Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің Кіші Отанымның нышандары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші Отанымыздың басты нышандарын анықтау, көрсету, қайта жаңғырту арқылы өз кіші Отанымыздың тарихын білу, аз да болса өз үлесімізді қосу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Кіші Отанымның нышандары»

Мақсаты:

-Кіші Отанымыздың басты нышандарын анықтау, көрсету, қайта жаңғырту арқылы өз кіші Отанымыздың тарихын білу, аз да болса өз үлесімізді қосу.

-Өз туған жеріне деген патриоттық сезімін,сүйіспеншілігін ояту.

Кіріспе.

Туған жер адам өмірінде ерекше орын алады.Өйткені осы жерде менің шатыққа толы, балалық балдәурен шағым өтуде. «Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем...»деп, ақиық ақын М.Мақатаев тура менің туған өлкемді жырлағандай. Менің туған өлкемдегі асқар тау-Тарбағатайымыз, ағынды өзен-Келдімұрат өзені ауылымыздың тірі нышандары деп білеміз.

Менің туған өлкемнің табиғаты өте әсем, көркем, көрер көзге, естір құлаққа жетерлік ерекшеліктері бар. Ендеше, сіз бен біз сыршыл суреттер әлеміне аздаған сапар жасап, біздің ауылымыздың нышандарын көрсетіп таныстырып, өтейін.

Өз туған жеріміздің тарихын қайта жаңғыртуда фотосуреттер де зерттеушілердің көңілін өзіне аударатыны сөзсіз.

Сурет-тарих. Өткен күннен бір белгі. Сөйлете білсек, әр суреттің астарында шежіре бар. Бүгінгідей секунд сайын объективке түсіп жатқан заманның өзінде сурет мән-мағынасын жоймақ емес. Оның құндылығы ерекше болмақ.

Бар болғаны бір-ақ сурет бір адамның өткенінен сыр беріп, тұтастай өмір жолын ашады, немесе бір ауылдың тарихына қатысы болмақ.Сондықтан осы суреттер біздің ауылдың табиғаты, тарихы, шаруашылығынан сыр шертеді десем артық болмас.

Келдімұрат ауылының туы. Ауылдың туы ақ түсті,тік бұрышты кездеме. Ақ түс-бейбітшілікті білдіреді.Оның ортасында ауыл елтаңбасы бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген,тік жолақ өрнектелген.Ою-өрнек алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Келдімұрат ауылының елтаңбасы. Келдімұрат ауылының елтаңбасының негізі- Тарбағатай тауынан бастау алатын Келдімұрат өзенінің және ауылдың тау басынан түсірілген көрінісі. Бұл ауылдың табиғатының қандай әсем екенін көрсетеді.Көріністі айнала ұлттық ою-өрнектер.бидай масақтары мен домбыра бейнеленген.Бидай масақтары-ауылдың егіншілікпен айналысатынын,ал ою-өрнектер мен домбыра-ауыл тұрғындарының салт-дәстүрге жақын екендігін және өнерлі жандар көп екеннін білдіреді.

Келдімұрат ауылының әнұраны.Сөзін ауылымыздың ақын, қариясы-Саметбаев Марлес атамыз жазса, әнін ауылымыздың мәдениет үйінің меңгерушісі талантты, әншіміз-Исмайлов Роллан ағамыз жазды.

Мал шаруашылығы ауылымыздың басты кәсібі болып саналады.Ішсең сусын,жесең асың,мінсең көлігің болатынтөрт түлік малдың барлық түрі ауылымызда өсіріледі.

Мал шаруашылығымен қатар, егіншілік шаруашылығы жақыс дамып, мемлекетеміздің экономикасының өркендеуіне үлкен үлесін қосып кееледі.

Ауылымызда бидай, күнбағыс, зығыр өсіріледі.

Ауылымның бар байлығы-жаны жайсаң,жүрегі жомарт адамдары. Ауызбіршілігі жарасқан ауыл тұрғындары сондай тату тұрады.Көне көз қарияларымыздың айтуыншы,кезінде осы өлкеде өзге ұлт өкілдері көп қоныс тепкен көрінеді.

Ауылымызда жаңа мектеп, емхана,балабақша, мәдениет үйі халық игілігіне қалтықсыз қызмет етуде.

Туған жер, туған ауыл...Бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр.Бұны тек құрғақ сөзбен айтып емес, жүрекпен жақсы көріп,іспен дәлелдеу керек.

Қорытыныды.

«Ғажайып жүрек». Көктем мезгілінде наурыз айында ауылдың тұсынан таудағы қар ери бастаған кезде Тарбағатай тауында үш-төрт күнге «ғажайып жүректің» көрінісі пайда болады.Жүрек Ермендібұлақ дейтін жердегі екі сайдың ортасында қардың аз жауып, көктемде ерте еріп кетуінен байқалады. Бұл табиғаттың ғажайыбы құдды бір Тарбағатайдың жүрегі секілді.Біздің ауылымыздың жүрегі- Тарбағатай тауы, мақтанышы-Келдімұрат өзені. Осының барлығы біздің ауылдың символдары деп білеміз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2019
695
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12