Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімлерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Хурмет Гульдана

Пән/Сынып:

Биология, 9 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан.

Тарау немесе бөлім атауы:

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Сабақтың тақырыбы:

Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі

Оқу мақсаты:

9.2.4.1- генетиканың дамуы мен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау.


Сабақтың мақсаты:

Генетика ғылымының пайда болуы,Мендель заңдары мен гибридологиялық әдістің ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критериі:

  • Генетиканың ғылымның пайда болуын біледі;

  • Мендель заңдарын сипаттайды;

  • Гибридологиялық әдісті ерекшеліктерін талдайды;


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут






Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар.

.

Ой қозғау сұрақтары:

Хромосомалар жыныстық жолмен көбейетін ағза жасушаларына қарай түседі?

Тозаңдану дегеніміз не?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибридологиялық әдісі

Назарын сабаққа аудару

Оқушының қызығушылығын тарту

Қалыптастырушы бағалау

Слайд 1




8 мин





















































9 мин
















7










































5 мин

Жаңа сабақ
































































































































Сабақты қортындылау

Генетика –белгілердің тұқым қуалау заңдылығын және өзгергіштігін зерттейтін ғылым Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.  Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1965 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырады. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады

Мендель Заңдары – тұқым қуалау белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілу заңдылықтары. Ата-аналарынан ұрпақтарға жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалау факторларының берілуімен түсіндіретін бұл теорияны Г.И. Мендель тұжырымдады. Грегор Иоганн Мендель. — аустириялық биолог және ботаник, белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы, монах.



Мендель өзінің тәжірибесіне бұршақ өсімдігін зерттеу нысаны ретінде алған. Бұршақты таңдау себебі:

  • Белгілер саны аз

  • Өздігінен тозаңданады, сары түсті бұршақта жасыл түсті ген және керсінше болмайды

  • Барлығы екі баламалы белгісі.

  • Өсіруге қолайлы

Мендельдің бірінші заңы

Мендель тәжірибе үшін баламалы жеті белгілері бойынша ажыратылатын бұршақтың әр түрлі сорттарын таңдап алды; тұқымы сары немесе жасыл, тұқымы тегіс немесе бұдыр, тұқым қабығы сұр немесе ақ, бойы биік немесе аласа, т.б. Аналық өсімдік ретінде қандай сорттың пайдаланғанына қарамастан, будандасудан кейін алынған 1-ұрпақ (F1) будандарында баламалы жұп белгінің тек біреуі ғана көрініс береді. Мұндай белгіні Мендель доминантты белгі  деп атады. Ол жұп белгілердің ішінен: тұқымның сары түсі жасыл түске, тегістігі тұқым бұдырлығына, тұқым қабығының сұр түсі ақ түске, бойының биіктігі аласалығына қарағанда доминанттылық көрсететінін байқады. 1-будан ұрпақта көрінбеген белгілерді Мендель рецессивті белгілер деп атады. Тұқым қуалауға талдау жасағанда 1-будан ұрпағы бірдей пішінді, бір типтес болғандықтан бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы деп аталады. Бұл доминнанттылық ережесі  деп те атайды.

.



Мендельдің екінші заңы

 Бұршақтың сары және жасыл түсті тұқым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған 1-ұрпақтың түсі сары болады. Ал осы F1 будандарын өздігінен тозаңданудан алынған F2 ұрпағында сары және жасыл түсті тұқымдары бар өсімдіктер пайда болады. Яғни 1-будан ұрпақта көрінбеген белгілер (жасыл түс) 2-ұрпақта көрінеді. Доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың F2-де сандық арақатынасы 3:1 болады. Бір жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдің екінші заңы немесе белгілердің ажырау заңы деп аталады

Г.Мендельдің қолданған әдісі- гибридолгиялық әдіс.

Гибридолгиялық әдістің ерекшелігі:

  1. будандастыру үшін бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің дарақтары алынады;

  2. зерттелетін белгілер тұрақты, яғни бірнеше ұрпақ бойы қайталанып отырады;

  3. әр ұрпақтағы алынған будандарға жеке талдау жасалып, нақтылы сандық есептеулер жүргізілді.



Тапсырмалар:

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Доминантты және рецесивті белгілер деген не? Олар қалай белгіленеді?

2. Мендель өз тәжірибесінде не себептен зерттеу нысаны ретінде бұршақты алды?

3. Біркелкілік заңы мен ажырау заңын салыстырыңдар?

Генетика – белгілердің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін ғылым.Генетиканыың негізін салған Г.Мендель. Ол біркелкілік заңымен ажырау заңын ашты. Ол өз зерттеулерінде асбұршақтың сорттарын және гибридологиялық әдісті қолданды.

Жаңа тақырыпты меңгеру

















































Жаңа тақырыпты толық түсінуге арналған тапсырма






























Сабақты қалай, қаншалықты меңгергеніне қортынды жасау









Жаңа тақырыпты түсінгенін бақылау.
















































Тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу































Сабақ қаншалықты мақсатына жеткеніне көз жеткізу


Қалыптастырушы бағалау


















































Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс беру













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
1768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12