Материалдар / "Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмысты бастаған жас мамандарға көмегі тиер деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
612
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Арыс қаласы

С.Адамбеков атындағы

жалпы орта мектебінің

Тарих пәнінің мұғалімі

Қаныбек Ақайша Әбдімәлікқызы


«Менің еңбек жолым және жаңашылдық методикалық тәсілім»


«Ұстаз- ұлы есім»,- деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, осы ұстаздық жолды таңдағаныма аллаға мың тәуба деймін. Ұстаздық мамандық – мамандықтың ең асылы, ең қасиеттісі. Менің ұстаздық өмір жолым 2004 жылдан басталып еді.Оқу мен тәрбие егіз демекші алғашқы іс-тәжірибемді төменгі сынып оқушыларына білім сусынын дарытудан бастадым,балалармен қалай қарым-қатынас жасауды уйрендім. Әрине, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін ұстаздық жолда түрлі қиындықтан өтіп, өзімді шыңдадым десемде болады. Ол өткен әрбір қиындығым болашақтағы «Ұстаз» атануыма себепші болды деп айта аламын.16 жылдан астам тарих пәнінің мұғалімі бойынша жұмыс жасай бастадым. Алғашқыда бір қорқыныш бойымды билеп, үйрене алмай жүрдім. Көре-көре көсем, сөйлей –сөйлей шешен боларсың- демекші, әрбір мықты ұстаздардың сабақтарына қатысып, білмегенімді ұялмай, сұрай жүріп, біраз дүниелерді үйрендім. Қазіргі таңдағы еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу, жан — жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырған да ғана мұғалім, ал оқуды ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» -деп Д.Ушинский айтқандай әрбір білімді шыңдау курстарынан қалмай оқуға тырысамын. Әрбір, курс барысында көптеген дүниелерді еншілеп қайтамын.

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.-деп Әл-Фараби бабам айтқандай әрбір көрген –білген, үйренгем дүниемді өз іс-тәжірибемде барынша қолдануға тырысамын және қолданыпта жүрмін . Қалалық «пән олимпиядасына» қатысып, ІІ-орынға иелендім.

Қайратсыз ашу-тұл, Тұрлаусыз ғашық-тұл.

Шәкіртсіз ғалым-тұл- демекші әрбір шәкіртім биіктен көрінсе, төбем көкке жеткендей болады. 2019-2020 оқу жылында Облыс көлемінде 9-сынып оқушым Бөржар Асылай пән олимпиядасынан ІІ-дәрежелі дипломды еншіледі. 2019-2020 оқу жылында аудан көлемінде пән олимпиядасына қатысып 11- сынып оқушым Рахматулла Айда ІІІ-дәрежелі дипломды еншіледі.2020 жылы Қазақстан пәні бойынша “Ауызша тарих” бағдарламасы 8-сыныптарға арналған авторлық бағдарламам жарық көрді. “Педагог хабаршысы” Республикалық педагогикалық ғылыми-практикалық материалдар топтамасының №63 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін дипломмен марапатталдым.Халықаралық ғылым және білімді қолдау орталығы “Эрудит” интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен Республикалық “Жыл үздігі - 2020” атты шығармашылық байқауына қатысып ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталдым. І Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиядасының І-дәрежелі дипломмен марапатталдым.

«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде , күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген Серке Қожамқұловтың сөзінен ұстаз қауымына деген үлкен құрметтеушілікті байқаймыз. Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған ұстаз ғана өз еңбегінің жемісін көре алары сөзсіз дей келе , қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова апамыздың мына өлең жолдарымен өз ойымды аяқтағым келіп отыр:


«Ұстазсыз жанда сөнбек күн

Шәкіртсіз өмір – сусыз жер

Көрінбес ғажап еңбектің

Бейнетін көріп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын , жігер күт

Ұстазым, сенің әр күнің

Әр сәтің тұрған , бір ерлік»




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Күні: 13.09.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Қаныбек Ақайша Абдімәлікқызы

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен II Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды.

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаты

7.2.3.1. Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау.

Сабақтың мақсаты

1.Барлық оқушылар: Либералды идеялардың негізгі қағидасын анықтау.

2.Оқушылардың басым бөлігі: Либералды қозғалыс пен халықтық қозғалыстардың көзқарастарын салыстыру.

3.Кейбір оқушылар:Либералды идеялардың негізгі қағидасын жіктеу және саралау.

Бағалау критерийі

-Либералды идеялардың негізгі қағидасын анықтайды.

-Батысшылдар мен славяндарды венн диаграммасы аркылы сипаттарын талдайды.

-Қоғамдық саяси ағымдардың маңыздылығын саралап, талдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика мен терминдер:

Либерализм, консерватизм, батысшылдар, славяншылдар,халықшылдық сөздерін аңықтайды.

