Материалдар / Менің мектебім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
Метеп туралы түсінік
Авторы:
16 Тамыз 2023
208
4 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Менің Отаным-Қазақстан

Тақырыбы:


Мақсаты: а) оқушыларға Отан, туған жер, қазақ елі, ұлттық құндылықтар мен салт - дәстүрлер, білім күні туралы жан - жақты мәлімет беру;
б) білімдерін, ой - өрістерін, таным - ұғымдарын дамыту, сөздік қорларын арттыру;
в) өз еліне деген мақтаныш, отансүйгіштік сезімдеріне тәрбиелеу;
түрі: мерекелік – танымдық сабақ
әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, дидактикалық
ойын, тренинг, әңгімелеу, көрнекілік, топтық тапсырмалар.
Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, жапсырма қағаздар, күн макеті,
Қазақстан картасы
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
І. Психологиялық даярлық: «Шаттық шеңбері».
ІІ. Әр түрлі түстерді таңдау арқылы топқа бөліну.

Мұғалім: Біздің Отанымыз - Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Дидактикалық ойын: «Сен Отаның туралы не білесің?» топтастыру жасау.
- Балалар, «Отан дегеніміз не?»( оқушылардың жауаптарын картаның айналасына жапсыру).
Табиғат
біз тұратын ел
атамекен
ауылым
Қазақстан
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар, Төл теңгеміз, Ата Заңымыз бар.
Слайд арқылы ел рәміздеріне, оның авторларына, төл теңгемізге, Ата Заңымызға, биылғы жылғы тарихи оқиғаларға тоқтала отырып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ Хандығының 550 жылдығы, т. с. с. мәліметтерге шолу жасау, түсіндіру.
ІІІ. «Білімдіні байқау» ойыны.
Екі топтағы оқушыларға түрлі суреттер таңдатып, артындағы сұрақтарға жауап беру:
• Біздің Отанымыз қалай аталады?
• Елбасы кім, атап бер?
• Астанамыз қай қала?
• Қандай мерекелерді білесің?
• 1 - қыркүйек қандай күн?
• Әнұранның авторы кім?
ІҮ. «Ата - анамызбен бірге ойнаймыз»- ата - аналармен бірлескен тапсырма:
1 - топтағы ата - аналарға «Қазақстан» сөзінен көп сөз шығару.
2 - топтағы ата - аналарға - сөзжұмбақ шешу.
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
Ү. «Отаныма арнаймын!»- оқушылардың өнер көрсетуі: Отан, туған жер туралы жаттаған тақпақтары мен әндерін орындау.
ҮІ. Бекіту:

ҮІІ. Қорытынды: «Атамекен» әнімен сабақты аяқтау.

Кері қайту

Ілмек сөздер: тәрбие сағаты жоспары, менің Отаным Қазақстан, Отан жайлы тәрбие сағаты





тәрбиенің негізі - имандылық

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. Дүниетанымдарын молайтып, ойлау қабілеттерін шыңдау, өз
пікірін жеткізе білуге үйрету. Иманды ұл, инабатты қыз болуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кітап көрмесі, қанатты сөздер.

1 Кіріспе: Мұғалім сөзі.
2 «Имандылық»сөзіне ассосация құру.
3 Мұны білесің бе?
4 Хадистер. Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздері.
5 Адамның сөзі – ақылының таразысы.
6 Жаман әдет жақсы ат әпермейді.
7 Атаң болса анаңмен.
8 Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың.
9 Қонақтарға сөз беру.
10 Осы кештен қандай пайдалы ой түйдіңіз?
Түсінгенім...

1. Құрметті Ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Рахымды алланың атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.
Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.
2. Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

Сабырлы болу
Мейірімді болу
Әдепті болу
Қамқоршы
Имандылық
Төзімділік
Шыншылдық
Отансүйгіштік
Арлы болу

Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр. Нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық. Қазіргі зайырлы, өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.
3. Мұны білесің бе?

1. Исламның қасиетті кітабы ----- Құран Кәрім
2. Үш арсызды ата -------- ұйқы, күлкі, тамақ.
3. Үш байлықты ата ------- денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
4. Бес дұшпаныңызды ата ------ өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
5. Мұсылманның бес парызын ата ---- куәлік сөзі, намаз, ораза, зекет беру, қажылыққа бару.
6. Жеті атаңды білесің бе?

