Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің мектебім
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қарағанды обылысы
Шет ауданы
Алтайбаев негізіг орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мукашева Мейрамкул Саулебек қызы
Апта |
Күні |
№ 11-сабақ |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Мектеп ережелері |
|||||||||||||||||||||||||||
Ортақ тақырып |
Менің мектебім |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаның бөліміне сілтеме |
1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы |
|||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаты: |
2.1.2.3. Мектептің ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық ережелерін түсіндіру |
|||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар:
|
|||||||||||||||||||||||||||
Жетістік өлшемдері |
Оқушы мақсатына жетеді, егер:
Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер:
|
|||||||||||||||||||||||||||
Оқытудың әдістері мен тәсілдері |
Әңгіме құру, оқулық және дәптермен жұмыс, жұптық жұмыс, өзіндік жұмыс, дидактикалық ойын |
|||||||||||||||||||||||||||
Көрнекі құралдар |
Мұғалімге: компьютер, тәртіп; жауапкершілік сөздері көрсетілген тақтайша, тақырып бойынша суреттер, әуе шары, топтық жұмыс үшін тапсырмалары бар конверттер. Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері, түсті қағаздардан жасалған алақандар. |
|||||||||||||||||||||||||||
Кілттік сөздер және пікірлер |
Оқушы, сабақ, үзіліс, мектеп ұжымы, өзін ұстау ережелері, міндеттер. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||
Уақыт |
Сабақтың өту кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||
2 мин. |
Ұйымдастыру. Жағымды көңіл күй қалыптастыру |
«Сендерге тілейтінім» (Шаттық шеңбері). (Музыкалық сүйемелдеумен шеңберге тұру). – Мұғалімнің қолында доп. Ол допты басқаларға береді. Балалар допты бір-біріне беру кезінде тілек білдіруі керек. Сөйлемді «Менің саған тілейтінім...» деп бастау керек. Мұғалім балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстауды ұсынады. – Жылулықты сезіндіңдер ме? – Бір-біріңе күлімсіреңдер. Сабақтың басында алған фишкалардың түсі бойынша топтарға жіктеу. Сабақтың ұранын айтады: Біз – ақылдымыз! Біз – ынтымақтымыз! Біз – зейіндіміз! Біз – ынталымыз! Біз өте жақсы оқимыз! Біздің қолымыздан барлығы келеді! |
Қатысушылар шеңберге тұрып, мұғалімнің айтқа-нын орындайды. Оқушылар сабақтың ұранын бірауыздан айтады. |
|||||||||||||||||||||||||
3 мин. |
Сабақтың мақсатын қою |
(К) Қозғалысқа келтіру – тапсырмасы. «Біздің мектеп» видеокөрінісін тамашалау. – Сендер көрген көрініс не жайлы? – Балалар, өтінемін парақтың ортасына біздің тақырыбымыздың кілттік сөзін жазыңдар. Ол – әрине «Мектеп» сөзі. Ал сөздің жан-жағына мектеппен байланысты, ойларыңа түскен сөздерді жазыңдар.
Мектеп
– Екінші қатарға және қаламның басқа түсімен мектептер қандай болатынын жазыңдар. – Бұл оқу мекемелерінің барлығын не біріктіреді? Біздің елде мектептің көптеген түрлері бар: орта жалпы білім беретін, бастауыш, негізгі, қандай да бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, дамыта оқытатын мектептер, бірақ бұл мектептердің барлығы бір міндетті атқарады – балаларға білім береді. – Не себепті бірде-бір мектеп онсыз жұмыс істей алмайды? Бұл сұраққа жауап беру үшін сыныптағы суреттердің барлығын топтарға бөліп беру керек. – Тақтадағы суреттерді мұқият қарастырыңдар. Оларды қандай топтарға жіктеуге болады? 1) Мектепте өзін ұстау. 2) Көшеде өзін ұстау. – Қай суреттер көп? – Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не жайлы сөйлесеміз? – Біздің әңгімеміздің тақырыбын, сендер түсінген шығарсыңдар: «Мектепте өзін ұстау ережелері». – Сабағымыздың мақсаты не? (Тақтада мектеп қауымдастығында ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлықтық ережелерін түсіндіру). – Оқу мақсатына қандай жағдайда қол жеткізе аламыз? (Тақтада) |
Жауап береді, жазып алады, тыңдайды. Сыныпта ілінген суреттерді қарастырады және топтарға жіктейді. Тақтадан сабақтың тақырыбын оқиды. Өз ой-пікірлерін жеткізеді. |
|||||||||||||||||||||||||
10 мин. |
Жаңа білімдерді меңгеру |
Топта жұмыс істеудің ережелерін талқылайды. Сабағымыздың мақсатына жету үшін сендер топ ішінде жұмыс орындайсыңдар. Біз оны зерттеу деп атаймыз. Кәне, топта жұмысты орындаудың тәртібін еске түсірейік: (оқушылар топ ішінде жұмыс істеудің ережелерін өздері естеріне түсіреді немесе мұғалім слайдтан ережелерді оқып беруді ұсынады):
Топ бойынша міндеттерді бөлу. Әр топта өздерінің редакторы, безендірушісі, құрастырушысы және корректоры тағайындалады. Әр топ әділеттілік таразысы, мектеп, доп және секірмек суреттелген суреттері бар конвертті алады.
