Менің инновациялық әдіс тәсілдерім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің инновациялық әдіс тәсілдерім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым мақтанышым, инновациялық әдіс тәсілдер жайлы қысқаша түсінік, алғпн марапаттарым бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім»

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу - адамның асылдығы.

Ғафу Қайырбеков.

Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Мамандық - өмір таңдауы. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың жаманы жоқ ,десем, қателесе қоймаспын. Мамандықтың түрі әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, қаржыгер, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер, және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды нәрсе – барлығы да халық үшін қызмет атқарады. Мен өз өмірімді ұстаздық жолына арнадым. Ұстаздық жолымды ең қиын жолдан бастадым десем де болады. Университетті бітіре сала Алматы қаласы,Алатау ауданындағы №161 «бөбекжай-балабақшасында» ұстаздық жолдымды шыңдадым. Жан-жақты ізденіп,күні-түні жаңашылдық іздеп,білмегенімді сұрап жүріп,балаларды оқыта жүріп өзім де білім алдым десем жаңылмаспын. «Ұстаз» болу сонау бала кезімнен арманым болды. Әкем Нақысбеков Сламғожа осы ұлы жолда аянбай еңбек етіп,халқына қалаулы,еліне елеулі өр тұлға болды. Осы ұстаз болуыма септігін тигізген әкем. . Сонау бала кезімнен бастап алғаш қолыма қалам ұстатып, әліппедегі қырық екі әріпті танытқан, мейірім мен шуағын төккен алғашқы мұғалімнің тұлғасына еліктеуші едім. Оны құдіретті күштің иесіндей сезініп, сол мұғалімнің орнында болғым келетін. Ал әкемнен шымырлықты,аянбай еңбек етуді,білімділікті,адалдықты, жан-жақтылықты, мейірімділікті т.б ұстазға тән қасиеттерді үйрендім. Ұстаз - ең алдымен, бала үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. Баланы болашаққа дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі. ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры. Қоғамды ақпараттандыру – мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін шарттарының бірі. Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары қоғам өмірінде күннен-күнге өріс алып, казіргі Қазақстаннын экономикалық, саяси және мәдениет салаларыньщ өркендеуіне елеулі үлесін косуда. Сондықтан қоғамды кеңінен ақпараттандыру ісі казіргі тандағы Қазақстанның біркелкі даму жолына ықпал етуші жағдайлардың бірі болып отыр.

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Мен осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Интерактивтік тақтамен жұмыс , мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым.Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка саласындағы белгілі композиторлар өмірімен, Қазақстандағы әлем елдеріндегі композиторлармен, музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыруымыз керек. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты композиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға ынталанады. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет. Музыка сабақтарында да электронды оқулықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. "Музыка адам жанын жалындатып, жарқындатуға тиіс" Осы бөбекжайда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерім өнерге жақын, әншілер, кішкентай әртістер, мың бұралған бишілер. Түрлі Республикалық конкурстарға қатысып,жүлделі орындарға ие болдық.




Picture 9

Picture 13 Республикалық «Жас жұлдыз» байқауынан екі шәкіртім «Бас жүлде» иеленді.



Picture 21













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2021
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі