Материалдар / "Менің тұңғыш-Елбасым" тәрбие сағаты балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің тұңғыш-Елбасым" тәрбие сағаты балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге берер көмектері мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
485
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

«Достық» МКҚК бөбекжай-бақшасы

тәрбиеші Жеткергенова Дана Дарханкызы



Менің тұңғыш-Елбасым!



Мақсаты: Рәміздермен таныстыру, президенттуралы мәліметтер ұсыну, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.


Көрнекілік: Елбасы суреті, слайд


Әдіс–тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, балаларды мақтау, мадақтау, қорытындылау.


Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің мәніғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлем берейік!

Сәлематсызба!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр.Осыған орай біз де «Менің тұңғыш-Елбасым!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

-Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?

(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды)


Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.


Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран қосылады)


Әрі қарай үстелімізге өтіп, Елбасымыз туралы өлең жолдарымызды айта кетейік.



-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан)

-Балалар біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)

-Балалар біздің бас қаламыз қай қала? (Нұр-Сұлтан)

-Балалар Отан деген не? (Біздің тұрып жатқан жеріміз,туған анамыз)

-Жарайсыңдар! Балалар.

-1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы болып сайланды.

-Елбасымызға арналған тақпақтарды кім біледі?

Ерке

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды,

Ешкашанда орынсыз

Шешімдері болмайды.

Адина

Тұңғыш атам-Нұрсұлтан!

Қазақ елім-Қазақстан!

Аят

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін!

Раяна

Елбасы елін қорғайды,

Халық оны қолдайды!

Амир

Жасай бер,қазағым!

Жасай бер-Елбасым!

Айша

Отан-қуат,

Отан-шуақ!

Кәусар

Халқымыздың ажары,

Елбасының арқасы.

Алина

Менің елім-Қазақстан!

Тұңғыш атам-Нұрсұлтан.


-Балалар жарайсыңдар!

Қазіргі таңда біздің президентіміз ауысты. Қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Елбасымыз өз орынын осы Тоқаев Қасым-Жомарт атамызға ұсынды. Біз осындай бақытты елде тұрып жатқанымызғ елбасыларымызға алғысымызды айтамыз. Осы Отанды мекен етіп. Ауасын жұтып, жерін басып жүргенімізге біз өте қуаныштымыз!

(Мақал-мәтелдер айтылады.)



Ойын: «Пішіндерді құрастыр»

Шарты:Пішіндерді бөліктерден құрастыру

- Балалар біз не жабыстырдық?

- Қандай пішін?

- Ал мынау қандай пішін?

- Бұл пішіндер неге ұқсайды?


Ал,енді викториналық сұрақтар:

1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? (тұңғыш президент)

4.Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)

4.Ту мен Елтаңбаға сипаттама беріңдер. (Елтаңбада шаңырақ,қос тұлпар бейнесі,бес жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бар.Туда қыран,күн,қазақтың ою өрнегі бар).

Презентация


- Сонымен балалар,бүгін Қазақстан туралы не білдік?

- Елордамыз қай қала?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

Қорытындылау.

Балаларды мақтау,мадақтау.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!