Материалдар / МЕНІҢ ТҮСІНІГІМДЕГІ «ТОЛЫҚ АДАМ»

МЕНІҢ ТҮСІНІГІМДЕГІ «ТОЛЫҚ АДАМ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты жазылған жазба жұмысы (шығарма). МЕНІҢ ТҮСІНІГІМДЕГІ «ТОЛЫҚ АДАМ»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
1186
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕНІҢ ТҮСІНІГІМДЕГІ «ТОЛЫҚ АДАМ»


Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек.

А.Құнанбайұлы


Жер бетінде тіршілік атаулының құдіреттісі адам. Адам болу үшін жай ғана адам болып туылу жеткіліксіз. Адамдарша әрекет жасау, адами қасиеттерді бойға дарыту, кемелдікке ұмтылу қажет. Осы тұрғыда ертедегі ойшыл-ғұламаларымыз «толық адам»  болудың жолдарын  қарастырып, өздерінше әрқилы пікірлер білдірген. Қазақтың ұлы ойшылы дана Абай да адам жаратылысының сырына үңіле білген. Ол өзіне дейінгі әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін ақылының сын таразысына салып, тұжырымдар жасады.

Менің бұл тақырыпқа көңіл бөлуіме ел басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы «Адам, адам болып қалыптасу үшін біз әуелі Абайдың «толық адам» тұжырымын негізе алуымыз керек» деген ойы түрткі болды. «Ол қандай адам? Ол адамның бойында қандай қасиеттер шоғырлану қажет?» деген сауалдар өз-өзіме сан рет қойылды. Осы бір сұраққа жауап табу үшін, нақтысын аңғарып, байыбына аз да болса бару үшін  кітап ақтардым, әрине, ең бірінші әлеуметтік желіге жүгіндім. Іздедім. Оқыдым. Ой түйдім. Жинақтап, қағазға түсірдім... Анадан жаңа туғандай, дүние нұрланып өзгергендей, бұрынғы болмысым мен Абайды парақтағаннан кейінгі болмысым, көзқарасым өзгеріп сала берді. Абай шын мәнінде ұлы, дара да дана тұлға екніне сенімім еселей түсті. «Толық адам» қандай адам?» деген сауалдың   жауабы өзінен өзі реттеліп, санамда тоқыла берді.

 Иә, Абай атаған «бес асыл іс» негізінен «толықтықты» танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек қайратты танытса, терең ойыңыз ақыл, ал қанағат пен рақым жүректен туатын қасиеттер. Сонда «Малға достың мұны жоқ малдан басқа» өлеңіндегі бұл мәселелер Абайдың қара сөзінде  ғана емес, көптеген өлеңдерінде де сөз болады.

«Әуелде бір суық мұз, ақыл, зерек» деген өлеңінде Абай:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жолда жоқ жарым есті «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. 

Біріншіден, оның шығарған «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі осыған дәлел.

Жалпы, «Ғылым таппай мақтанба» Абайдай ұстаздың ұрпақ болмысы мен тәрбиесіне арнаған алғашқы өлеңінің бірі. Ақын бұл өлеңде тән мен жанның таласы мен адамның өзін-өзі жетілдіруі, өз бейнесін құруы деген үлкен, күрделі мәселелерді көтерген.

Енді «бес асыл іске» келейік. Бұл жазылған «бес асыл іс» бірегей мемлекет болуымыздың да, ел болып еңселенуіміздің де, жалпы адам болуымыздың формуласы іспеттес. Өйткені, бесеуі де Құдай сүйетін қайырлы істер.

Талап пен еңбек бұл дүниеде жақсы ғұмыр кешу шарты. Бұл екеуінсіз жақсылық атаулы да, кетпес дәулет пен нәсіпке кенелу де жоқ. Себебі адамның үлгілі іс жасауына итермелейтін осы екі асыл іс.

Ортаңғы қазық болып қағылған іс «терең ой». Абайда «терең ой» Құдай бар, жан жоғалмайтынына үлкен сенім. «Терең ойдың» шын мәнісі берік иманға жетелейді.

Соңғы екі асыл іс қанағат пен рақым. Бұл екеуі де «терең ойдың» жемісі. Менің пікірімше, адам баласы жасаған ісінің мағынасын түйсініп, қолдағы барға шүкіршілік етіп, рақым ете біліп, өз-өзін ары қарай шыңдай беруі қажет.

Байқағанымыздай, бұл «бес асыл іс» біріне-бірі матаулы ғибратлы істер әрі «толық адамның» бейнесі. Бүгінгі таңда олардың өзектілігі арта түспесе, кеміген жоқ.

Екіншіден, оның келесі бір «толық адам» бейнесін ашуының тағы бір дәлелі оның «он жетінші қарасөзі».

    «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» міне, осы үш қана қасиет жеке тұлға бейнесін де, әрі кемел адам болмысын да қалыптастырушы. «Ыстық қайрат» ізденісің мен алға жылжуың. «Нұрлы ақыл» зейінің мен парасатыңды жақсы іс пен сауапқа жұмсауың. Ал, баршасының басқарушысы «жылы жүрек» иманың мен мейіріміңнің сөнбеуі. Бұл жайлы ақынның өзі де «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» деген. Әрине, бұл ізгі қасиеттерді тек жақсы мақсатта қолдана білсең ғана жеңіске жетесің.

 Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өз дәуірінде айтып кеткен аталы  сөздерінің әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын, өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның ғибрат алып, түйін түйер өсиеттері «толық адам» бейнесін құра алады демекпін. Сол себепті, «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» Абайды оқиық, таным көкжиегімізді кеңейтіп, «толық адам» болуға ұмтылайық!

103 мектеп-гимназиясы

10 «Ә» сынып оқушысы

Сапар Назерке



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