Материалдар / Менің көшем осындай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің көшем осындай

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
2516
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Алмалы ауылы

«№181 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Менің көшем осындай

(эссе)




Ізбасар Динара 3-сынып оқушысы

Жетекшісі: Оспанова Күлшат
















2018-2019 оқу жылы

«Менің көшем осындай»



О, менің туған жерім,кіндік қаным тамған ауылым сен қандай ғажапсың! Біз сенің туған перзентіңбіз. Таза ауаң қандай! Кеуде кере демалғанда бір әсем әсерге бөленесің. Қырға шықсаң дала гүлдерің қандай, көздің жауын алады. Жасыл шалғын шөптер, көкмайса. Көкпен таласқан теректерің қандай!

Мен Шиелі ауданындағы «Алмалы» деген ауылдың Нартай Бекежанов көшесіндегі №28 үйдің кішкентай тұрғынымын.Ауылымның сырт бейнесіне көз салсаң, алыстан нағыз ауыл келбетін келтіріп тұр.Көкпен таласқан қаз-қатар өсіп тұрған терек ағаштары ауылға «Қош келдіңіздер» дегендей құшақ жая өз көлеңкесінің саясына шақырады.Ауылдың «о шеті мен бұл шетіне» дейін ұзына бойы қап-қара түсімен жалтыраған асфальт төселген М.Шоқай атындағы орталық көше бар.Бұл көшенің бойында ауылдық емхана,аялдама,дүкендер орналасқан. Сондықтан да болар,бұл көше орталық көше деп саналады.Ауылдың басқа көшелері осы көшеден қатар-қатар тізілген түзу көшелермен жалғасқан.Әрбір көше елге танымал, батыр,атақты тұлғалардың атымен аталады.Атап айтар болсам, М.Шоқай, М.Дулатов, А.Иманов, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, М.Мәметова, Н.Бекежанов атындағы көшелер бар.

Соның бірі мен тұрып жатқан көше Н.Бекежанов көшесі деп аталады. Жоғарыда айтып өткендей менің көшемнің аты неліктен Н.Бекежанов атамыздың атына берілген екеніне көз жеткізсем.

Нартай Бекежанов (1890 1945) – ақын, композитор. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Бай - молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта әмеңгерлікті әшкерелеген. (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды. Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен, Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер (“Толқын”, “Нартай сазы”, “Өсиет терме”) шығарды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды.

Өмірі

Анасы Бақтыгүл, ағасы Мансұр ақын болған. Сауықшыл ауыл дәстүрін өнеге тұтқан өнерлі бала он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. 1935 жылы Шиелі қыстағында ашылған балалар үйіне көркем-өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып орналасады. Бірер жылдан кейін Қызылордада ұйымдастырылған концерт-эстрада бюросына шақырылады, өмірінің ақырына дейін сонда қызмет істейді. 1939 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу құрметіне болған этнографиялық концертке қатысып, академиялық Үлкен театр да ән шырқап, жыр толғайды. «Қызыл Москва» деген толғауы осы тұста шығарылды. Республикалық ақындар айтысына қатысып, Нұрлыбек Баймұратовпен өнер сайысына түседі. 1946 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысады.

Еңбегі

Шығармаларының жинағы екі дүркін жеке кітап болып басылды. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Өсиет» деген атпен өлеңдер, дастандар, айтыстар енген жинағы жарық көрді.

Жетістіктері

«Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы (1939) берілген

Міне, менің көшем осындай атақты, Нар тұлғалы Нартай атымен аталады. Бір қызығы, осы өзім тұрып жатқан көшенің аты көршілес, іргелес ауылдың азаматы болғаны мені қатты қуантады.Көршілес Н.Бекежанов ауылына өз есімі берілген. «Туған өлкем-тұнған шежіре»- дегендей, өз есімімен аталатын ауылда Н.Бекежановтың музейі бар екендігін тарихи мұражайларға саяхат жасағанда көрген болатынмын.Сырнайлы ақынның музейінде өзі тартқан сырнайы,өзі тұтынған басқа да заттары сақталған.Музейдің алдында Нар тұлғалы Нартай ескерткіші де орналасқан.Н.Бекежанов атамыздың музейін көзбен көріп,ойға түйгенім мен тұрған көшенің аты осындай ақын, композитор атымен аталғаны бойыма мақтаныш сезімін ұялатады.Көшеміздің атына лайық көше тұрғындары да шетінен бәрі әнші, бәрі өнерлі.Көше атын биік ту ғып ұстайды,кір келтірмеуге тырысады.Сонымен бірге көше тұрғындарының бірлігі мен ынтымағы жарасқан бір-бірімен өте тату тұрады.Міне, менің көшем осындай!

Мен туған ауылдың табиғатын,ауыл ішінде түп- түзу сызық бойында қатар тізілген көшелерінің сұлулығы мен кереметтілігін,көше тұрғындарының бір- бірімен татулығы мен ауызбіршілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Мен алдымен өзімнің отбасыммен,одан соң өзімнің көшеммен,өз туған ауылыммен,еліммен, жеріммен, өз Отаныммен мақтанамын.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!