Менің педагогикалық философиям

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің педагогикалық философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе үлгісінде жазылған пеадгогикалық тәжірибем
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Менің педагогикалық философиям

Менің педагогикалық философиям қазіргі таңда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім беру формасының негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.

Бүгінгі қоғам – үздіксіз даму мен жаңашылдықтың қоғамы. Осы тұрғыда баланың болашағы мен біліміне және тәрбиесіне көңіл бөлмесе болмайды. Сол себепті ұстаздар қауымының алдына зор міндеттер жүктелен. Ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деп мұғалім мамандығының маңыздылығын және жауапкершілігін айқындап берген.

Мұғалім тек білім ғана емес, ұлттық тәрбие де бере білу керек. Ол үшін мұғалімнің өзі де білімді әрі ұлттық тәрбиені бойына сіңірген заманауи маман болуы керек. Өйткені мұғалімға қарап оқушы бой түзейді. Оған қарап еліктейді. Қазіргі қоғамда жастар арасында батыстан кірген әдепсіз қылықтар мен теріс ағымдар кездесіп жатады. Ондай жастар уақыт өте келе имандылықтан да ада болып, елі тұрмақ ет жақынына да жақсылық істемейтін тасбауырға айналады. Қатігездікті қалай қалыптастырғанын байқамай, қоғам үшін өзінің жат элемент екенін де сезбей қалады.

Қазіргі қоғамда орын алып жатқан бұндай оқиғаның барлығы тәрбиеден. Осындай келеңсіз жағдайларға жол бермей, оның алдын алу үшін мұғалім – тек білім беретін тұлға ғана емес, ақылшы әрі жол сілтеп, бағыт беретін және инновациялық технологияларды жетік меңгерген кәсіби маман болуы қажет.

Дана Абай жақсы адамның сипатын былай деп айтып кеткен екен: «Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан болады». Мұғалім ретінде өз басым үнемі ізденісте болуға тырысамын. Сабақ барысында жаңа әдістер мен тәсілдерді қолданып, оқушылардың білімін арттырып, танымын кеңейтуді көздеймін.

Дүйсенбаева Ләззат Оралбайқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог -зерттеуші





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2024
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі