Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің мамандығым-менің болашағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе мамандық жайында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы білім басқармасының

Теміртау қаласы білім бөлімінің

«№29 жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналды мемлекеттік мекемесі

11 «А» сынып оқушысы

Жапан Майгүл Тилейханқызы

Жетекшісі: Володьяа Алтынгүл



«Менің мамандығым - менің болашағым»

"Ісім онсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз."

(Əбу Насыр əл-Фараби)


Мамандық - адамның жетістіктерге толы болашағына апаратын алға қойған мақсаттарының бірі. Сондықтан дұрыс мамандық таңдау барысында жеті ойланып, бір рет кескен жөн. Жалпы балалар мектеп табалдырығынан аттағаннан бастап өзінің сүйіп оқитын пəніне байланысты əртүрлі қызығушылық тудыратын мамандықтардың иесі болғысы келеді. Бастауыш сыныптарда оқып жүргенде көбінде шығармашылық жағына биші, суретші, актерлық жағынан қызықса, кейін есейе келе мүлдем басқаша мамандықтарға, мысалға, қаржы ,бизнес, дəрігерлік жағынан қызығушылықтары артады. Сол себептен, жоғарғы оқу орнына түсіп сол мамандық иесі болуы үшін ерте бастан жақсы оқып, барынша дайындалған дұрыс.

Мамандықтың оңайы жоқ, барлық мамандықтың өз қиындығы мен қызығы болады. Ж.Аймауытов: "Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл- жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нəрсе", - деген. Мен бүл пікірге толықтай қосыламын. Мамандықты жалақысына, ата-анаңның, туған-туысқандардың, таныстарының айтқаны бойынша таңдаудың қажеті жоқ. Қазіргі жастардың көбісі тура осындай жағдайда өзгелердің қалауымен өзі қаламайтын мамандық бойынша оқып алып, бітіргеннен кейін сол мамандықпен көп дегенде бір - жыл оқып жалығып, басқа мамандыққа ауысып кетеді, соның кесірінен жұмыссыз жүретіндер де көбейді. Ондай мамандықтың қайыры болмайды, ата-анаң,достарың емес, өзің қиналып қаласың. Егер болашақта мамандықты өз жүрек қалауыңмен таңдап, соны өз еркіңмен, құлшына атқарсаң, сол жұмысыңнан шаршамайсың.

Менің таңдаған мамандығыма келетін болсақ, мен көп ойландым. Негізі, менің мамандық таңдауымда басымнан мынадай бір қызық жағдай өткен. Алдымен, тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледжге бухалтер мамандығына құжаттарымды тапсырып, емтиханға бес күн қалғанда құжаттарымды кері алып, оныншы сыныпқа мектепке қалдым. Бұл менің емтиханнан қорқып қашқаным емес, керісінше жоғары оқу орнына түскім келгендіктен. Қазақ тілі мен əдебиеті пəні бойынша филология саласын таңдап, сол бойынша екі жыл бойы Ұлттық Біріңғай тестке дайындалып, тегін оқуға түскім келді. Мен бұл шешіміме өкінбеймін, себебі тоғыз жыл бойы алған білімім мен соңғы екі жыл бойғы үздіксіз дайындығым далаға кетіп жатқан жоқ. Оның дəлелі жақында ғана өткен қаңтар айындағы Ұлттық Біріңғай тесттен алған баллым. Əрине, шекті балға жетпесе де, өкінбеймін, өйткені алда тағы да емтихандар бар. Оларды да сəтті тапсырып біреуінен болмаса, екіншісінен маған керек деген бағаны жинаймын деген ойдамын. Қазақ тілі мен əдебиеті пəні бойынша таңдаған мамандыңым мұғалім. Осы мамандықты таңдауым бекер емес. Жалпы, қазіргі кезде, қазақ тіл байлығымыз төмендеп барады. Жастарымыз өз ана тілімізді, сол ана тілімізді сақтап қалу үшін, өз үлестерін қосып,талай қиындықтарды бастарынан өткізген атақты ақын - жазушыларымызды , ұлы ғұламаларымызды, небір зиялыларымызды, би - шешендерімізді ұмытып бара жатыр. Сондықтан, қоғамға да, мемлкеттік тіліміз қазақ тіліне де өз үлесімді қосып , кіші буын өкілдеріне қазақ тілін, қазақтың əдебиетін оқытып, үйреткім келеді. В.О.Ключевский: " Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін , оқытатыныңды да сүюің керек",- деген. Мен өз мамандығымды сүйіп, шын ниетіммен білімді жастарды тəрбиелеуде үнемі ізденісте жаңа мағлұматтармен таныстырып, үйретуге бар бар күш - жігерімді саламын, бұл - менің болашағым, алға қойған басты мақсатым.

Қорытындыны мынадай бір оймен аяқтағым келіп тұр: "Алуан - алуан кəсіп бар, таңдай біл де талап қыл!" Қазіргі жаһандану заманында мамандықтапдың түр- түрін кездестіре аламыз. Қай мамандықты таңдасаң да өз еркіңізде, бастысы оны жүрек қалауыңызбен таңдай біліңіз, себебі сіздің таңдаған мамандыңыз, ол - сіздің болашағыңыздың кепілі, еліміздің болашағының кепілі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
1493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12