Материалдар / Менің сүйікті мамандығым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің сүйікті мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйікті мамандығым жайлы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
377
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жанибекова Гүлайша Аманқызы,

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы,

194 орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі


Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім


Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Ұстаз – рухы таза, ой өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиетті, білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастауы. Адам тәрбиелеу – үлкен міндет болса, сол міндетті атқарушылардың бірі тағы да ұстаз.

Жасымнан ұстаздық жолды таңдадым, оның ішінде жас ұрпақты еңбекке, өнерге баулу тағдырыма жазылыпты. Себебі мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген тәмсіл бар. Мен, Жанибекова Гүлайша Аманқызы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы №194 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі сарапшы-педагогпын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, жүздеген шәкіртіме көркем еңбек бағытында білім беріп келе жатқаныма 20 жылдан асыпты. Өмірдің барлық саласына белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу – ұстаздық жолдағы үлкен мақсатым. Өйткені шығармашылық қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның ғана қолынан келеді.

Баланы еңбекке тәрбиелеу – қол еңбегінен басталады. Бала – шыбық,қалай исең, солай иіледі. Яғни, күн болып, сәулені қай жағынан молырақ түсірсең, солай қарай гүлдене түседі, иіледі. Ал баланың еңбек тәлімін игеру өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет. Сол себепті оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету басты назарға алынады. Осы тұста мен дарынды балалармен жеке жұмыс жасап, шығармашылық жобалар дайындауға тырысамын. Жыл сайын ұйымдастырылатын ғылыми жобалар байқауына қатысып, оқушыларым жүлделі орындар алып, жинақтарға енді. Атап айтар болсам, «Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық бағыттар» атты Республикалық ғылыми-практикалық материалдар жинағына 10-сынып оқушысы Тешебаева Назыммен бірлесе дайындалған «Қазақтың ұлттық ою-өрнегі», «Орда Junior»облыстық үздік ғылыми жобалар байқауының материалдар жинағына 9-сынып оқушысы Абдуллаева Балыммен бірге дайындаған «Мата қалдықтарынан кілемше тоқу» шығармашылық жобаларымыз жарияланды.

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»,-деп Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, жаһандану кезеңіндегі технологиялық қарқынды даму, әлемдік өзгерістер жаңашылдықпен білім алуға бағыттайды. Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген.

Жаңартылған білім беру аясында жасалған көркем еңбек пәнінің білім беру бағдарламасының мәні оқушылардың елестету мен бақылау қабілетін, кеңістікте тану және көзбен көріп қабылдау қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркемдік-технологиялық білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Көркем еңбек кіріктірілген (бейнелеу өнері мен технология) білім беру бағдарламасы тәжірибеге және нәтижеге бағытталған білім беру модельдеріне негізделген. Ал оның білім беру мазмұны мен педагогикалық әдіс-тәсілдері сындарлы, спиральды, модельдеу, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыда ойлау, саралап оқытудың теорияларына негізделіп құралған.

Мен өз тәжірибемде модульді оқыту технологиясы және сын тұрғысынан ойлау технологиясының кейбір элементтерін: схема, бейне кескіндер, түсіндіру әдістері, топтық, жұптық жұмыс формасын қолданамын. Оқушылар теорияны түсініп, кез келген бұйым затты қалай жасап шығару жұмыс жүйесін айтуға ұмтылса, кейін қарапайым іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға әрекет жасайды. Осы қадамдар арқылы нәтижеге жету үшін сабақ барысында заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын қолдануға тура келеді. Әсіресе келесі технология элементтерін қолдану тиімді деп санаймын: «Дамыта оқыту», «Ұжымдық оқыту», «Проблемалық оқыту», «Даралап, саралап оқыту».

Сонымен қатар, көркем еңбек сабағында электронды оқулықтарды қолдану оқытуды жекелендіреді. Мұның негізінде кері байланыс орнайды, оқушылардың өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзету жүзеге асады; оқудың мотивациясы күшейеді; рефлексияның дамуы қамтамасыз етіледі. Басқа құнды қасиеттеріне қоса, компьютер оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшіліктерін ескеруге және олардын жеке тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқу пәнінің оқыту барысында оқушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, кері байланыс пен рефлексия үдерісінде қолданатын тәсілдер оқушылардың көркем еңбек пәні бойынша да ойлау мен тілдік дағдыларын дамытуға, көркемдік-технологиялық білімін қалыптастыруға және тұлғалық қасиеттерін дамытуға қуатты құралдардың бірі болып табылады.

Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек қалыптасады. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.

Оқыту технологияларының ең басты ерекшеліктері – өзіндік ой-пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталуында. Тағы бір ерекшелігі жаңа материалдарды оқушы өз бетімен іздену арқылы меңгереді. Оқытудың жаңа технологиялары тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда нақты шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретеді.

Жаңаша білім беру мазмұнында бағалаудың критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл бағалаудың сапалылығы әр білім алушының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқушылардың дамуын, қызығушылығын және де оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады.

Мұғалім өз пәнінің терең білгірі ғана болу аз. Ол – заман талабына сай шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білімі мен біліктілігі, ой-өрісі жоғары тұлға. Осы қасиеттерді бойына сіңірген мұғалімнен білім алған бүгінгі шәкірт ертеңгі мектеп бітіруші болашағына нық қадам басары анық. Бүгінгі білім мен біліктілік бәсекеге түскен заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!