1-ші топ – түсіндірме сөздікпен жұмыс істейді
және заң мен
бұзақы сөздерінің мағынасын
түсіндіреді. Сондай-ақ біздің заңдардың қалай пайда болғанын 2- және 4-топтар – «Менің мектебім» жобасы бойынша жұмыс істейді. 3 – 5-топтар – мектепте өзін ұстаудың ережелерін құрастырады және конвертте берілген жағдайды шешуге тырысады. Топ ішіндегі өзіндік жұмыс. Балалар тапсырмаларын алған соң, әрбір топ өз тапсырмаларын орындайды. Суреттерді пайдалана отырып, ватман қағазының бетіне өз материалдарын безендіреді. Топтардың жұмысы кезінде оңтайлы жағдай тудыру үшін ақырын ғана музыкалық әуен ойнап тұрады. Сергіту сәті Еркін ұста денеңді, Тарсылдатпай еденді. Орнымыздан тұрып ап, Жүгірейік бір уақ. Бір, екі, үш, бір, екі, үш. Аяқты алға созайық, Денемізді қозғайық, Тым сылбырда болмайық, Алға қарай озбайық. Бір, екі, үш, бір, екі, үш. Топтардың презентациясы. 1-топтың қорғау жұмысы. – Тәртіп бұзушылық болмас үшін адамдар заң топтамасын шығарды. Қазір біз Заң дегеніміз не және олар қалай пайда болғанын айтамыз. Түсіндірме сөздіктен немесе энциклопедиядан сөздерді түсіндіру: Заң – мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Жоғары заңдық күшіне ие. Құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық қылмыстық және теріс қылықтарға бөлінеді (азаматтық, құқықтық, әкімшілік). – Сендер білесіңдер ме, туғаннан бастап сендердің құқықтарыңды қорғайтын біздің планетамыздың ең басты ұйымы бар – БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы). Баланың барлық құқығы өте маңызды құжатта – Баланың құқығы туралы конвенцияда жазылған. Балалардың негізгі құқықтары:
2 және 4-топтың жобасын қорғауы. Оқушылар өз жобасында болашақ мектептің немесе өз арман-қиялындағы мектептің көрінісін ұсынады. – Мектептегі мұғалімдер қандай болмақ? – Мектептегі оқушылар қандай болмақ? – Менің мектебіме тілейтінім... (балалар стикермен өз мектептеріне тілектерін жазады). 3 және 5-топтың жобасын қорғауы. Топтың оқушылары мектепте өзіне өзі ұстаудың ережелерін ұсынады және ұсынған жағдайды шешу бойынша нұсқаулықтар береді. «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен». (әр топқа өлең оқылады, ұйқас жауап айту) 1. Бұрылатын қызға да, Ұрынатын ұлға да. Төбелеспей жүрмейтін, Қандай бала бұл тұрған? (тентек, сотқар, бұзақы, әдепсіз т.б.) 2. Кітап түбі қырқылған, Күнделігі жыртылған. Сабаққа да самарқау, Қандай бала бұл тұрған? (бұзық және т.б.) 3. Сабақ айта білмеген, Шақырмасаң жүрмеген. Сабақ бетін ашпайтын, Баланы сен кім дер ең? (жалқау, еріншек т.