Материалдар / "Менің көңілді добым!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің көңілді добым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабақтарды жіберіп өзгелерге көмек көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
564
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Менің көңілді добым
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:
1. Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Доп туралы мағлұмат бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
2. Сөздік қорларын, саусақ моторикасын дамыту.
3. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету. Түсіндіру, сұрақ - жауап, Ғажайып сәт, Тәжірибе жасау, ойын.
Көрнекіліктер: Түрлі ойыншықтар, Доптар, Тақырыптық слайд, суреттер.


Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Жыл мезгіліне, айға, аптаға тоқталу.
Бүршік жарып ағаштар,
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.
- Балалар, сендер балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар?
- Біздің топта қандай ойыншықтар бар?

Таңғажайып сәт.
Есік қағылып, Сәуле атты қуыршақ келеді.
- Балалар көктем мезгілі келді. Мен достарыммен бірге ойнайын десем добым жоқ.
Маған дос жасап беруге көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:
- Қуыршақ олай болса сен біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізге қатыс.
Тақырыпты хабарлау.
«Менің көңілді добым»

Іздену - ұйымдастырушы
Слайд арқылы балаларды қатыстыра отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Резеңкеден және пластмассадан жасалған доптар жайлы айту.
Пішініне, түсіне тоқталу

Қорытынды.
Рефлексия «Ғажайып қоржын» ойыны
1. Балалар қоржыннан доп алып, сипаттайды.
2. Қуыршақ балаларға рахмет айтып қайтады.
3.- Біз бүгін немен таныстық?
- Доп қандай екен?
Мадақтау
Аяқтау.

Күтілетін нәтиже
Орындайды: Заттарды қарастырып, олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын айтуға арналған тапсырманы.
Түсінеді: Ойыншықтарды күтіп ұстау керектігін, өлеңнің мазмұнын.
Қолданады: Ойыншық туралы әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!