Материалдар / Менің кітабымдағы ұлы тұлғалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің кітабымдағы ұлы тұлғалар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2018
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітапхана апталығы

Ашық тәрбие сағаты

Уақыты:28.04.2017ж

Кабинет:7

Мұғалім:Канибекова Г

Сабақтың атауы

Менің кітабымдағы ұлы тұлғалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру. Оқыған кітаптарындағы ұлы тұлғаларға тоқталып өту.

Білімділік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
2. Кітапты күтіп, таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар, слайд

Психологиялық ахуал









Топқа бөліну

«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» жаттығуы Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.


Ақын-жазушылар суреттері арқылы топқа бөліну

І топ ІІ топ

ІІІ топ ІV топ


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен. Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.

Кітап туралы ережелер:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады
Ұқыпты оқушы.
Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын
Таза болсын беттері - сызылмасын.
Көрген кісі кітабы кір демесін.

Сыныптағы ең ұқыпты оқушылар:

1-оқушы  Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Ұлдана Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.


2-оқушы Тұрады басын құрап әріп неде

Нұрислам Басталған білім басы әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын алып неден.


3-оқушы Кітапты оқымайды сыйламаған,

Ұлдана Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.


4 -оқушы  Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп, Мухаммед Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көктеп.


5-оқушы: Кітаптар-бейне жапырақ,

Алихан Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап ап,

Көтеріп күйін көңілдің.


6-оқушы: Айдың шалқар кейде бір,

Данияр Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.


7-оқушы Кетпейді ешбір жадымнан,

Мағжан Мектепке бардық күз айы.

Тастамай сені жадымнан,

Қолтықтап жүрдім ұдайы.


8-оқушы Достарға толы маңайым,

Жазира Татулық тәтті бәрінен.

Ерекше сені санаймын,

Құшақтап жүрдім әлі мен.


9-оқушы: Елімізде атақты,

Мейіржан Ғалым ата не тапты?

Бәрін, бәрін білесің?

Оқи берсең кітапты.


10-оқушы Бөбектерім оқы, ойна,

Нұртөре Оқу-білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қойма.

І кезең
Көп оқыған біледі

Ыбырай тобы
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ы. Алтынсариннің туылған жері?
3. Ыбырай кімнің қолында тәрбиеленді?
4. Ы. Алтынсарин қай жылы туылды?
5. Ыбырай қандай кітап жазды?
6. Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерімен
таныстық?
7. Ыбырай мектепті қай қалада салдырды?
8. Қазақ даласының жарық жұлдызы кім?
9. Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесің?
10. Өнер, білім бар жұрттар өлеңінен үзінді оқы

Абай тобы
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Абай қай жерде білім алған?
3. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
4. Абайдың әжесі, әкесі, шешесінің
есімдерін ата?
5. Абайдың туған жері қай жер?
6. “Адам болам десеңіз” бір шумақ үзінді оқы.
7. Абайдың неше қара сөзі бар?
8. Абай неше жасынан өлең жаза бастады?
9. Абай орыстың қандай ақындарының шығармаларын аударды?
10. Абай –композитор. Қандай өлеңдерін білесіңдер?

Мұхтар тобы

1. М. Әуезов кім?
2. М. Әуезов қай жылы туылды?
3. Кішкентай күнінде қоңыр қозы атанған кім?
4. Жазушының қандай кітаптары бар?
5. М. Әуезовтың туған жерін ата?
6. М. Әуезов мұражайы қай қалада орналасқан?
7. Жазушыны әлемге танымал еткен романы?
8. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармаларымен
таныстық?
9. Мұхтардың атасының есімі кім?
10. Мұхтардың “Әке арманы” мәтінінде кім
жайлы жазылған?

Ахмет тобы

1. А. Байтұрсынов кім?
2. Қай жылы туылған?
3. Ахметтің әкесі кім?
4. Ахмет кімнің тәрбиесінде өсті?
5. Ахмет қандай газет шығарған?
6. Ахмет Байтұрсынов қандай оқулық жазған?
7. А. Байтұрсынов мұражайы қай қалада
орналасқан?
8. А. Байтұрсынов қай қаладағы орыс-қазақ
училищесінде оқыды?
9. Ахметтің қандай өлеңімен таныстық?
10. Ахметтің алғашқы өлеңдер жинағы қалай аталады?