б.) 4. Сыйлап үлкен ағаны, Сәлем берген баланы. Кім дейміз? (Әдепті екен бұл дейміз) 5. Таудай биік талабы, Жақсы оқитын баланы. Кім дейміз? (Үлгілі екен бұл дейміз) 6. Кітап, дәптер қаламы, Кір шалмаған баланы. Кім дейміз? (Ұқыпты екен бұл дейміз) Қоңырау соғылса. Тым тентек бір бала, Жан сүйгені – қыр дала. Дамыл таппай жүгіреді. Сақ-сақ күліп секіреді. Жүйрік желім тым сотқар, Біреу «қой» деп айтса егер, Тілді алмай ерегесер. Тентек бала, қоңырауда, өзін ұстауда қандай қателіктерге бой алдырды? (4 қателікке бой алдырды). Мұндай қоңырау пайдалы ма? Қоңырау кезеңде қалай тынығу керек? Сергіту сәті. «Мен де» ойынын ойнауды ұсынамын. Егер де мен дұрыс қылық айтсам «мен де» деп айтасыңдар, ал егер бұрыс қылық айтсам – үндемейсіңдер. Дайынсыңдар ма? – Мен мектепке жинақы киініп келемін; – Мен барлық мектеп жабдықтарын реттеп ұстаймын; – Мен мектепке уақытылы келемін; – Мен мектепке кіре, итерісіп, барлығын басып озуға асығамын; – Мен сыныпқа кіргенде, әрдайым сәлемдесем; – Мен мектепте ешқашан ересек адамдармен амандаспаймын; – Мен әрқашан ересектермен амандасамын; – Мен әрқашан көрсетілген көмекке алғысымды білдіремін; – Мен әрқашан досымнан ойыншығын тартып аламын; – Мен әрқашан сөйлеп тұрғанның сөзін бөлемін; – Мен әрқашан үстелімді жинақы ұстаймын; – Мен әрқашан досыма көмектесемін; – Мен әрқашан шағымданамын; – Мен дәлізде бас сауғалатып жүгірем де жүрем. Мектепте өзін ұстау ережесін білетіндеріңді көріп тұрмын. Жаңа сөздерді енгізеді.
|
Топ ішінде жұмысты орындаудың ережелерін естеріне түсіріп, атайды. Тыңдап, әңгімеге қатысады. Мұғалімнің соңынан жаңа сөздерді қайталайды. |
|||||||||||||||||||||||||
11 мин. 1 мин. |
Жаңа материалды түсінуді тексеру |
Сыныпта талқылаумен жалғасатын, дәптердегі жұмыс бойынша топтық жұмысты ұйымдастырады. «Сөзді жазып аяқта» тапсырмасы. Бастауыш сынып оқушысына қиындық тудырмас үшін, көп уақытты алмас үшін оқушыларға дайын жауаптарды қиып беруге болады. Ал оқушылар өз кезегінде желіммен жабыстыруларына болады. Сабақта ынталы бол, байсалды және _________бол. (зейінді) Жазуда қалма, тыңдағанда сөзді __________. (бөлме) Жауап бергің келсе қолыңды ______________. (көтер) Математикада санайды, қоңырауда__________. (демалады) Сабақта бол ұқыпты, көп сөйлемей __________ сияқты. (сауысқан) Егер досың жауап берсе, жауабын сен ________. (бөгеме) Досыңа көмектескің келсе, ____________ ақырын көтергін. (қолыңды) ____________соғылғаны, сабақтың аяқталғаны. (Қоңыраудың) Қоңырау соғылса қайта. Сабаққа дайын бол _________. (тайсалма) Қоңырауда _____________, дәрігерлердің мазасын алма. (айғайлама) Оқулықпен жұмысты ұйымдастырады. Біз барлығымыз айналамыздағыларға жақсы әрі жайлы болатындай өмір сүруіміз керек. Сол үшін де өзін ұстау ережелері – өзіңді қалай ұстау керектігі үшін ойлап табылған. Мектеп – қоғамдық орын. Мұнда ересектер мен балалар өзін ұстаудың міндетті ережелерін және ішкі тәртіпті ұстану қажет. Олардың көбісі саған бірінші сыныпқа келгеннен белгілі. Өлеңдерді оқып, қорытынды шығарыңдар. Сабаққа оқушы үнемі уақытымен келеді. Мінекей сыныпта тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккенді тоспаймыз. Білім басы мектебімізде қаланар, Білімменен әлемге жол салынар. Бұл ережені ұстану қажеттілігі сол, кешігіп келген оқушы мұғалімді және өзінің сыныптастарын алаңдатпауы керек.
