Материалдар / Менің алғашқы қадамым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің алғашқы қадамым

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
888
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Глазунов орта мектебі» ММ







Эссе тақырыбы:

«Менің алғашқы қадамым»





















Дайындаған: Жұманазарова Ақбота Болатқызы

Зерек колледжі Қостанай қаласы. 2014 жыл

Жұмыс өтілі: 3 жыл

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Почта: bota_1994_zh@mail.ru

87055766804












Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Адам үшін мамандық таңдау – өмірдегі ең үлкен қадам болып табылады. Бала кезден арманым мұғалім болу еді. Бала кезімде өзімнің бастауыш сынып мұғаліміме қызыға тамсана қарайтынмын. Сол кезден бастап арманыма жетемін деп бел будым. 9 жылдық білімімді алып, Қостанай қаласындағы педагогикалық Зерек колледжіне оқуға түстім. 4 жылдық оқуым көзді ашып жұмғанша тез өттіп кетті.
Алғашқы еңбек жолымды 9 жылдық білімімді алған Покров орта мектебімнен бастадым. А. Байтұрсынов: «Бала-балғын тал, ұстаз-бағбан» деп айтпақшы, мен осы қиын жолды өз еркіммен таңдадым. Келген уақытта толқу, қорқыныш сезімі, бір жағынан қуану сезімі де бойымда болды. Мен мектепке кіргенде маған бәрі қызық болатын. Ең алғашқы сыныбым мектеп алды даярлық тобында сабақ беруді бастадым. Осы мектепте, осы бүлдіршіндермен 2 жыл бірге болдым. Сыныбымда 10 оқушы болды. Алғашқы жылым оңай болды деп айтпаймын. Соған қарамастан алғаш рет ашық сабақ бердім, алғаш рет сыныптан тыс-іс шара өткіздім, алғаш рет ата-аналармен жұмыс жүргіздім. Сол кезде білім ордасында жұмыс істеуге, балаға деген жылуым мен бар білімімді үйретемін деген құштарлықпен алға ұмтылдым. Мен арманыма бір қадам болса да жақындадым деп ойлаймын. Менің ендігі ойым, ендігі асуым - ол қанаты қатайған маман болу және де менен үлгі алардай ұстаз болу. Менің шәкірттерім егеменді Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық арманым болмас еді.

2017 жылы өз еңбек жолымды Глазунов орта мектебінде жалғастырдым. Ұжымым құшақ жая, жылы жүздерімен қабылдады. Мектеп ұжымы ұйымшыл. Мұнда әр дайым бір-біріне көмектерін аямайтын кісілер жұмыс істейді екен.
Мұғалім үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көреді. Константин Дмитрович Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқаннан кейін оның мұғалімдігі де жойылады»-деген. 
Ұстаздың әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы. Ұстаздық жолымның бастапқы сатысында ашық сабақтар өткізіп, өткізген ашық сабақтарым туралы жақсы пікірлер, ұсыныстар айтылды.


Әрбір адам-туысың, досың, жұрағат, 
Әрбір сабақ- ұғыну, үйрену, ұлағат. 
Әрбір сөзің-шындық, бірлік, адалдық, 
Әрбір ісің-тірлік, тілек, адамдық, - деп Ы. Алтынсарин айтпақшы, өмірден алған әр сабақ – ұлағат боп, әр сөзіміз шындық пен адалдыққа, әр ісіміз тірлік пен адамдыққа бастап отырса, еңбегіміздің жемісін әрқашанда көре береміз деген ниеттемін! 






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!