Материалдар / «Менің денсаулығым- менің болашағым-менің экологиям»

«Менің денсаулығым- менің болашағым-менің экологиям»

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын ұстанатын, мықты денсаулықты, болашағы жарқын ұрпақ болу үшін денсаулықты сақтаудың қырларын білуге үйрену. Бүгінгі таңда короновирус індетінің алдын алу шараларымен танысу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі

Зеренді ауылының М.Ғабдуллин атындағыт мектеп-гимназиясы» КММ










Тәрбие сағаты:

«Менің денсаулығым- менің болашағым-менің экологиям»



6 «Ә» сынып







Сынып жетекші: К.Б.Тилеубаева























2020-2021 оқу жылы



Тақырыбы: «Менің денсаулығым- менің болашағым-менің экологиям».


Мақсаты: 

Салауатты өмір салтын ұстанатын, мықты денсаулықты, болашағы жарқын ұрпақ болу үшін денсаулықты сақтаудың қырларын білуге үйрену.

Бүгінгі таңда короновирус індетінің алдын алу шараларымен танысу.


Әдісі: сұрақ- жауап, ойын, талдау –жинақтау.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, өзін-өзі тану, дене шынықтыру.

Көрнекілігі: Презентация, суреттер, шарлар, тарелкалар, қима қағаздары, бейнекөрініс.


Барысы: Психологиялық көңіл-күй орнату.

 Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл- күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық. (Жағымды баяу музыканың ырғағымен)

1- кезең. Денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.

2- кезең. Көзді жұмып, тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз.

3- кезең. Денемізді бос ұстап, өз- өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық

жақсы сәттерді еске аламыз.

4 -кезең. Өзімізді әлі күлтелері ашылмаған гүл деп сезінейік.

Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.

Балалар, ыңғайлы отырып, бір- бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік .

Енді, бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай көтеріңкі көңіл-күймен өткізейік.


Балалар, қазір менің мына сұрағыма жауап беріңдерші:

«Бірінші байлық» деп біз нені айтамыз?

 (оқушылар өз ойларын айтып, тақырыпты ашуға көмектеседі)

Дұрыс айтасыздар оқушылар - Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.

Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайту әр адамның өзіне байланысты. Денсаулық- салауатты өмір салты туралы ғылым.

Денсаулықты нығайту жолдары қандай? (Оқушылардың жауабы)

Денсаулық - Демалыс, Салауатты өмір салты, Жақсы көңіл-күй,

Күн тәртібін сақтау, Дұрыс тамақтану, Спортпен шұғылдану, Зиянды әдеттерден аулақ болу, Жеке бас гигиенасы.


Балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Балалар бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы қандайдеп ойлайсыздар.


Тамаша, рахмет балалар. Денсаулық туралы ендеше біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Менің денсаулығым – менің болашағым - менің экологиям».

Мақсаты:  Салауатты өмір салтын ұстанатын, мықты денсаулықты, болашағы жарқын ұрпақ болу үшін денсаулықты сақтаудың қырларын білуге үйрену.

Бүгінгі таңда короновирус індетінің алдын алу шараларымен танысу.


Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына Жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» деп, тегін айтпаған.

Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттігін атап айтқан.


Сол бағдарламаға орай, бүгінгі өткізіліп отырған «Менің денсаулығым- менің болашағым-менің экологиям» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.


«Денсаулық-зор байлық» Бейне көрсетілім:

Оқушылыр «Денсаулық – зор байлық» деп неге айтады? (оқушылардың жауабы)

Ия оқушылар дұрыс айтасыздар Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы.

«Денсаулық -зор байлық» деген сөздердің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. 


«Дұрыс тамақтану» бейне көрсетілім:

Оқушыларға сұрақ: Біз не үшін тамақтанамыз? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады.)

Әрине балалар уақытылы, дұрыс, тиімді, жеңіл және таза өнімдермен тамақтанудың маңызы өте зор. Сол себептен де дұрыс тамақтану адам организмі үшін, әсіресе сіздер жасөспірімдер үшін маңызды. (Бейнекөрсетіліммен қорытындылау және ой түйіндеу)

Тренинг «Бұл менің таңдауым»

Қажетті заттар: Тарелкалар, қима қағазардар (тағамдар суреттері), қоқыс салатын қалташа.

-Оқушылар алдарына берген тарелкаға ағза үшін пайдалы тағам түрлерін салады, ағзаға зиянды, пайдасыз тағам түрлерін ысырып қояды. Оқушылар өз таңдауларын жасайды. Тарелкаларына қандай пайдалы тағам түрлерін жинағандарын айтады. Барлық сынып оқушылары тағамдар дұрыс таңдалған ба өз ойларын ортаға салады. Ағза үшін зиянды тағам түрлерін алып тастауда қандай тағам түрлерін бөлді және олар неге пайдасыз екенін сынып оқушыларымен бөлісіп талқылайды.

Ал, енді оқушылар алдарыңызда қоқыс тастайтын қалташа тұр. Сол қалташаға не саламыз? (оқушылардың ойын тыңдау).

Олай болса балалар организм үшін пайдасз зиянды деп тапқан тағамдар түрлерін қақыс қалташасына саламыз, қалташаның аузын буып ортаға қарай лақтырады.