Мектепке кешікпеу үшін: 1. Күн тәртібін сақтау. Кешкі сағат оннан кешікпей ұйықтау қажет. 2. Мектепке сабақ басталғанға дейін 15 минут ерте келу қажет. Сабақ мұғаліммен сәлемдесуден басталады. Сәлем – сөздің анасы, Сәлем – сөздің сарасы, Сәлемдесер үлкенге, Дарқан даланың баласы. Мұғаліммен сәлемдесу үшін оқушылар өз орындарынан тұруы керек және «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» деген мұғалімнің сәлеміне бастарын изеуі керек. Мұғалімнің рұқсатынан кейін партаға отыруға болады. Егер де сыныпқа ересектер кіретін болса, онда оқушылар, оны орындарынан тұрып қарсы алады. Жауап бергің немесе сұрақ қойғың келсе – қолыңды көтер. Мұғалім сабақта жауапты күтеді, Кім білмейді, кім біледі? Жауапты білсең көтер қолыңды, Шулама, әдеп сақта, біл өз орныңды. Партада отырып тұрудың ережесін сақта. Ойып жазып атыңды, Мазамды алма сызғылап, Тыңдамайтын ақылды. Болма тентек мұз құлақ, Парта деген мүлік қой, Қадірін сен біліп қой. Партада қалай дұрыс отыру керек? Оқушы орындыққа денесімен толық отыру керек, көзі оқулықтан немесе дәптерден 30 см-дің аралығында, аяқтары барлық өкшесімен еденді басып тұрады. Арқасы тік орындықтың жақтауына тиуі қажет. Қолдары, иықтарын не көтермей, не түсірмей, партада еркін түрде орналасады. Есте сақтаған маңызды – дұрыс отырмау омыртқаның қисаюына және көру қабілетінің нашарлауына алып келеді.
Сабақта мұғалімді мұқият тыңда. «Қызық болды сабақ», – Деді күліп Ардақ. Оған қатпады жауап. Санат отыр, қарға санап. Оқушылар мектепке жаңа білім алу үшін келеді. Сабақ үстінде басқа істермен айналыспау керек: телефонмен ойнау, сөйлесу, сурет салу т.б. Бұндай балалар тек өздеріне ғана емес, сонымен бірге сыныптастарына да кедергі келтіреді. Асханадағы өзін ұстау ережелерін есіңде сақта. Балаларға қоңырау соғылды, Балалар асханаға ағылды. Асхананың бар өз тәртібі, Есте сақта, біліп қой, Ұмытпа қайталап ал! Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ-табақты. Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны сол қолмен, Нанды үгітпе қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын, Салдыр-салақ болмағын. Әрбір сабақтан кейін үзіліс. Бірақ үзілісте де оқушылар өзін ұстаудың ережелерін естен шығармаулары керек. Міне, қоңырау соғылды, Уақыт үзіліске берілді. Тынығасың ба өз-өзімен, Ойнайсың ба досыңмен. Бұл үзіліс саған берілген. Дәлізде әдепті сақтағын, Тазалық, тыныштық бар тағы. |
Жұптасып жұмысты орындаудың ережелерін естеріне түсіріп, атайды. Тапсырманы оқып, мағынасы сәйкес келетін сөзді жазып аяқтайды. Өз пікірлерін басқа жұптардың пікірлерімен салыстырады. Оқулықты ашып, мәтінді оқиды және суреттерді қарастырады. Оқығандары туралы өз ойларын білдіреді. Тыңдап, әңгімелесуге қатысады. |
|||||||||||||||||||||||||
10 мин. |
Жаңа тақырыпты бекіту |
Топта жұмыс істеудің ережелерін талқылайды. Дәптермен жұмыс. «Халық даналығының қазынасынан» – «Сәйкестендіру» стратегиясы арқылы екі бөлік сөйлемдерден өзін ұстау мәдениеті туралы мақал-мәтелдерді құрастырыңдар.