Бір өкініштісі соңғы жылдары ұлттық тәрбие жүйесі қағажу көріп, тәрбиенің ырғағы бұзылып кеткені белгілі. Оған есірткі мен анашаға тәуелділер, ішкілік пен темекіге әуестер. Жасөспірімдер арасында бұзақылықтар мен қылмыстың өршіп кетуі дәлел.
Себептер де аз емес.
Көбіне іскерге қоймадағы жүгі қымбат, саудагерге сатқан малы қымбат, үй ішіндегі күйбең тірліктен шешенің қолы босамауы, жұмысбастылықтан әкенің уақыт таппауы т. б. Қазіргі уақытта теледидардағы кино мен мультфильмдердің көбі атыс - шабыс, төбелес, қирату, ұру - сындыру, күш көрсетуге негізделген. Ал бұл себептердің санасы әлі қалыптаса қоймаған балаға зиянды екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда ислам дініндегі бала тәрбиесі туралы айтатын болсақ...
Ислам - қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады. Қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Хадис - Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран - Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, инабаттылық, имандылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
4. Хадистер
1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу.
2. Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлеуді бұйырады, себебі: әйел - анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.
3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.
5. Алғыс алған алтынға жолығады, қарғыс алғанның аты жоғалады.
6. Күнәлардың үлкені ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, яғни ата - ананы ренжітуден аулақ болуымыз керек.
7. Адамдардың көбісі тілінен шыққан сөздерден тозаққа кіреді. Тілді таспен, одан қалса сыртындағы екі ерінмен тосуымыз керек.

5. Адамның сөзі - ақылының таразысы.

Адам жас кезінен дұрыс, әсем сөйлеуге дағдылану керек. Олда адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Аузыңнан шыққан әрбір сөзге о дүниеде есепке тартыласың, сондықтан бос сөз, бөстекі әңгімелерге салынбауы тиіс. Сондай - ақ сөз арасын бөтен сөзбен былғап, тілді шұбарламай, шұрайлы тіркестер қолдана біл.

Сөз сөйлеу әдебі

1.Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.
2.Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.
3.Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.
4.Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.
5.Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.

Мақал - мәтелдер

Жақсы - байқап сөйлер, жаман - шайқап сөйлер.
Тілден бал да тамады, зәр де тамады.
Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.
Ұялмас бетке – талмас жақ бітеді.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

6. Жаман әдет жақсы ат әпермейді

Жаман әдет дегеніміз - сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, көп жағдайда зор өкінішке ұласатын жағымсыз қылықтар. Айталық, темекі, арақ, есірткіге құмартушылық, өтірік айту, жамандау, өзінің емес өзгелердің қателігін қазбалау, ауызды балағат сөзге үйрету, қызғаныш, қолын сұғанақтықтан тимау, сұраншақтық, ең аяғы түкіріне беру. Жаман әдет жұқпалы. Нашар әдет қайдан жұғады?

Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?

1. Әр адам өзінің осал тұстарын жақсы білу керек. Яғни, мен қателеспеймін деген ойдан барынша аулақ болу керек.
2. Бойыңда бір жаман дағды пайда болса, бүгінненбастап күрес, ертеңге қалдырма.
3. Өзіңе сын көзбен қарауды күшейтіп, рухани ілімін молайтып, жұмыссыз бос отырмау керек.
4. Жаман достардан алыс жүріп, жақсылардан үлгі алып, ұнамды әдеттерге еліктеу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену.
7. Атаң болса анаңмен

Ата - ана әркімнің ең қимас асылы. Дана Абай: «Әке ұрысса балаға ол да достық. Бала ұрысса әкеге жараса ма?»дегенде, перзенттің өзін өмірге әкелуге себепкер болған ата - анасына қарсы келуі, сөз қайтарып тайталасуы орынсыз екенін сынаған.
Бір көзді ана(көркем оқу)

Бес уақыт намазыңды жинамасаң,
Ораза ұстап жаныңды қинамасаң,
Алланың кешірмейтін бір күнәсі
Ата менен анаңды сыйламасаң,- деген Орманбай ақын хадистерде айтылған күнәнің ең үлкені ата - ананы сыйламау еккенін мегзеген..

8. Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың.

Батысқа барып, олардың әрбір минутпен санаса отырып, жұмыстарын реттегеніне таңқалған мұсылман жігітке: Оның несіне таңырқайсың? Бұл біздің сендерден үйренген қасиетіміз емес пе?- депті.
«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»- деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы - шайтан үшін таптырмайтын мүмкіншілік. Ғұлама, дана кісілер уақыттарын үнемдеуді жақсы білген. Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық - деп хадисте ескертілген. Бірақ Ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінде уақыт өлтіретін нәрсе өте көп. Уақыттың бір аңдушысы ұйқы болса, көп сөз көп қыдырудың да еншісінде. Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды - деп түйген халық.

Уақыттың қадірі

Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта орнында қалған оқушыдан сұра.
Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған анадан сұра.
Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра.
Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра.
Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.
Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған спортсмен жүгірушіден сұра.

