Материалдар / Менің мамандық ұстанымым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің мамандық ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласы өмірде үш нәрседен қателеспуі керек... соның ең маңыздысы мамандық таңдаудан. Мен мұғалімдік мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2023
669
26 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар

Заманбек Батталханов атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Шормакова Анар Салимовна


ЭССЕ

«Менің мамандық ұстанымым»


Көк жүзіне алаулы

Міндет емес ай болу,

Ең бастысы-қалаулы

Кәсібіңе сай болу!

Жүсіпбек Аймауытов


Халық арасында адам баласы үш нәрседен қателеспеуі керек дейтін сөз бар. Соның бірі-мамандық таңдаудан. Мен жүрек қалауыммен 2001 жылы Қазақ қыздар педагогикалық университетіне тарих және география мамандығы бойынша оқуға түстім. Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады. Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,-деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Менің де осы ұстаздық жолды таңдағаныма биыл 22 жыл.Тәуелсіздіктің 10 жылдығында еңбек жолымды туып өскен мекенім Үлкен Дихан ауылында тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастадым.

Менің әдістемелік тақырыбым: Оқытудың сындарлы модулінің стратегияларын тиімді қолдана отырып, сыни тұрғыдан ойлай алатын, функционалды сауатты тұлға қалыптастыру.

Сол себептен де әр уақытта білімімді жетілдіріп, тиімді әдіс-тәсілдермен шәкірттеріме саналы тәрбие, сапалы білім беріп келемін. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше нәрсе-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жиырма екі жылдық еңбек тәжірбиемде үш сыныпты түлетіп ұшырдым. Сол жетекшілік жасаған сыныптарымда 2 «Үздік аттестат» және 2 «Алтын белгі» иегерлері шықты.Алдынғы буын шәкірттерім бүгінде Тәуелсіз еліміздің әр саласында жоғарғы білім алып, еңбек ету жолында. «Алтын белгі» иегерлері педагогикалық саланы таңдап, мемлекеттік грантты жеңіп, Абай және Қазақ қыздар педагогикалық университеттерінде білімдерін жалғастыруда. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс. Сонда ғана өмір талабынан артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленбек. Оқи жүріп,балаларды оқыта жүріп мұғалім мамандығына шыңдала түстім.

Жалпы мұғалім деген бір сөздің ішінде қаншама педагогикалық ұғым бар.

Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап көрейікші.

Ғалымда шахтер де бас иетін

Ұстазым бар сенің қасиетін

Білім берген, ой берген, ақыл берген

Көз алдымнан кетпейді-ау асыл бейнең-деп жыр жолдарында айтылғандай...

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада әсер етеді.
Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын – жазушы да, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті ел басқарған президенттің өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға қандай теңеу айтсақта артық етпейді.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет-баланы құрметтеу, сыйлау, ерекше сезіммен жақсы көру және оның жан дүниесін түсіне білу. Бұл педагогтің терең дүниетанымы, үлкен жүрегінің кішіпейілділігінен келіп шығады. Әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, қиялы бай адамға тән қасиет.Алдына қандай іс түссе де оны жеңіу жолдарын іздестіре білетін, қиындықты мойымай жеңіп шығатын адал мамандық иесі. Мұғалім-баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай алғырттықты кешіре біледі. Мұғалім бойындағы білім мен ақыл, оның қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады-дейді. Олай болса білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз мектептің жүрегі, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Өйткені қоғамдағы бүгінгі ұрпақ-еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы. Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті-деп К.Д.Ушинский айтқандай бәсекеге қабілетті тұлғаның бойына нәр беруші де осы мектеп мұғалімі. Мен өзім мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, мұғалім- қай ғасырда, қай заманда болса да өлмейтін мамандық. Мен өте бақытты жанмын, өйткені мен мұғаліммін!

Әлемде мыңға тарта мамандық бар, соның бірде-біреуі болашақ қоғамның белсенді мүшесіне және азаматтық тұлғасына білім мен тәрбиені дәл ұстаздай бере алмайтыны анық. Мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген мамандық иесімін. Мен-ұстазбын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!