Материалдар / "Менің болашағым" тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Менің болашағым" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жалпы орта білім мекемелерінің сынып жетекшілеріне көмекші құрал ретінде арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
3950
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 18.05.2020ж

Сынып: 8

Тақырыбы: «Менің болашағым»

Мақсаты:  -балардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру;

-бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту;


Көрнекілігі:  микрафон, түрлі қарындаш, альбом.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі  


1.Психологиялық жаттығу.

Әркім өзіне ұнайтын қандай да бір мамандықты сөзсіз қимылмен көрсетеді. Ал басқалар оны табады.

ІІ. Негізгі бөлім.        

1.«Менің болашағым».

Бүгінгі біздің мектепке телерадионың журналистері келіп отыр. Олар сендермен «Менің болашағым» тақырыбында бағдарлама жасамақ. Бұл бағдарламада осы сынып оқушыыларының келешек өміріне қандай жоспарлары бар, сол бойынша сұрақтар қоя отырып бағдарламаны жүргізеді.

  1. Келешекте кім боласың?

  2. Қандай және қайда жұмыс істейсің?

  3. Бос уақытынды қалай өткізесің?

Әр оқушы микрафонды алып, сұраққа жауап береді. Мүмкіндігінше барлық балар қатысуы керек.

  1. «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.

—         Егер де мен

—         Егер де мен

—         Егер де мен



Тәрбиеші: Жақсы енді оқушылар кім айтады болашаққа деген көзқарасымыз қандай?

1-оқушы: Әрине, болашаққа әр адам әртүрлі көзқараспен қарайтыны анық. Тіпті «Болашақ қандай болады?» - деп өз-өзімізге сұрақ қоямыз. Болашаққа біреуі зерделі көзбен қараса, біреуі беймәлім, сыры мол әлемге жас көзбен қарайды. Біреулері «Болашақта адам жұмыс істемейді, оның орнына робот жұмыс істейді» деп болжам жасаса, енді біреулері «Болашақта андай болады, мынандай болады» деп жорамал жасауда. Әрине, мұның бәрі уақыт еншісінде. Дей тұрғанмен, менің көзіммен қарағанда өсіп келе жатқан ұрпақ үшін  болашақ жарқын болуы тиіс.

 2-оқушы:  Елбасымыз «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында халықтың алдағы өркендеуіне, қадамын нық басып,  болашаққа сеніммен қарауына негіз болатын нәрсе  атам заманнан ескірмей, ұмытылмай келе жатқан қазақтың салт-дәстүрлері екенін атап көрсетеді.

3-оқушы: Кей адамдар болашаққа салт—дәстүрдің қатысы қанша деп ойлауы мүмкін. Егер олай ойласаңыз, әбден қателескеніңіз. Неге десеңіз, егер жас өскелең ұрпақ өзінің   салт-дәстүрін білмесе, онда  Қазақ ұлты жойылады, ұлт жоқ жерде болашақ жоқ болады.

4-оқушы: Өткенге көз жүгіртіп, тарихымызды да, әдеби шығармаларымызды да оқысақ, басынан кешкен небір қилы кезеңдердің өзінде ата-бабамыз өзінің ұлттық құндылығын сақтап қалған. «Әке көрген -  оқ жонар, шеше көрген -  тон пішер» дегендей ата тәлімін бойына сіңіріп өскен халқым өз жолынан адаспаған.

5-оқушы: Ата-бабам жүрген тура жол бізді болашақта да адастырмасы анық. Қазыналы ақсақалдың үлгіге толы әңгімесін тыңдап өсетін біздің бойымызда, санамызда бауырмалдылық, мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық қалыптасады.

Қорытындылау:

Тәрбиеші:

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші, салт-дәстүрін қастерлеген халықтың рухани жаңғыратыны сөзсіз. Ал рухани жаңғыруымыз болашаққа дұрыс бағдар жасағанымызды көрсететіні айдан анық. Міне, болашаққа деген көзқарасым осындай. 




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!