Сабаққа негізделген
оқу мақсаты
|
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан
және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс
дыбыстау
1.3. 8.1 жазу жолын,
жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,
әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай
жазу
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сан әріпті үйретер,
Сауатты да жаздырар
Сауат ашу сабағы
Сағатымен басталар, -деп сауат ашу сабағына назар
аударту.
Мына суреттерді топтастыру арқылы сөйлем жасап
көрелік
Отбасы және достар деп топтастырдық. Біздің ендігі ортақ
тақырыбымыз : Менің отбасым мен
достарым
Отбасы- семья----- family
дос- друг--------- friend
Ендігі тапсырма «Кім тапқыр?»: ойын әдісі арқылы суреттегі заттардың
бірінші айтылып тұрған дыбысын түртіп алу :
Д
|
жаттамақ
слайд
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны
тану
|
Д – дыбысына байланысты артикулциялық жаттығу
жасау
Д- ұяң дауыссыз дыбыс . Д дыбысы сөздің басында , ортасында
кездеседі. Дом-бы-ра, доп, дә-рі-гер (оқушылардан
сұрау)
№1 Тыңдалым.Суреттерді көрсету . Жұмабай
Қайранбай
Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж. т.) — педагог,
баспагер, жазушы.
Тыңдалым: Аудиожазба
Достары көп
Мараттың,
Ойнайды олар
аулада.
Ағасымен
Болаттың
Барады олар
тауға да.
-Бұл өлең бе,
әлде әңгіме ме? Сұрақ-жауап алу арқылы
өлеңнің мазмұнын талдап өту. Достық туралы адамгершілік қасиеттерді
сақтау керектігін әңгімелеп өту.
№2 Оқылым.
Дала аула Дана Дулат
Далада аулада
Данада Дулатта
«Болжау» әдісі. Жеке
жұмыс
Сызбаға сәйкестіндіріп сөз
тап.
Сергіту сәті:
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрайық
Жүгiрейiк бiр уақыт
Шынығып та алайық
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Тiк көтерiп, денені
Секіріп бір алайық
Тым сылбыр да болмайық
Шапшаң жүріс жасайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Жазылым:
Д әрпінің жазылуы Д әрпіне байланысты
сөздер
Дала, аулада,
Дана
Белсенді
оқу әдісі.
Бағалау: Білім
алушы:
Әр тамшыда сөздер жасырылған: да, ша, ла, са, на, шор, на,
тан
Дескриптор: Буындарды дұрыс оқи
біледі;
Қалыптастырушы бағалау
тапсырмасы
Бөлімше1.1
«Тыңдалған материалдың мазмұнын
түсіну»
|
Оқу мақсаты
|
1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік
бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған
мәтіннің мазмұнын түсіну
|
Бағалау
критерийі
|
Білім
алушы
Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік
бірліктерді (сөз, сөйлем) анықтайды
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу және
түсіну
Қолдану
|
Тапсырма Мәтінді мұқият
тыңда.
Менің
Қаламқас дейтін қарындасым бар. Ол төрт жаста. Мен оны өте жақсы
көремін. Қаламқасты ойнатамын. Түрлі ойыншықтар жасап беремін. Оған
сурет салуды үйретіп жүрмін. Қаламқас тақпақ айтуды ұнатады. Ол
мені жақсы көреді.
М
әтінде қанша сөйлем бар?
Мәтінге сүйеніп, берілген сызба бойынша
сөйлем құрастырып айт.
|
Дескриптор
|
Білім
алушы
- мәтіндегі
сөйлемдердің санын анықтайды;
- мәтіннің негізінде сызба бойынша сөйлем
құрастырады;
|
|
слайд
Суреттер
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәтіне арналған
жинақ
Дәптермен жұмыс
АКТ,суреттер
|