Тақырыбы: Менің денсаулығым, менің
байлығым
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін
түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы,
талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл
сөздер, суреттер
Барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Тақпақтар (оқушылар денсаулыққа байланысты тақпақтар
айтады) Психологиялық
ахуал
Денсаулықты күтемін десеңдер- қолдарыңды жоғары
көтеріңдер
Тазалықты сақтаймын десеңдер-
бес саусақтарыңды алға созыңдар
Күн тәртібін орындаймын
десеңдер- орындарыңнан секіріңдер
Салауатты өмір салтын
сақтаймын десеңдер—үш рет қол
соғыңдар
« Денсаулық зор
байлық»
Сұрақ-жауап
Мақал
мәтелдер ( денсаулыққа
байланысты)
Жүректен
жүрекке ( Оқушылар бір біріне тілектер
айтады)
Қорытынды
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Денсаулық – баға жетпейтін
жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш –
жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау
керек.
Денсаулық – адам өміріндегі ең
жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына
көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі
денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға
немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің
денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау,
адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын
қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс
тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен
санитария шараларын сақтауымыз
қажет.
Балалар, сендер қараңғы үйге
кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің
ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді
жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі
басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Балалар: Денсаулық.
Денсаулықты сақтау үшін қандай
ережелерді орындау
керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау.
Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау,
белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
Денсаулық ол – күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Салауатты өмір сүру
дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты
тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы
тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ
болу.
Біз не үшін
тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны
қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс
тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін
тамақтанамыз.
Денсаулық туралы нақыл
сөздер
Жолдасың көп болса, жалғызбын
деме.
-
Демі
бардың – емі бар.
-
Ауруын
жасырған өледі.
Қимыл-қозғалыста
болу
Адам үнемі қозғалыста болып,
спортпен тұрақты түрде шұғылданса, қан айналым қызметі жақсара
түседі. Мұндайда адамның иммунитеті жоғарылап, кез келген ауруға
төтеп беретін қасиетке ие болады. Көп қозғала бермейтін адамдардың
вирустық ауруға шалдығу қаупі жоғары болатыны
осыдан.
Бөлмені тазартып
отыру
Үй ішінде вирустық инфекциялар
таралса да, таралмаса да, бөлмедегі ауаны күніне бір рет алмастырып
отырған жөн. Бұл қарапайым терезені ашу арқылы жүзеге
асады.
Қорытынды:
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ
қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?»
депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты
ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап
беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал
денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты
болашақ» деп бүгінгі сынып сағатымызды
аяқтаймыз.
Сынып
сағаты
Тақырыбы
Менің
денсаулығым,
менің
байлығым
Орындаған бастауыш сынып
мұғалімі:
Жанибекова У.
А.
Жолдасың көп болса, жалғызбын
деме.
-
Демі
бардың – емі бар.
-
Ауруын
жасырған өледі.