Материалдар / Менің Отаным-Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің Отаным-Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сабақ өткізуге көмегі болады деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2020
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Отаны туралы білімдерін кеңейту. Ата Заңымыз туралы ұғым беру. Еліміздегі татулықты, достықты паш ету, ассамблея туралы ұғым қалыптастыру. Елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ту, Елтаңба, шарлар, гүлдер, нақыл сөздер жазылған плакат.
Сабақтың барысы

Қазақстан – туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады
Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Мұғалім: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Мұғалім: Ал қане, балалар,30 тамыз күні қандай мереке?
30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция – Ата Заңымыз қабылданған күн. Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады. Ата Заңым – бабалардың лебізі. Ата Заңым – барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата заңда адамды. Артық санау кемсітудің жоқ ізі. Ата Заңым мемлекет айбыны Ата Заңым асыл ойдың айдыны Туған жердің - Қазақстан елінің Ата Заңмен қорғалады байлығы.
Мұғалім: Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
«Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Отан туралы балалар не дейді?
Қазақ елінде тұратын адамдардың
Отаны – Қазақстан Республикасы.
1 - оқушы
Туған жер – алтын таң.
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
2 - оқушы
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
3 - оқушы
Отан дейміз кең - байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Мұғалім: Бүгінгі Қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдерімен терезесі тең болып; болашаққа жол ашты.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қай кезде жарияланып еді?
1991 жылы 16 желтоқсанда. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықтарды бастан кешірді, қасіреті қаншама!
Қазақстанның рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
4 - оқушы
Қазақстан Республикасының
болашағы елім, жерім, ата - бабам
күрескен, кіндік қаным тамған туған жерім.
5 - оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн.
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын.
Қазақстан Республикам – елім менің!
8 - оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын
Қазақстан Республикам менің.

Мұғалім: Біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақ жері қандай?
- Қазақ жері өте бай, әрі кең.
- Отанымыздың астанасы?
- Астана қаласы
- Ал сең білесің бе, осыған дейін қандай астаналар болған?
- Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астанамыз болған
- Астана қаласы бұл 13 - ші астанамыз екен.
- Астана қаласы күннен - күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.
- Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған

«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
3. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/

Қорытынды:
Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
- Міне, балалар, «Менің Отаным – Қазақстан»- деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!