Оқылым дағдысы: тақырыптық мәтіндер.

Жазылым дағдысы: Зерттеу жұмыстарын параққа түсіреді.

Айтылым дағдысы:Либералды идеялардың негізгі қағидасын талдап саралайды.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің бір тұтастығы. Мәңгілік Ел.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтамақтастық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

География. Қазақстан тарихындағы ХХ ғасырдағы қозғалыстармен байланыстырамын.

Алдыңғы білім


Ресейдің қоғамдық саяси ерекшеліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім сөзі: Сәлемдесу, түгелдеу. Пазл стратегиясы әдісі арқылы топқа біріктіру.

-Мына суреттерден кімдерді көрдіңіздер? -Бұл тұлғалардың қандай қызметтерін айтуға болады? -Бүгінгі тақырыппен байланысы бар ма? деген сұрақтар қойып,пікірлерін тыңдаймын.


Оқушының іс-әрекеті:Оқушылар пікірлерін білдіре отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатына болжау жасайды.

Мұғалім іс-әрекеті:Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлермен таныстыру.


«Домино» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау.

1.Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты өнеркәсіптің қандай салалары пайда болды?.

2.Буржуазия мен пролетариат арасындағы қайшылықтар қандай болды?

3.Экономикада капиталистик уклад қалай қалыптасты? 4.Монополия дегеніміз не?

5.Басыбайлы шаруа дегенді калай тусінесін?

- Сұрақтар қойып оқушылардың пікірлерін тыңдаймын.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар пікірлерін білдіре отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатына болжау жасайды.

Мұғалім іс-әрекеті:сабақтың тақырыбы,оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.


«Пазл» стртегиясы

Сабақтың ортасы



10 минут

















10мин



























7мин










3мин








Пазл стратегиясы әдісі арқылы топқа біріктіру.

І топ. Ресейдегі қоғамдық ойдың ерекшелігі.

ІІ топ.Жұмысшылар қозғалысының дамуы.

ІІІ топ. Ресейге келген либералды идеялардың мәні неде?

Үш топқа тақырып бойынша тақырып бөлініп беріледі.



Мәтінмен жұмыс: Оқулықты және қосымша деректерді пайдалана отырып, тапсырманы орындауға уақыт беремін.Оқулықты және қосымша деректерді қолдана отырып топтар бір-біріне түсіндіріп, анықтайды.



1-тапсырма: Джигсо әдісі

Топтық жұмыс

Ресейдің қоғамдық саяси либералдық идеялардың мәні неде?

І топ.Либералдық қозғалыстың құрылуы.

ІІ топ. Батысшылдар мен славяндар.

ІІІ топ. Ресейге келген либералды идеялардын мәні неде?



Дескриптор:

1.Либералдық қозғалыстың құрылуымен ерекшелі анықтап,талдайды.

2. Батысшылдар мен славяндар саясатының ортақ сипаттарын жіктейді.

3. Ресейге келген либералды идеялардын мәні мен өзгерістерін айтады.



Дереккөздер арқылы саралау жүргіземін

бағалау



3. Венн диаграммасы.

Oval 3 Oval 2

Oval 4











Дескриптор:

-Либералды қозғалыс пен халықтық қозғалыстардың көзқарастарын салыстырады.



Тапсырма арқылы саралау жүргіземін









Басбармақ арқылы бағалау




Оқулық


Дүние жүзі тарихы

8 (7)Алматы «Мектеп»

2018 Авторлары Н.Алдабеков.

К.Мақашев.

Қ.Байзақова.

АКТ


А3, А4 пішініндегі қағаз, түрлі түсті маркерлер,карта


.




































АКТ





Кескін










Сабақтың соңы

5 минут




















Үйге тапсырма:


Сабақты қорытындылау кезеңі


Кері байланыс әдісі



II Александр патша«Халық еркі» ұйымының құрбаны болғанын қосымша деректер арқылы анықтау.




Саралау:

Дереккөздер тапсырмасы арқылы саралаймын.

Қарқын тапсырмасы арқылы саралаймын.

Тапсырма тапсырмасы арқылы саралаймын.




Бағалау:


Топтар бірін-бірі бағалайды



Басбармақ арқылы бағалаймын



Мақтау,мадақтау арқылы бағалаймын









Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау














Қатысушының тегі,аты-жөні

Қаныбек Ақайша Әбдімәлікқызы

Облыс,қала,аудан,село атауы

Түркістан облысы,Арыс ауданы,Сырдария елді мекені

Білім беру мекемесінің атауы

Садықбек Адамбеков атындағы ж.о.м

Байқау атауы

Білім беру саласының үздігі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!