Уақыттың бос өткендігінен сақтану керек, бос отыру айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін. Уақытыңды ізгі істерге жұмса: білім алуға, ата - ананың алдындағы міндеттерді орындауға, жетім - жесірге көмектес, мамандығыңды жақсы игер, мәнді пайдалы іске ұмтыл.

9. Қонақтарға сөз беру

10 Осы кештен қандай пайдалы ой түйдіңіз?
Түсінгенім........

Түсінгенім.... ешкімді қинап жақсы көргізе алмайсың. Жақсылығыңды аяма, қалғанын өздері біледі.

Түсінгенім.... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір - ақ сәт.
Түсінгенім.... ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек.
Түсінгенім.... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек.
Түсінгенім.... екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.
Түсінгенім.... жүрегің қанша жылап сыздаса да дүние сен үшін тоқтап қалмайды.





















Сбақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»



Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.



 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар

.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : 

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?



Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала

.

Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .



 ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Ысқырық пен түзеткен (милиционер)

Көше бойлап аяңдап

Адам тасып аяңдап

Өміріңді иүзеткен (автобус)



3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4.  Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

 Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.



Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Диана  :      Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

  Ән: Бағдаршам

1.Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

 Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

 Инспектор

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 Бағдаршам

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.



Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.



Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.



Тыйым салу  белгісі :

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.



 Міндеттеу белгісі :

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !



  Ңұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.



 Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.



  Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.
















Тақырыбы: Батырлар –ел қорғаны



Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,  патриоттық тәрбие беру.

0қушылардың Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерен  ерлігі және тыл майданы  туралы  түсініктерін кеңейту;

Ұлы Отан соғысы ардагерінің өмірімен танысу; ардагерлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз: Құрметті   Ұлы Отан соғысының ардагері  және қонақтар!Мектеп оқушылары!

Ұлы Отан соғысының  жеңісіне 70  жыл толуына орай  өткізілетін ерлік- тәрбие  сабағына қош келдіңіздер!

 І жүргізуші:

1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы гитлерлік армияның сөзсіз тізе бүгуімен аяқталғанын тарихтан жақсы білеміз.  Сол дәуірдің балалары да, жастары да ерекше патриот  еді.  Біздер, бүгінгі жастар  Ұлы Отан Соғысының  батырларын ардагерлерін бір сәтте естен шығармай, олардың ерліктерін  мақтан етеміз.

ІІ жүргізуші:

1941-1945 жылдар

Екінші жаһан соғысына жалпы халқы 1,7 млрд адамды құрайтын 61 мемелекет қатысты.

Әскер қатарына 110 млн. адам шақырылды.

Ұлы Отан соғысында 65 миллион адам қайтыс болды.

І жүргізуші:

Отан деп қазақ та майданға аттанды,

Тот басқан қылыштар суырылды қынаптан.

Ең зор майдан – қан майдан басталды,

Зорлықтың, қорлықтың діңгегін құлатқан.

ІІ жүргізуші:

Ефрейтор Адольф Гителердің есірік амбициясы бүкіл әлемді соғыс өртіне орады. Соғысқа қатысқан елдердің ішінде басты салмақ Кеңес Одағына түсті.

Кеңес –Герман майданының шебі 3 мың шақырымға дейінгі қашықтыққа созылып жатты.

І жүргізуші:

Біздің еліміз соғыс кезінде армияны толықтыруға, офицерлермен, армия, флот үшін резервтер  дайындау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас жіберілді.

Республика аймағында 27 әскери оқу орындарында 16 мың офицерлер тәрбиеленіп шығарылған.

Соғыс кезінде Қазақстанның 700 мыңнан  астам адамдары еңбек армиясында жеңісті жақындатуға атсалысты.

ІІ жүргізуші:

Ауылдағы күллі тіршілік әйел иығына түсті.

Жас буыны қатпаған балалар  жұмысқа араласты.

Соғыс кезінде азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарлар көлемі 7-15 есе кеміп кетті. Базардағы баға 10-15 есе жоғары болды.

Нан мен маңызды азық-түлікке кәртішкелік тәртіп енгізілді.

Қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық және жеке бау-бақшалықтар дамытылды., сөйтіп мемлекет пен еңбек арқасында азық –түлік проблемасы шешілді.

Совет Одағының батыры атағын алған 497 адам.

Олардың ішінде  аты аңызға айналған атақты  да, даңқты Бауыржан Момышұлы ағамыз да бар.



 Оқушы

Бауыржан Момышұлы — әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының батыры.

