Менің мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдер .

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Менің мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдер .

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында, әлеуметтік-экономикалық саладағы, мәдениет пен білім берудегі өзгерістер өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру мәселелері ерекше орын алуда. Өмірлік мәселелерді тиімді шеше алатын шығармашылық белсенді тұлғаны қалыптастыру балалық шақтан басталады. Адам тұлғасының кейінгі дамуының, оның табысты шығармашылық қызметінің негізі болып табылады, сондықтан әрбір өсіп келе жатқан адамды шығармашылыққа дайындау қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдер .

Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.

Хосе Хулиан Марти

Мамандығым-музыка пәні мұғалімі...

Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес...

Бірақ тереңіне үңілсек осы екі сөзде керемет ғажап шындық жатыр. «Музыка жетекшісі» керемет, сезімтал, мейірімді білмейтіндерге қол ұшын созушы, құмаржандар.

Музыка мен үшін өзінің эмоциялық әсері арқылы адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөль атқарады.

Менің атқарып отырған қызметімдегі мәртебе – ол балалардың көзіндегі музыка тіліне деген қызығушылықтары.

Қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында, әлеуметтік-экономикалық саладағы, мәдениет пен білім берудегі өзгерістер өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру мәселелері ерекше орын алуда. Өмірлік мәселелерді тиімді шеше алатын шығармашылық белсенді тұлғаны қалыптастыру балалық шақтан басталады. Адам тұлғасының кейінгі дамуының, оның табысты шығармашылық қызметінің негізі болып табылады, сондықтан әрбір өсіп келе жатқан адамды шығармашылыққа дайындау қажет.

Осыған байланысты музыка мұғалімінің міндеті - өз тәрбиеленушілерін отандық және әлемдік музыкалық мәдениетімен таныстыру, онымен қарым-қатынас жасау қажеттілігін дарыту, музыкалық ой-өрісін кеңейту, музыкалық туындыға эмоционалды, эстетикалық үн қосу қабілетін тәрбиелеу.

Алғашқы сабақтардан бастап, музыкалық қызметтің негізгі түрлерінде баланы өнерге баулу, музыкалық сөйлеуге ықыласпен, тыңдай отырып, оның мағынасы мен құрылымына ену, дыбысталу сапасына жұмыс істеу қажет. Оқушының есту тәрбиесі көркем, қолжетімді және қызықты материалда жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі уақытта музыкалық білім берудің теориясы мен тәжірибесінде "музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық іс-әрекетінің түрлері" терминін түсіндірудің әртүрлі тәсілдері бар. Жалпы алғанда, олар осы мәселе қорытудың қай деңгейінде қаралатынына байланысты әртүрлі позицияларға біріктірілуі мүмкін.

Соңғы онжылдықтарда музыкалық білім беруде қалыптасқан басқа ұстанымға сәйкес сазгердің, орындаушының, тыңдаушының қызметі музыкалық қызметінің шынайы түрі болып табылады. Ал жоғарыда аталған музыкалық қызметтің "дәстүрлі" ретінде шартты түрде белгіленген түрлерін оқушыларды музыкаға баулу формасы ретінде қарастыру ұсынылады.

Осы көзқарасты ұстанушылардың пікірінше, мұндай тәсілдің заңдылығы дәлелдерінің бірі-музыкалық қызметтің дәстүрлі түрлерінің көпшілігінің "жалпы тәртіптің (мысалы, вокалдық аспаптық орындаушылық, музыканы көркем қозғалыспен орындау) санаты ретінде орындаушылыққа қатысты жеке жағдай болып табылады, сонымен қатар музыкалық қызметтің дәстүрлі түрлері музыкалық қабілеттердің дамуына толық ықпал етеді.

Ғалымдар, педагогтар, психологтар ерте жастан балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ұсынады. Шығармашылық қабілеттерінің түрлі анықтамалары бар. Біз сыныптан тыс жұмыста оқушылардың музыкалық шығармашылығын дамыту үшін қолданылатын қызмет түрлерін негізі қылып алдық.

Қазіргі ғылыми зерттеулер баланың мектепте болған алғашқы күнінен бастап шығармашылық музыкалық қабілеттерін дамыту қажет екендігін көрсетеді. Музыкалық шығармашылық қабілеттердің дамуы баланың жалпы дамуына әсер етеді: эмоционалдық сала, қиял, ерік дамиды.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыратын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Ұлттық идеологиямыздың қалыптасуына білім беру жүйесіндегі ірі реформалық процестер жетекшілік ететіні белгілі. Бүгінгі күннің талаптары бойынша инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып табылады. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.Мен, жас маман ретінде- музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндетім болып табылады. Осындай жолдармен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осы бағыттарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: интербелсенді тақтамен жұмыс , аудио, видео көрініспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие бере отырып, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі.

Мен - өз мамандығымды жетілдіру барысында балаларға өзінің маңыздылығына, өз идеялары мен бейнелерінің қызығушылығына сенімділік сақтауға көмектесетін конструктивтік жеке ұстанымдарды дамытуым қажет, бұл өз бетінше сынамалар мен ізденістер. Тұлғаның өзін-өзі дамыту, әлемге шығармашылық бейімделуді арттыру үшін пайдалы маңызды әрі лайықты құрмет процесс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2022
576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі