Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің өмірдегі құқығым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Менің өмірдегі
құқығым
Мақсаты:
Білімділік:
Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы
оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін
түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық
және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие
беру.
Мұғалім: «Ана
өз баласын тоғыз
ай,
тоғыз күн құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние
есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап
дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады.
Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы
қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді. Ол тоғыз ай бойы ана
құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты бірге бірге дүрсілдеп
соққан жүректі сезінді.
Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс
аясы шеттеді; осы қорқыныштарын
сәби жылауы арқылы
көрсетіп,
өмірге келген сәтте - ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала
жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған
зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар
аударатын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде, сақтап
қалады. Кейінгі өмірде өзіне назар аударту үшін ол тағыда осы
әдіске жүгінеді.
Жасөспірім кезінде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете
алмайды., себебі ол ұят нәрсе. Жасөспірім кезінде бала өзгере
бастайды. Бұрын ашық бала, жарқын мінезді,
белсенді
болып,
енді тұйықталса, ойы басқа да болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы
қашып, тәбеті болмаса т. б. балада қандайда бір мәселе туындаған
болу керек. Бала болса да қазіргі кезеңде әрбір баланың мүмкін
болғанша отбасында өмір сүруі мен тәрбиеленуге құқығы бар. Ал ата -
анасы қайтыс болған, ата - ана құқығынан айырылған жағдайда оларға
мемлекет тарапынан қорғаншы және қамқоршы орган тағайындалады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бала құқығы тақырыбына
арналады.
I бөлім
«Кім көп
біледі?»
1. Қоғам деген не? (Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)
2. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
3. Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз? (Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)
4. Құқықтық мәдениет деген не? (Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез — құлық)
5. Деклорация деген не? (Деклорация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)
6. Құқықтық норма дегеніміз не? (Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)
II бөлім
«Менің құқығым және
міндетім»
Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.
1. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің?
(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)
2. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қосаолардың міндеті дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)
3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің? (Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)
4. Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)
III бөлім
«Сөздік
турнир»
Берілеген мәліметке нақты атауын беру.
1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.
(Азамат)
2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан
мойындап, қамқорлық жасау.
(Деклорация)
3.Жалпы тәртіптік шара.
(Заң)
4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.
(Конвенция)
5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.
(Пакт)
6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.
(Конститутция)
7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.
(БҰҰ)
8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең
қымбат нәрсе не? (Бостандық)
IV бөлім
«Суреттер
әлемінде»
Берілген суреттер бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне сұғылмайды.
(Тұрғын үй)
2.Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген». Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)
2. БҰҰ-ның алдына қойған басты мақсаты – дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау. (Бейбітшілік)
3. Әрбір адам өмр сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. (Денсаулық)
4. Адамның, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)
5. Кез-келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ ол әр адамның қалауынша болуы тиіс. (Демалу)
6. Кез-келген бала бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйін көтеруге, қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)
Vбөлім
«Блиц турнир»
1. Қазақстан республикасын кім басқарады? (Президент)
2. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)
3. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады?(Парламент)
4. Заң шығарушы парламент неше палатадан тұрады?(Сенат, мәжіліс)
5. Адамның, азаматтық қоғамның өзара жауакершілігін бекітетін не?(Конституция)
6. ҚР конституциясын, заңдарды нормативтік сипаттағы президент жарлықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мәжіліс қарауына заң жобаларын енгізетін не?(Үкімет)
7. Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не?(Заң бұзушылық)
8. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата! (Ту, елтаңба, әнұран)
Қорытынды бөлімде 2 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.
Қорытынды.
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Отбасында адам бойындағы қасиеттер
жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.