Материалдар / «Менің көңіл – күйім» тренинг сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің көңіл – күйім» тренинг сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына арналған тренинг сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2019
1201
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Хаттама

Тақырыбы: «Менің көңіл – күйім» тренинг сабағы


Мақсаты: Оқушылардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым - қатынас орната білу.


Мерзімі: Мамыр айы


Зерттеу контингенті: 7 «А» сынып оқушылары



Қажетті құрал – жабдықтар: Шар, доп, ақ қағаз, жіп, бор.


Тренинг сабақ құрылымы:
1. «Таныс болайық» жаттығуы
2. «Бірлесу» жаттығуы

3. «Кім жылдам» ойыны

4. «Допты өткіз» ойыны
5. «Шармен жүгіру» ойыны
6. «Көпір» жаттығуы
7. «Дракон» ойыны
8. «Дыбыстық» жаттығу


Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.


Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену


1. «Таныс болайық» жаттығуы

Мақсаты: Өзін таныстыру, сыныпқа бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

Барысы: Әр оқушы өзін таныстырады, яғни өз есімін айтып өз есімінің бас әріпінен келетін бір қасиетін айтады. Мысалы, Айдана ақкөңіл. Ал екінші оқушы алдыңғы оқушының есімі мен қасиетін айтып ары қарай өз есімін айтып, өзінің бас әріпінен басталатын жақсы қасиетін айтуы тиіс. Жаттығу осылай жалғаса береді.


2. «Бірлесу» жаттығуы

Барысы: Оқушылар бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңберден өтіп шығу керек. Егер біреуі шеңберден шығып кеткен жағдайда ойын қайтадан басынан басталады.


3. «Кім жылдам» ойыны

Барысы: Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бір қатысушы ортады тұрып, бір оқушының есімін атайды. Сол кезде есімі аталған оқушы жылдам ортада тұрған таяқты құлатпай ұстап қалуы тиіс. Ойын осылай кезек-кезек жалғаса береді.


4. «Допты өткіз» ойыны

Барысы: Екі қатысушы екі жіпті екі жағынан ұстап тұрады. Үшінші қатысушы допты екі жіптің үстімен жүргізуі тиіс.


5. «Шармен жүгіру» ойыны

Барысы: Екі оқушы шарды бастары арқылы жүгіріп мәреге шарды құлатпай айналып өтуі тиіс. Осылай кезекпен орындайды. Жылдам әрі ұқыпты жасаған топ жеңіске жетеді.


6. «Көпір» жаттығуы

Барысы: Әр топқа қатысушы санына байланысты қағаз беріледі. Олар сол қағаздан көпір жасап келесі бетке өтуі керек. Соңғы қатысушы қағазды алып басындағы қатысушыға береді. Ол қағазды алып көпір жасайды. Бірінші болып жеткен топ жеңімпаз атанады.


7. «Дракон» ойыны

Барысы: Топ қатарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Алдыңғы ойыншы дракон басы, соңғы қатысушы дракон құйрығы болады. Басы құйрығын ұстауы тиіс, ал құйрығы ұстатпауға тырысады. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалуы тиіс.


8. «Дыбыстық» жаттығу

Барысы: өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз, алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.

А – барлық ағзаға жайлы әсер береді

Е – қалқанша безге әсер береді

И – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер береді

О – жүрекке, өкпеге әсер береді

У – асқазан маңындағы ағзаларға әсер береді

Я – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер береді

М – барлық ағзаға әсер береді

Х – ағзаның тазаруына әсер береді

Ха – көңіл-күйді көтеруге көмектеседі






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!