1941 жылы Ұлы Отан соғысында генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы 18 гвардияшылар құрамында майданға аттанды.

Бауыржан Момышұлы

Гвардиялық дивизияны басқарды.

1941 жылы күзгі шайқаста өз батальоны 27 рет шабуылға бастап шықты.

Бес рет қошауды бұзып, Ресейдегі Волоколамск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крюкова, Бородино ,Трашкова, т.б. қала, деревнялар үшін болған қырғын ұрыстарда 9 рет асқан ерлік көрсетті.

Совет Одағының батыры атағын алған 497 адам.

Олардың ішінде аты аңызға айналған атақты  да, даңқты Бауыржан Момышұлы ағамыз да бар.

Бауыржан Момышұлы — әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының батыры.

   Оқушы

Рейхстагқа ту тіккен Қазақсатандық азаматы
Рақымжан Қошқарбаев

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев

7 мамыр 1999 жылы Рақымжан Қошқарбаевқа “Халық Қаһарманы “ атағын берді.

Оқушы

Шығыстың  қос шынары(ғаламтордан алынған материалдар туралы ой бөлісу)

Оқушы(соғыс ардагерінің  өмірбаянымен таныстырады)

Шанханай ауылдық округі

Қоянкөз ауылы

Ұлы Отан соғыс ардагері

Төлегенов  Жұбайбек

1922 ж 1қаңтар айында Қараеспе ауылында дүниеге келген.

1941 ж, желтоқсан айында 19 жасында соғысқа аттанды.

Ардагер атамыз соғыс жылдарында

Клинин бағытымен: Латвия, Сталинград майданына 1941 жылы  түсті.

Сұрақ:

Құрметті Жұмбайбек ата ! Соғысқа барасыз дегенде қандай сезімде болдыңыз?

1942 жылы әскери ант қабылдады.

1942 жылы Волокаламск қаласында болды.

28-ші Панфилов атындағы 19-шы гвардиялық полкта,1943 жылы академиялық оқуға жіберілді.

1942-1943 жылы Калининград, Кольма, Волакалам, Старополь (1946),

Литва, Латвия, Эстония (1944)

Рига (1945)

Бауыржан Момышұлы қол астында байланысшы болды.

Құрметті Жұбайбек ата! Бауыржан Момышұлыны  қандай адам  ретінде тани алдыңыз?

Шапчаев Леонид Иванович басқарған полкта адюдант болып қызмет етеді.

шені аға сержант

1942 жылы 22 шілдеде төсінен ауыр жарақат алды.

1943 жылы 27 наурызда жеңіл жарақат алды.

1944 жылы 15 маусымда оң жақ төсінен 3 рет жарақат алды.

Құрметті Жұбайбек ата! Бірнеше жарақат алғаннан кейін , елге  аман -есен ораламын  ба, жоқ па ,-деген ой туған жоқ па?

1945 жылы соғыс аяқталғанда Куйбышев госпиталінде Шапчаевпен бірге жатқан.

Соғыс аяқталғанын осы жерде естіді.

Құрметті Жұбайбек ата!  Соғыс аяқталды! Жеңіс! – деген сөзін естігендегі қуаныш сезіміңізбен бөліссеңіз?

1946 жылдың күзінде Жұбайбек атамыз елге оралды.

Ардагер атамыздың  наградалары

Ерлігі үшін № 776881

Қызыл жұлдыз №910534

Германияны жеңгені үшін (1946)

Ордендері:

Ұлы Отан соғысы ІІ дәрежелі №4281469

Мерекелік медальдары: Совет Одағының Маршалы Т.К. Жуков 25 жыл, 30 жыл, 40 жыл, 55, жыл

Соғыстан кейінгі жылдард

Аманкелді колхозында 40 жыл механизатор болып жұмыс істеді.

Коммунистік партия мүшесі

Сегіз бала тәрбиелеп өсірді.

Қазіргі кезде немере , шөбере сүйіп отыр.



Оқушылар  өлеңдерін оқу.

Оқушылардың концерттік номері.

 

Қорытынды:

«Ер есімі –ел  есінде»  .Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес, болшаққа арналған. Еліміздің қаһарармандары , ардагерлерінің асқақ рухы мәңгі сақталады». Егеменді    еліміз жасай берсін». Елімізде тыныштық , бейбітшілік болсын!

Елiмнiң атын айтсам – Қазақстан,

Жерiмнiң атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – республикам, мақтанышым,

Мен сенi жырлаймын мақтан үшiн.

Құдайым маған кұйттай жүрек берген,

Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!

 



















































Тәрбие сағат тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім



Тәрбие сағат мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;



3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» 1 желтоқсан -Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты. Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағал

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!