Әдебиеттік
оқу
|
Уақыты:17.01.2018ж.
|
Кабинет:
|
Мұғалім: Шарипхан
Б.
|
Сабақтың
атауы
|
Б.Соқпақбаев Менің атым
Қожа
|
Мақсаты
|
Білімділік:
*Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі
ойды, идеяны ұғындыру;
*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;
*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге
үйрету.
Дамытушылық:
*Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік
бере отырып, өзінше ой түюге баулу;
*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын
дамыту;
*Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
*Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке,
әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден
аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің
атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен
үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен
диаграммасы.
|
Күтілетін
нәтиже
|
Психологиялық
ахуал
|
Шаттық
шеңбері
|
Үй тапсырмасын
тексеру
|
«Шығыс
базары»
Оқушылар бір бірінің атын сату
үшін сұрақ қояды.
|
Жаңа
сабақ
|
|
Қызығушылықты
ояту
|
-
Бердібек
Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал
тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан
кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап
жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық
жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай
шығармалары бар? - «Менің атым Қожа» («Өзім
туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып
келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион»,
«Алыстағы ауылда» т.б.
3. «Менің атым Қожа»
фильмі туралы не
білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев,
Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын
салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген,
үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан
екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді
талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы,
Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен,
Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл
бала. Жаңа сабақты
меңгерту Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде
сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя
беріңіз,-деп Қожа кімге айтты? (Сәбира Майқанова)
3. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны
емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек
қарт)
4. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей
қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін
кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың
тиер.” (Сұлтан) Оқиғалар
тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оқулық емес, қант аламын
2.Жанар мен Қожаның
дойбы ойнауы
3. қожаның
қиялындағы ғарышқа ұшуы.
4.Майқанова апайдың
сөмкесінен бақа шығуы
5. Жабық кеңес
өткізу.
Үнсіз
бейнелер: «Қай сәт
бейнеленген»
-
«Менің арманым»
шығармасын жазуға ойланып
отыр.
-
Сұлтан екеуі
Жұмағұлдың баласын алдап қымыз ішіп ет жеп кеткен кезі. Дәулет
деген баланы алдайды. «Ет жейсіңдер ме?» деп сұрап
тұр.
-
Бір өтінішім бар.
Мені шөп жинауға жіберіңіздерші. Қырықтыққа жантас та барады. Мен
әбден дұрысталғанша Жантаспен бірге болғым келмейді, - деп сұранып
тұрған сәті.
-
Тартпайсың ба? Шылым
шеге білмесең, қалай жігіт
боласың?
-
Мен айнып қалдым, қырықтыққа
барайыншы. Жуынып, киініп кел.ойланып келдім, қырықтыққа барғым
келеді.
|
Мағынаны
тану
|
Сергіту
сәті
|
«Көңілді күн» сергіту
сәті
|
Ой
сергітеді,шашағандары
басылады
|
Ой
толғаныс
|
«Дубляж»
жасау. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
“Теріп алу” стратегиясы
(Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу,
зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза,
тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті,
ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза,
жағымпаз
Тақтамен
жұмыс:
Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар
|
Үйге
тапсырма
|
Мен Қожа болсам, Қожаның қай
қасиетін алар едім...
|
Күнделіктеріне жазып
алады
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын
толтырады.
|
Кері
байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған
нұсқаға жабыстырады
|