«Біз өз таңдауымызды жасадық» деп оқушылар хормен айтады.


«Денешынықтырудың адам ағзасы үшін маңызы»

Оқушыларға сұрақ таңертеңгі жаттығулар не үшін қажет? (оқушылар ойларын білдіреді)

«Таңертенгі жаттығулар не үшін қажет?» (Оқушылар өз ойларын білдіреді.)

Біз денемізді жаттықтыру аса маңызды екенін білеміз және оны үнемі жасап жүретінімізді қуантарлық жағдай.

Олай болса оқушылар бейне көрсетілімге назар аударайық. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бақшагүл Зейнуллақызының кеңесін тыңдау.

Сергіту сәті. Оқушыларға 4-5 элементтен тұратын жаттығу түрін көрсету және жасату.



«Тұмаудан сақтан!!!»

«Тұмау» деген не?

Ол қандай ауру?

Адамға қалай жұғады? т.б. (оқушылардың жауаптары)

Дұрыс айтасыздар оқушылар барлығымызға таныс болған бұл аурудың түрін толықтай біледі екенбіз. (бейне көрсетілім)

Осы біздің білетінімізді әрі қарай толықтырып тұмау туралы білімімізді нығайта түсуге мектебіміздің медбикесі Жанат апайды ортаға шақырып сіздерге өз кеңесін беруге шақырамын. (медбикенің кеңесі)

 Денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі –дұрыс тамақтану. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану- денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс- әрекетке де күніне көп күш- қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.

Ал қазір бейнебаянға назар аударайық. (бейне көрсетілім)

«Короновирус қауіпті ауру»   

 короновирус деген не? (оқушылардың жауаптары)

Коронавирустар – жануарлар мен адамдар арасында таралған  Бұл – жұқпалы ауру. Қазіргі таңда арнайы емі жоқ. Ауру тіркелген елдерде симптоматикалық емдеу жүргізуде. Әзірге вакцина жоқ.

Коронавирустың өршуі қалай басталды?

Қытай ғалымдарының мәліметінше, коронавирус адамдарға Оңтүстік Қытайдағы көтерме сауда базарларынан жұқты. Содан бері вирус Қытайдың басқа бөліктерінде, Азия мен АҚШ-тың кейбір  елдеріндегі адамдардан табылды. Мамандар әуелі бұл аурудың жануардан адамға берілетіні ғана мәлімдесе, қазір оның адамнан адамға жұғатынын мойындауға мәжбүр.

Короновирус басталғанда адамның қай жері ауырады?    

Оның белгілері жәй тұмаудан айрымашылығы жоқ. Айқын белгілері болмаған соң да оны анықтау қиынға соғуда. Дене қызуы көтеріліп, мұрыннан және көзден су аға бастайды. Жөтел пайда болады. Кейбіреуінде іш өтіп, құсып жатады. 

Короновирус қалай жұғады?

Короновирус жөтелгенде, түшкіргенде, осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғады. Адамнан адамға жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен беріледі.

Мектепте сақтық шараларын сақтау жолдары қандай?

Ара қашықтықты сақтау т.б. сақтық шараларын ұстау туралы мәліметтерге тоқтала өту, масканы дұрыс тағу керектігін көрсету және қолды жуу ережесін айта отырып іс-әрекетпен көрсетіп оқушыларға жасату.

Өкпенің толық қанды тыныс алып шынықтыру жолын көрсету мақсатында оқушыларға алдын ала таратылған шарларды үрлетіп шардағы ауаны шығартып бірнеше рет қайталату. Яғни бұл шарды жәй үрлеп қана қоймай оның өкпені шынықтыруға септігінің бар екендігін түсіндіре кету.

Жоғарыда берілген мәліметтерді тиянақтап қорытында жасау бейне көрсетілім көрсету.


Қорытындылау:

Денсаулық туралы нақыл сөздер: (нақыл сөздерді толықтыру)

1. Денсаулық - …………....... қымбат.

2. Дені сау адам - табиғаттың ең ………… жемісі

3. Әуелгі байлық — ……………… ,
Екінші байлық — ……………… ,
Үшінші байлық — …………….. .

4. Денсаулықтын ………….. ауырған түсінеді.

5. …………… – денсаулықтың кепілі.

6. Ауырып, ……… іздегенше, 

Ауырмайтын ……… ізде.



Мінеки, оқушылар, бақыт, байлық барлығы да айналып келгенде сенің денсаулығыңа байланысты болып келеді екен. Ендеше, барлығымыз өзімнің, елімнің, жерімнің болашағы дейтін болсақ, осы бастан ойланып, арақ деген айдаһардан аулық болып, тәніңді будан, өкпеңді улайтын никотин деген бәледен сақ болайық!

Менің денсаулығым – менің болашағым деп тек қана ауызбен ғана айтып қоймай, бірден іске көшіп, болашақ халықтың бағы үшін барлығымыз атсалысайық.


Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол, білімі асқан, өнері асқан,

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың – өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ел, жер аман болса, сіздер де, мен де аман, оқушылар!


Осымен, тәрбие сағатымыз аяқталды, денсаулықтарын мықты болсын. Сау болыңдар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