– Қай мақалдың мағынасы түсініксіз? – Мектептегі өзін ұстау тәртібі туралы айтқанда қай мақалдың мағынасына сәйкес келеді? «Өзіңді тексер». Мектепте өзін ұстаудың ережелері (тест). 1. Мектепке келе сап, оқушы ең алдымен не істеуі керек? А) бірден сыныпқа барады; Ә) сырт киімін шешіп, аяқкиімін ауыстырып, сыныпқа барады; Б) бірден асханаға барады; 2. Қандай заттарды мектепке өзіңмен бірге алып келуге болмайды? А) айналадағылардың өміріне және денсаулығына қауіпті заттарды; Ә) ұялы телефон, плеер; Б) оқулықтар; 3. Сабақтың басталу белгісі: А) қоңырау; Ә) қоңыраулы сағат; Б) сағат; 4. Оқушы қоңырау соғылған соң не істеуі керек? А) үйіне қайту; Ә) басқа оқушылармен әңгімелесу; Б) орнына отырып, сабаққа дайындығын тексеру; 5. Оқушы мұғалім сыныпқа кірген соң не істеуі керек? А) орнынан тұру; Ә) достарымен сөйлесу; Б) сыныптан шығу; 6. Мұғалімге сұрақ қою үшін оқушы не істеуі керек? А) мұғалімнің сөзін бөліп, сұрақ қою; Ә) қолын көтеру; Б) сабақтың аяқталуын күту; 7. Мұғалім сыныптан шығарда оқушы не істеуі керек? А) шулау; Ә) сынып ішінде жүгіру; Б) тыныш отыру; 8. Сабақ аяқталған соң оқушы не істеуі керек? А) сыныптан шығу туралы мұғалімнің рұқсатын күту, заттарын жинау және парта үстін реттеу; Ә) бірден заттарын жинай бастау; Б) бірден сыныптан шығу; 9. Соңғы сабақ біткен соң не істеуі керек? А) мектептен шығу; Ә) сыныпта қалу; Б) асханаға бару; 10. Сабақтан қалған жағдайда, оқушы қандай құжаттар алып келу керек? А) медициналық анықтама немесе ата-анасының хаты; Ә) оқушының өзінің хаты; Б) сақтандыру полисі; 11. Оқушы қашан және қай жерде тамақтана алады? А) сыныпта, сабақ үстінде; Ә) кез келген уақытта және кез келген жерде; Б) сабақтан тыс уақытта және арнайы бөлінген жерлерде; 12. Оқушыға мектепте ұялы телефонды пайдалануға қай уақытта рұқсат етіледі? А) сабақ кезінде; Ә) үзілісте; Б) ешқашан; 13. Оқушы сабақта немен айналысу керек? А) сөйлесіп, сыныптастарының мазасын алу; Ә) ұялы телефонмен сөйлеу немесе ойнау; Б) басқа оқушыларды сыныпқа кіргізбеу. 15. Оқушы өз бетімен мектепке бөгде адамдарды шақыра ала ма? А) шақыра алады, бірақ тек туыстарын; Ә) тек достары мен таныстарын шақыра алады; Б) жоқ. |
Топта жұмыс істеудің ережелерін естеріне түсіреді және атайды. Топ ішінде тапсырманы орындайды. Талқылайды. Жұмыстың нәтижесін салыстырады. Талқылайды. |
|||||||||||||||||||||||||
2 мин. |
Рефлексия және бағалау |
Бағалауды және рефлексиялық әңгімелесуді ұйымдастырады.
Балаларға кескінделген шеңберге түрлі түсті алақан бейнесін жапсыру ұсынылады: Егер сабақ ұнаса – сары түсті, егер ұнамаса – қызыл түсті, ықылассыз болса – көк түсті. Балалар сары түстіні жабыстырады – және көңілді күн бейнесі шықты.
Уақытқа байланысты жазбаша жазуларына немесе ауызша айтуларына болады.
|
Сұрақтарға жауап береді. Бағалау: дәптердегі жұмысты орындап, өз әрекеттеріне ой жүгіртеді. Өз таңдауларын түсіндіреді. |
|||||||||||||||||||||||||
1 мин. |
Үй тапсырмасы |
Үй тапсырмасын айтады: – дәптерге мектептегі мінез-құлықтың үш шартты белгісін суретте: сабақта және үзіліс кезінде рұқсат етілмейтін әрекеттер. |
Тапсырманы жазып алады. |
|||||||||||||||||||||||||
2 мин. |
Қорытындылау |
«Өзіңді тексер». «Мектеп ережесі» ескертпесін құрастыру. – Сыныпқа кіре салып мұғаліммен және достарыңмен сәлемдес; – Мектепке қоңырау соғылмай тұрып кел; – Егер сабаққа кешіксең, кешірім сұра және орныңа отыруға рұқсат сұра; – Сыныптасыңа кедергі келтірме, егер жауап бергің келсе – қолыңды көтер; – Асханада тыныштық сақта, тамақтану кезінде сөйлеспе; – Үзіліс кезінде тыныштық сақтап, ойна. |
Мектепте өзін ұстаудың ережелерін естеріне түсіріп, атайды. |