Материалдар / «Менің педагогикалық тәжірибемдегі Ы.Алтынсарин идеялары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің педагогикалық тәжірибемдегі Ы.Алтынсарин идеялары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс – тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой — өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
656
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің педагогикалық тәжірибемдегі Ы.Алтынсарин идеялары»

атты эссе байқауына қатысу



ӨТІНІМ



Қатысушының аты-жөні


Ошанова Багдагул Абуовна

Жұмыс орны


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Лауазымы

Физика пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі


26 жыл

Тақырып материалы


«Менің педагогикалық тәжірибемдегі Ы.Алтынсарин идеялары»

Электронды адрес


oshanova.bagdagul@mail.ru

Байланыс телефондары:

- жұмысшы

- ұялы


Жұмыс жайы тел:

Ұялы тел:87026530684














«Менің педагогикалық тәжірибемдегі Ы.Алтынсарин идеялары»

Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!

Ы.Алтынсарин

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған  ұзақ еңбек жолындағы өмірілік ұстанымым — әрқашан ізденісте, ой қозғалысында болу.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын сабақтастыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру»  атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша  жұмыс жасап жүрмін. Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс – тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой — өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының  тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының  негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің  барлық  педагогикалық  теориясында  жас  жеткіншектердің ұлттық  тәрбиесін  қалыптастырып, жетілдіруде қазақ  халқының  ғасырлар бойы тәрбие саласында  жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген  пікірді  ұстанған.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.

Ы.Алтынсарин – қазақтың салт – дәстүрін зерттеумен  айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы – Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам  зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін  біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді , халықтың жалпы  мәдениетін  көтерумен қатар  негізінен  олардың   тұрмысын  жақсартады  дейді. ХХ ғасырдың басында  бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген  ағартушылық қозғалыстың  туын   жалғастырды.

Қазіргі уақыттағы ұлтжандылық қасиеттерді жас ұрпақтың сана-сезіміне уялата білумен отаншылыдық рухта тәрбиелеу-басты міндеттердің бірі болып табылады. Философиялық, саяси және әлеуметтік идеялар, ұлттық дәстүрлер қоғамда құпталған беделге ие бұл факторлардың барлығы тәрбие жүйесі мен білім беру процесіне ықпал етеді.

Ұлттық құндылықтарымыздың ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Қазақтың шешендік сөздері, жыраулық поэзия, жыр – аңыздар мен лиро-эпостық батырлық дастандарға даналық сөздердің мағынасын түсінудің ерекше маңызы бар. Қазақ ұлтының даналық ой-толғамдары ерекше сапалық жақтарын түрлі салалар арқылы байқайсыз. Олар: философия, тарих, әдебиет, өнер, музыка, т.б. болып жалғасын табады. Демек, мектепте осы салалардағы пәндер мазмұнында рухани игіліктеріміздің көрініс табуы ойландыратын мәселе. Ал оқу мен тәрбие арқылы патриотизм идеяларын жүзеге асырылуы керек.

Халық педогогикасы тосыннан келген жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педогогикасы ғылым емес, ол халықтың хасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедогогика ғылымының зерттеу объектісі, педогогика ғылымын тудырушы бұлақ. Еліміз егемендікке қол жеткізген жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру уақыт талабымен бірге игілікті мақсат екені даусыз.

Осыған байланысты физиканы оқытудың бастапқы сатысында физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды күнделікті өмір тәжірибесімен, салт-дәстүрмен, әдебиетпен байланыстырдым.

Физика пәні - табиғатты, табиғат құрылыстар мен заңдарын пайдалануды зерттейтін ғылым.Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, физикалық заңдылықтарына, табиғат заңдылықтарын біліп, олармен тұрмыс-тіршілікте санасу жолдарын білу, экономикалық біліктілігіне, мәдениет пен өнердегі талғамы - жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі құрылыс түріне жатады.

«Халық ауыз әдебиетінің физикалық мазмұны: Мақал-мәтелдер» Мұнда оқушыларды тек қана қызықты мәліметтермен танысып қана қоймайды, сонымен қатар зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады, қазақ әдебиеті, әдебиет, пәндерімен байланыстыра отырып, есептер шешу барысында көптеген физикалық параметрлермен танысады.

Мысал: «Көсеу ұзын болса,қол күймес» бұл мақалдың физикалық мағнасын ашатын болсақ мұнда жылу құбылысын заттың жылу өткізгіштік қасиеті,

«Аузы күйген үрлеп ішер» бұл жердеде жылу құбылысына байланысты.

Физикаға, табиғатқа Абай,Ыбырай сол сияқты барлық ақын жазушыларымыз шығармалары тікелей байланыста. Табиғаттығы заңдылықтар мен құбылыстар олардың шығармаларында кең, әрі ғылыми терең негізде көрініс тапқан. Абай табиғатты жан-жағынан әсем келбетте суреттейді,Ыбырай өлеңдеріндеде әрбір көріністі жан жақты суреттей білген. Табиғат пен физикалық құбылыстарды бір арнаға ұштастыра сипаттайды.

Мысалы, Ыбрайдың мына бір «Өзен» атты өлеңінің мағынасына үңілсек, табиғат сырларымен физика заңдылықтарын ұштастыруға болады.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.

Бұл жерде судан жарықтың шағылуын,концентрация құбылысы болатынын сипаттауға болады.

Абайдың “Құлақтан кіріп бойды алар”өлеңі бойынша мынадай сұрақтар қою арқылы өлеңнің физика тұрғысынан шешімін табуға болады. Ән-күй, яғни музыкалық дыбыстар қалай пайда болады, қалай таралады. Дыбысты адам құлағы қалай қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын функциясы қандай? Бұл сұрақтарға толқындардың таралуы бойынша жауап береміз.

Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген   өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек  байлықта деп  ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін  бермейтін кертартпа көзқарасқа  соққы береді. Өмірде сарқылмас мол  байлық  – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –  жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.      Өнерді   үйрен, үйрен де жирен деп  санаған  халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер  тамған шебер  болуына  да мән берген.

ХХІ ғасырда білім сапасы  жалпыға ортақ, рухани – этикалық басымдылық негізінің мән құраушылық және шығармашыл, жаңашыл сипатына ие, сонымен қатар ғылыми негізде шынайы құрылған , сан қырлы , адамзат пен мемлекеттің  мәдени ескерткіштеріне сай негізделген, этномәдени , әлеуметтік – кәсіптік  және конфессионалды топтардың жан – жақты қажеттіліктерін, сондай – ақ жеке тұлғалардың рухани сұраныстарын  қанағаттандыруға бағытталған  болуы  қажет.  Осы  бағытта Ыбырайдың игілікті ісін  ықыласпен  қолдап, оны егемен елдің  білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиенің озық нобайы ретінде жандандырып, инновациялық сипатта әр бере отырып, тиімді қолдану оқыту міндеттерінің  талабы болған абзал.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!