Менің ұстаздарым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің ұстаздарым

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға ұстазды қадірлей білу қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Әдіскер: Қойшығұлова Айна Кемелқызы

Тақырыбы: «Менің ұстаздарым»

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, ізеттілік.

1.Сабақтың мақсаты:





- Оқушылардың бойында ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру;


- Әрбір оқушыны ұстаз қауімін құрметтеуге дағдыландыру;


- Оларға сыйластықпен қарауға үйрету, мұғалімге деген ризашылықтарын жария етуіне мүмкіндік жасау;


Уақыт

2мин

2.Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.













Ресурстар: оқулық, дәптер, плакаттар, үнтаспа, стикелер;

Шаттық шеңбері: Көңілді күн әні.


Жарқын жүзді ұстазым
Сөзін жазған:Ш.Смаханұлы
Әнін жазған:И.Нүсіпбаев
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
«Әліппені» ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.



4мин















2. Үй тапсырмасын сұрау.







3. Топпен ән айту.

«Табанды бала» мәтінін сұрау.

  • Бала өз мақсатына қалай жетті?

  • Ертегі ұнады ма? Несімен?

  • Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?



Білімнің кілтіндей
Әліппе ұстатқан.
Оқуға іркілмей
Тоқуға қыстатқан.

Қамқоры ұл-қыздың
Мұғалім - ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашан да.  
Жаманнан безуге
Жақсылық жасауға.


4мин












4мин

3. Әңгімеслесу:

Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу.

  • Ұстаз деп кімді айтамыз?

  • Сендер өздеріңе кімді ұстаз деп санайсыңдар?

  • Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?

4мин

4.Дәйексөз:

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.»

А.Құнанбаев

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

Халық мақалы


4мин






5.Ойын-жаттығуы.

Балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу. «Төрт құбылыс» Балалар айналып тұрады. Мұғалім: «»Су»,-десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады. «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, би билейді, ән айтады немесе тақпақ айтып береді.


3мин

6.Шығармашылық жұмыс.Топпен жұмыс.

Суретрке қарап «Менің аяулы ұстазым» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру. Суретке қарап ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер.

6мин

7.Әңгімелеу:

«Өнерлі жігіт» (аңыз әңгіме)

Әл Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын –тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр оған:

  • Күніне қанша табасын? – деп сұрайды.

  • Екі дирхемге жетер жетпес қана.

  • Онда сен бұл өнерді таста.Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін,- деп оны ертіп алады.Мұны естіген саудагерлер:

  • Мына диуана, дәруіштің дені сау ма?Өзі оқытып әрі оған төрт төлегені несі?- деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.


  • Әл- Фараби жігітке нені үйреткісі келді?

  • Шәкіртінің болашақта жақсы адам шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсыңдар?

  • Білім адамға не үшін қажет?


5мин

8.Назар аударайық!

Ұстаз:
1.біліммен сусындатады;
2.тәлім-тәрбие береді;
3.өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
4.табиғатты танып білуді меңгертеді;
5.адамдарды түсінуге үйретеді;
VІІІ. Жүректен жүрекке
Білім бергеніңіз үшін рақмет!

Оқуға үйреткеніңіз үшін рақмет!

Ақыл-кеңесіңіз үшін рақмет!

Жылы жүрегіңіз үшін рақмет!

Жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рақмет!


4мин

9.Үй тапсырмасы:

«Бақша ағаштары» оқып, мазмұнын айту.

1мин

10.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен ойналады. «Кемпірқосақ » тақырыбында мәтін оқылады.Талқылау.

Ал енді орнымызға жайғасып біраз тынығып алайық . Көзімізді жұмып, керемет ғажайып, әлемге саяхат жасаймыз.Алдымызда түрлі -түсті кемпірқосақ.Біз сол кемпірқосақтың үстімен жүріп келеміз,жүріп келеміз. Жоғарыдан бәрі әдемі көрініп тұр.Мұнда жасыл орманда, көк теңізде ,сары шөл де,қызыл гүл де бар.Мінекей, түрлі –түсті жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр тамшылары біздің бетімізді сипап өтіп,алақанымызға түсіп жатыр.Тамшыны көтеріп, құлақтарыңа жақындатыңдар.Ол сендерге не деп сыбырлайтынын естіңдер.Бұл тамшыны қолдарымызға қысып ұстап, өздеріңмен бірге алып кетіңдер.Ол тамшы сенің жаныңда әрдайым болады.Сендерді қорғап, сендерге көмектесіп жүреді.Ал енеді көзімізді ашып сыныпқа қайта ораламыз...

3мин

11.Қорытындылау.Бағалау.

Ұстазымызға ризашылығымызды білдірейік:

Білім бергеніңіз үшін рақмет!
Оқуға үйреткеніңіз үшін рақмет!
Ақыл-кеңесіңіз үшін рақмет!
Жылы жүрегіңіз үшін рақмет!
Жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рақмет.

3мин















































Маңғыстау Гуманитарлық Колледжі







Өзін - өзі тану пәні бойынша

Байқау сабағы





Дайындаған:Бимурзаева Әсел

Тобы:ӨБ-21

Мектеп : №28

Сыныбы: 2«в»

Өткізілетін уақыты: 21.10.15

Әдіскер: Қойшығұлова А.К

Мұғалім: Қодарова Шолпан.

Баға:_______________________.

Қолы:______________________





Ақтау 2015жыл.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі