда қандай өзгеріске ұшырағанын анықтайды.

  • Өсімдіктің өсуіне күн сәулесінің әсерін айтады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Зерттеу жұмысы:

Қай өсімдік жыл бойы оттек бөліп шығарады?


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.













Зерттеу жұмысына қажетті ресурстар.

Сергіту сәті

«Сәлеметсің бе!»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

- Табыс (сұқ саусақ);

- Үлкен (ортаңғы);

- Барлығында (атаусыз);

- Барлық жерде (шынашақ);

- Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

Көк маркерлер тобы: Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Қызыл маркерлер тобы: Бейнеленген үдерістердегі фотосинтездің маңызын айтып бер.

Жасыл маркерлер тобы: Көгөніс, жеміс, дәнді дақылдардың өнімінің артуына Күн қалай әсер ете алады?

Дескриптор:

  • Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

  • Бейнеленген үдерістердегі фотосинтездің маңызын айтып береді.

  • Көгөніс, жеміс, дәнді дақылдардың өнімінің артуына Күннің әсерін айтып береді.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Ойлан!

Қосымша тапсырмалар

Оқушыларға «Фотосинтез» сөзіне қатысты сөзжұмбақ құрастыруды тапсыру.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты жасайды.































Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

тапсырмалары.



















Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.Сабақтағы кері байлананысын постерге жабыстырады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!