ІІ кезең
Құлақтан кіріп, бойды алар

Мәнерлеп оқу сайысы

Ақындардың қалаған бір өлеңін мәнерлеп оқып беру

ІІІ кезең
Оқу - білім бұлағы

Ыбырай туралы өз ойларыңнан 1-2 шумақ өлең жаз

Бала Абайға сипаттау мәтінін жаз

Мұхтар жайлы әңгімелеу мәтінін жаз

Ахмет сөзіне сөзжұмбақ немесе ребус құрастыр

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Үш тілде сөйлеп үйренеміз

IV кезең

Қазақ тілі орыс тілі ағылшын тілі

  • кітап книга book [buk]

  • кітапхана библиотека library [ˈlaɪbrərɪ]

  • ақын поэт poet [ˈpəuɪt]

  • жазушы писатель writer [ˈraɪtə]

Көрініс: «Кітаптар мұңы»

Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеліп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, шеткерірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан-жағына қарап сәл отырды да, жанында жатқан көршісін түртті.
Ол қозғала қоймап еді, жұлқып-жұлқып қалды.
-Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?
-Ой, мазамды алма. Бүйткен тірлігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресі шығып ұшып кеткені жақсы еді.
-Не боп қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
-Сыртымды қайтесің?! – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ана тілі оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді? Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де, қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда, Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер, күтіп ұстаса, келер жылы мені басқа балалар оқымас па еді? Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай-сүйегім сырқырайды. Іші бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған,, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем.
-Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптесім. Ендеше, мұңдас болдық. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын,- деді бірінші кітап. Сотқарбай деген баланың меншігіне тидім. Әдепкіде оқулық болып болып, мектеп босағасын аттамағаныма қуанған едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ, Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып-бастырып сызып тастады. Онан көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп-тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
-Әріптестер, қанша айтқанмен «Ана тілімін» ғой. Менің айтқаныма құлақ асыңдар. Бұл жерде тек кішкентайлар емес, жоғары сынып оқушылары да кінәлі-ау!
-Дұрыс айтасың, «Ана тілі»,- деді қаракөлеңкелеу жерде жатқан бір кітап.
-Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ойнағанда қой демейді ғой үлкен ағасы. Сондағы сылтауы: «Оқу жылы аяқталды».
– бірақ-деді «ана тілі» сөзін қайта жалғап,- шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой.
Ондай балалар жоқ та емес,, бар. Бар емес-ау, көп. Алайда олардың бір кемшілігі –Адырбай мен Сотқарбай сияқтыларға достық ақыл айта алмай келеді. Мысалы, менің өзім сияқты құрдасым болды. Екеуіміз – мектеп кітапханасына бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық.. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас шіркін! Кітабыңа шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді. Қағаз салып қояды. Сызбайды., сия тамызбайды. Оның «Ана тілі» кітабы қыстап су жаңа күйінде шықты.
-Енді бізді не істер екен?- дейді кітап.
-Әлде жинап-жинап отқа тамызық етер ме екен?
От деген сөзден бәрі де селк ете қалды. Бір сәт үндері шықпай, іштен тынды.
-мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер,- деді «математика» сәлден соңбасу айтып.
-Түптер,-деді оны кекетіп әлгі кітап.
-Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтінін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге де ұялып, бір түкпірге бұқпалап отырғанымды.
-Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деңдер.
-Соны айтсаңшы,-деді бірдей жамырап.

V кезең
Не үйреніп, не білдік?
Әр топ өз топ аттарын қорғайды

Нақыл сөздер.
1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
2. Кітап - құдіреті қару.
3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
4. Кітап - өмір ұстазы.

Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп,
 сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңдер, кітап асып таспайтын асыл досымыз.

Тақпақтар:
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.

Іздегенде табылады,
Ғылым жұмбақ, тау сындас.
Білім өмір сабағы,
Ғұмыр бойы таусылмас.
Келесі кезекті тақпаққа береміз.



Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!