МЕНІҢ-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕНІҢ-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекші мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы















МЕНІҢ-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ

















Дайындаған:

Аға тәлімгер: Еслям Эльмира Гумаровна









2020-2021 оқу

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру;
Көрнекілігі: Елбасы Н. А. Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, Тәуелсіздіктің 29 жылдығына арналған кітап көрмесі, нақыл сөздер жазылған плакаттар, қазақ халқының тарихи тұлғаларының, мәдениет және әдебиет өнері қайраткерлерінің суреттері, энциклопедиялар.
Қолданылған құрал - жабдықтар: «Үздік бестік» кестесі, нөмірленген асықтар, дорба, бағалау парағы, сағат; марапаттау қағаздары; суреттер салынған конверттер.
Ойынның барысы:
Жүргізуші: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық ойынымыз да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.
Әр топ өздерімен таныстырып өтеді.
Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ-қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.
Ойын ҮШ кезеңнен тұрады:
І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді», ойынды бастамас бұрын ет қыздыру, яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.
ІІ кезең «Шатасқан кестеспе ».
ІІІ кезең «Төрт сурет бір сөз

Жүргізуші:Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың І кезеңін бастайық.
І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді...». Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 20 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Бірінші болып қай топ жаңылмай, мына сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.

1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды?  1991жыл.

2.Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?     1992 жыл 4 маусымда.

3.Қазақстан компартиясы қашан таратылды?  1991жыл.

4.Қазақстан ұлттық гвардиясы қашан құрылды? 1992 жылы.

5.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгенің айналымға енген жылы- 1993 жыл.

6. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық одақ құру»идеясы жарияланған жыл-1994 жыл .

7. «Қазақстан-2030 даму стратегиялық» бағдарламасының қабылданған жылы-1997 жыл.

8.Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ құрылтайы қашан болды? 2000 жыл.

9.Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау»заңының қабылданған жылы-2001 жыл.

10.Қазақстан Республикасының екі палаталы тұңғыш парламентінің өз жұмысын бастаған жылы-1996 жыл.

11. Қазақстан Республикасының қоспалаталы Парламентінің сайлауы қашан болды? 1995 жыл.

12. Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына қашан мүше болды? 1992 жылы.

2 КЕЗЕН Олай болса, келесі кезеңге көшпес бұрын сіздердің де жанкүйерлер ретінде осы ойыншылардың қоржынына үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 1 минут уақыт беремін және мына алдарыңыздағы шатаспа кестесінен Тәуелсіз Қазақстанымыздың қала аттарын тауып айтуыңызды сұраймын. Қай топ жанкүйерлері көбірек қалаларды атаса сол топтың қоржынына 3 ұпай қосылады. Шатаспа кестесі корсетіделі
СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА, ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК, ШО, КБКЕШІ, ЕЫТШМКН, АТӘБВСЕ, АНТСАА, АШБЛХА, ТУАЫРА. (Сәтбаев, Балхаш, Астана, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе, Жезқазған, Ташкент, Бішкек, Ош, Атырау).

3 КЕЗЕҢ

Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін.

Келесі кездескенше, сау болыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі