"Менің Отаным -Қазақстан .ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің Отаным -Қазақстан .ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

«МеніңОтаным-Қазақстан

Бастауыш сынып мұғалімі: Ишанқұлова Рыскул

Пәні: дүниетану


Сабақтың тақырыбы:Менің Отаным -Қазақстан


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға Отан деген ұғымды түсіндіру, Қазақстанның табиғатымен таныстыру
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.

Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жекелей жұмыс,

Сабақ типі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карта, дидактикалық материалдар

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, еңбекке баулу,әдебиеттік оқу


Сабақтың барысы:

1 .Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық







Кел, балалар күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Білім сырын білейік.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қала мен ауылдың үйлерін салыстыр.

  2. Ауыл тұрғындары не егеді ?

  3. Ауылда қандай үй жануарларын ұстайды ?

  4. Ауруханада, мектепте, балабақшада кімдер жұмыс істейді?

  5. Көліктің қандай түрлері болады?

  6. Қандай жол ережелерін білесің?

  7. Денені қалай шынықтыруға болады?


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Қазақстан жайында суретпен жұмыс.

Жаңа сабақ

Отан- адамның туып- өскен және тұратын жері.Адам ауылда, селода, қалада дүниеге келуі мүмкін.Ата- анаңның үйі – сенің өмірге келіп,ержеткен үйің.Отан отбасынан басталады.Ал сенің ең үлкен нағыз Отаның – Қазақстан. Ол – Қазақстанда тұратын барлық халықтардың Отаны.

Қазақстан- үлкен ел.Мұнда өзен,көл, орман,жазықтар, таулар бар. Қазақстанда ауылдар мен қалалар көп.Кең – байтақ жерімізде Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.

Қазақстан өсімдіктер мен жануарларға бай.Бұл байлықтың бәрін халық пайдаланады.

Тауда қарағай мен шырша, жеміс –жидек өседі.Онда барыс,арқар, аю сияқты аңдар тіршілік етеді.Орманда емен, үйеңкі, қайың, қарағаш, терек ағаштары бар.Жазық далада қызғалдақ, қоңыраугүл, беде, жалбыз,селеу және басқа да өсімдіктер өседі.Ал жануарлардан қасқыр,түлкі, қоян, киік, құлан, қарақұйрық тәрізді аңдар жүреді.

Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі.Оны қорғай білуіміз керек.


Астана

Қазақстанның елордасы –Астана қаласы.Астана –әдемі жас қала.Онда кең көшелер , аллеялар мен саябақтар бар.Қала Есіл өзенінің екі жағын ала орналасқан. Ол күннен- күнге көркейіп келеді.


Астана- арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап жас болып,

Мен үлкен болғанда да.


Алматы

Алматы – Қазақстанның ең үлкен әрі әдемі қаласы.Ол Іле Алатауының баурайында орналасқан.Кең көшелер мен даңғылдар , биік ғимараттар қаланы көріктендіріп тұр.Көшелерді бойлай ағаш отырғызылған және гүлдер өте көп.


Ай астында әдемі,

Алматымдай қала жоқ.

Аялаған бар елі

Бақытты мендей бала жоқShape1


АТАМЕКЕН


Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген тапсырманы орындату



VІ. Бекіту кезеңі:

1.Сен қайда тұрасың?
2. Отан деген не?
3. Суретке қарап , Қазақстан туралы әңгіме құрастыр.

4.Астана жайлы сен не білесің?

5.Алматы туралы не білесің?


VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұнын айту.


VІІІ. Бағалау



-Бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады? ( оқушылардың пікірін тыңдау).





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
857
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі