"Менің туым" ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің туым" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі: Ата –бабам тарихы -менің тарихым

Мектеп: «Қараөзек» ЖОМКММ

Мұғалімнің аты - жөні: Азиева Толғанай

Күні : 08.12.2017 ж

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Менің туым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік қалыптастыру. «Менің туым» өлеңімен таныстыру, жатқа айта білуге баулу.Өлеңнің мазмұнын айта білуге үйрету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Көптеген оқушылар: Кейбір оқушылар:

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: туым, елтаңба, рәміздер Сыныптағы диолог\жазылым үшін сай келетін тіл стилі. Көтерілер шоқтығым- мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау. Шартарап - дүниежүзі Қазақстан туын сипаттап, әңгімелеп бер. Талқылауға арналған сұрақтар: Өлең сені қандай сезімге бөлейді?

Бағалау критерийлері


Құндылықтарды дарыту

Құрмет- тыңдалым кезінде.

Ынтымақтастық – топтық, жұптық жұмыс кезінде.

Еңбек және шығармашылық – тапсырма орындау кезінде.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Өлең мазмұнын түсініп оқып, айта біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз. 1-кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең.
Үйге берілген «Тәуелсіздік күні» деген мәтіннің мазмұнын сұрау. «Тәуелсіздік алған күн» өлеңін жатқа айтқызу.
Қызығушылықты ояту Оқушылардың жазған шығармасынан үзінді оқыту Мен, байтақ ел, Қазақстан Республикасында тұрамын. Менің байтақ елімнің президенті -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н.Ә.Назарбаев - ХХ-ғасырдың соныңда тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.  Ол кісі 1940 жылы Алматы облысындағы Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Президентіміздің  әкесі Әбіш ата  мен анасы Әлжан  әже еліне сыйлы, еңбек десе ішкен асын жерге қоятын, адал, өнерлі жандар болған. Нұрсұлтан Әбішұлы балалық шағында ұшқыш болуды қатты армандаған. Алайда,  еңбек жолын  металлург мамандығынан бастаған. Жастық шағының жігерлі шақтарын Қарағанды облысының  Теміртау қаласындағы   домна пештерінде болат балқытудан бастады. Қазіргі уақытта біздің Қазақстанның аты әлемге әйгілі болып отыр. Әрине, бұл біздің Елбасының салиқалы  саясатының арқасында қол жеткізген жетістігіміз.Менің Президентім-тәуелсіз қазақ елін тарих сахнасына шығарып, дүниежүзіне таныстырған, табыстырған дара тұлға.Менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің ғалымы мен техникасын, білімі мен мәдениетін, өнері мен спортын шырқау биікке көтерген ұлт қайраткері. Мен, болашақ Қазақстанның  кемеңгер ұрпағы,  Президентімді мақтан тұтамын.


Сабақтың ортасы\ сабақтың негізгі бөлімі

Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің туым» Осы тақырыпқа қарай отырып, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз қандай?
« Менің туым» өлеңімен танысу, мәнерлеп оқып үйрену.
Өмірдерек. Тірек сөздер схемасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Сөздікпен жұмыс.
Көтерілер шоқтығым – мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.
Шартарап - дүниежүзі
2-кезең. Операциялық - орындаушылық кезең. Поэзия минуты.
Оқушылар «Менің туым» өлеңін мәнерлеп айтады.
Топтастыру стратегиясы. Сөзжұмбақ шешу «Тәуелсіздік»
Блок тапсырма. «АС» картасы.
Екі бағанға сөздер жазылады, оқушылар сөздерді оқып, есте сақтаулары қажет. «Күн мен түн» ойынын ойнау арқылы оқушылар көздерін жұмған кезде екі блоктан да бірнеше сөздер алынып тасталынады. Оқушылар жоғалған сөздерді орнына қойып жазады.
Ту, елтаңба
қазақ, егеменді
көк туым, алтын күн
еркіндік, қыран
«Мақал – сөздің мәйегі». Оқушыларға тақтада жазылған бірнеше мақалдың ішінен бүгінгі сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мағынасын айшықтайтын мақалды тауып, оқып беру тапсырылады.
Ой түйіндеу. Бүгінгі өтілген тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.


Мемлекеттік рәміздер

Сабақтың соңы

Сұрақтарға жауап беру 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл 
2. Қазақстан қандай мемлекет? 
3. Қазақстан халқының саны қанша ? 
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? 
5. Қазақстан қашан тәуелсіз болып жарияланды? 
6.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді? 
7. Қазақстанның бас қаласы және астанасын атаңдар. 
8. Қазақстан жері неге бай 
9. Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел  10.Тудың авторы кім ?
11.Ту неліктен көк түсті ?
12.Туда нелер бейнеленген ?
13. Елтаңбаның авторлары кім?
14. Елтаңбада нелер бейнеленген?
15. Әнұранның сөзін жазған кімдір?
16. Әнұранның әнін жазған кім?
17. «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» қашан тойланады?

Сұрақтар


3-кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі
(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір-бірін бағалайды.)


Үйге тапсырма

Мазмұндау, өлеңді жаттап келу




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.06.2018
947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі