"Мені бұл бағдарлама шабыттандырады"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мені бұл бағдарлама шабыттандырады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған (спираль тәрізді оқыту) білім беру аясында жұмыс жасап жүрген ұстаздар үшін тиімді. Бұл материалда мені бұл бағдарлама несімен қызықтырады және сабақ беру жаңаша несімен қызық екені айтылған. Менің өз өмірімді қалай өзгерткендігі, мені, сабақ беру шеберлігімдегі шабытым жайлы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сейіткерова Әлия Жұмақызы

Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар ауылы





«Мені бұл бағдарлама шабыттандырады»

«Адам - өз өмірінің суретшісі.

Ол өмірді сырлап бояуға, оған

ажар, түр беруге, оны әшекейлеп

өрнектеуге еңбек етеді.»

Б.Бұлқышев


Ешқашан жеңіл жол іздемедім, қиындықпен күрестім, жеңе білдім. Мұның өзі қуатыма қуат, шабытыма шабыт қосты дер едім. Әрбір жаңа дүние шабытыма шабыт сыйлады.

Арман ақ ниетке, адал пейілге негізделіп, өзгелердің мүддесіне сәйкес болса, адамға қанат бітіреді емес пе?! Қанатпен, сол арманның жетегіне еріп, бүгін, міне сүйікті ісім бар.

Айналадағы тіршіліктің әдемілігіне, сұлулығына сүйсінбейтін содан жан дүниесі рахаттанып шабыттанбайтын, сірә, адам жоқ шығар.

Ал, сабақ ше? Мен үшін ол жәй ғана үдеріс емес. Алдымдағы балалармен бірге үйренуден жалықтырмайтын шығармашылық ерік беретін, қиындығы мен қызығы мол – ғажап әлем.

Сыныптағы мөлдіреген 40 көздің бүлкілдеп, соққан кішкене жүректеріне нәр беріп, оларды шабыттандырып тұрғандай боламын.

Әр ісін де үлгі тұтып, мақтап, мадақтап, әр сөзіңді адал қылатындай кішкентай шәкірттеріңмен көтеріңкі көңіл – күймен жүздесудің өзі – шабытымның бастамасы. Шығармашылық тұрғыда «Бәрі де ұрпақ үшін деп» ыждағатпен жасалған әр ісің қалайша шабыттандырмайды?» Әр баланың бойындағы табиғат берген орасан зор мүмкіндігін аша алсам, мұның өзі шабытыма шабыт қосқаны емес пе?!

Сабағымның әр сәті қызықты, пайдалы болып іздемпаз, озық ойлы, өзін – өзі дара тұлға сезінетін, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеп өсірсем, сол менің асқақ арманымның орындалғаны, алға қарай ұмтылдырғаны емес пе? Жалын отын шашқан мөлдір қара көздері сабақтан рахат, ләззат сыйлаудан өзім де шабыттанамын, сол ғажап әлемнің тұңғиығында бірге жүргендей боламын.

Ал, бүгінгі күнгі білім саласындағы реформа не береді? Заманауи мұғалімдерді шабыттандыра ала ма?

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән – мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиеге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отыратын бағдарлама екендігіне көзім жетті. Жаңа заман мұғалімінен күнделікті оқушылармен қарым – қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан – жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысу керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазіргі таңда өз пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдіріген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену – зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну, ұғыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты, маңызды мәселе. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырап сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірбие жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым – қатынасқа түсу, жеке жұппен, топта жұмыс жасай білу.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс жасауда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой – өрісі кең, саналы, еркін азамат пен азаматша етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындайды. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үдерістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңіл қуантады.

Өз сөзімді қорыта айтсам, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйретеріміз де көп Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, жақсы істі жалғастырып отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі болғандықтан.

Қанаттанып, биіктерге самғаймын,

Шабыттанып, үйренумен үйретуден талмаймын.

Озық ойлы шәкірттерді тәрбиелеп

Осы үрдістің жаңалығынан қалмаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

(1.1) Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения 2012 жыл

(1.2) Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 жыл

(1.3) «Тәжірбиедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы 2016 жыл

(1.4) Қазақстан Республикасының білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы 2016 жыл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі