Пәннің аты: Экономика
негіздері.
№ 3 сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Меншік және
әлеуметтік-экономикалық құрылыс
Жоспар:
1.Меншік туралы түсінік,оның
түрлері.
2.Қазақстан Республикасында
меншік қатынастарын қайта құру.
Үй жұмысы № 2
Семинар: Қазақстандағы жекешелендіру
кезеңдері
1.Меншік туралы
түсінік,оның түрлері. '' Не -қалай -кім үшін
өндіреміз ?'' деген іргелі сауалдардан басқа , '' экономикалық
өкіметке кім қожалық етеді? '' деген тағы бір
негізгі сұрақ бар . Яғни , экономикалық
ресуртар және өндіріс нәтижелері
: тауар мен қызмет кімдікі болып саналады.
Меншік проблемасымен біз күн сайын ұшырасамыз. Адамдар ''менікі '',
'' басқаныкі '', ''біздікі '' деген ұғымдарды айыру керек . Бұл
ұғымдар меншікті талдай келе түсінікті болады
.
Меншік -адамдардың өндірістік
және өндірістік емес заттарды иемденудің тарихи анықталған қоғамдық
тәсілі. Ол әрқашанда мүліктермен , иемдену нысандарымен
байланысты. Меншік және меншік қатынастарының құқықтарын айыра білу
керек
ҚР-сы Конституциясының 6
бабының 1 тармағында былай делінген: мемлекеттік және жеке меншік
танылады және бірдей қорғалады.
Меншік дегеніміз
- өндіріс
құрал-жабдықтарын және өндірілген
өнімдерді иемденуге байланысты адамдар
арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам және затттың
арасындағы қарым-қатынас емес, адамдар арасындағы қатынастар болып
табылады.
Меншік- саяси-экономикалық
тұрғыдан қарастырғанда туындайтын қоғамдық- қатынастары. Қандай да
бір материалдық игіліккті өндіру – адамдардың өз қажетіне қарай
табиғат байлығы мен энергияны иемденуі болып
табылады.
Меншік
қатынастары:
А. Иемдену
;
В. Материалдық ресурстарды
тиімді пайдалану ;
С. Оларды жүзеге асырудың
экономикалық сипатын анықтау процестерінің қарым-қатынастарын
қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндіріс саласындағы аса маңызды
« адам мен адам» Қарым-қатынастарын
бейнелейді.
Меншіктің экономикалық
мазмұнын сол қоғамның барлық
өндірістік қатынастарының жиынтығын талдау арқылы түсіндіруге
болады. Бұл қатынастар айырбас, өндіріс, бөлу, тұтынуды
қарастырады. Меншікті экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ
өндірушінің өндіріс құрал жабдықтарымен өзара маңызды болып
табылады.
Әйгілі американ экономисі Кауз
меншік және нарықтық қатынастарды зерттеген. Сол сияқты Пруддон да
меншікті адамдар арасындағы қарым қатынастармен түсіндіреді. Меншік
ұдайы өндіріс процесі кезінде тарихи өзгеріп отырып, өндіріс
құралдары мен тұтыну құралдарын иемденуді
сипаттайды.
Меншік
құқығы дегеніміз - адамның
''өзінікі сияқты '' немесе ''бөтендікі сияқты
'' заттарға қатынасын айтады және ол :
''субъект объекті'' деген формулаға негізделеді.
Меншіктік қатынас -заттарға байланысты адамдар
арасындағы:
Субъект-субъект :объект
деген формула арқылы айқындалады.
Қ.Р. Азаматтық кодекстің 188
бап ,1-ші тармағында былай делінген :'' Меншік құқығы -субъектінің
өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену,
пайдалану және иелік құқығын заң актілерін
мойындауы және қорғауы ''
Меншік құқығының
жіктелуі: 1.Иемдену құқығы, 2.пайдалану
құқығы,
3. басқару құқығы,4.табысқа
құқығы,5.егемен құқығы,6. қауіпсіздікке құқығы,7.игілікті
мұрагерлікке беру құқығы8.игілікті мәнгілік иемдену
құқығы,9.қоршаған ортаға зиян келтіретін тыйым салу құқығы,10. Жаза
түріндегі жауапкершілікке құқығы,11. қалдық сипатындағы құқық яғни
бұзылған заңды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен
рәсімдердің болу құқығы.
2.Қазақстан Республикасында
меншік қатынастарын қайта құру.
Меншік қатынастарының
формалары бойынша:
Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт
бойынша қатынастар
қалыптасады.
Әкімшілік - әміршілік
экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар
мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып,
мемлекеттік меншіктің үстемділігі
жүргізіледі.
Нарықтық экономика
- меншікке, бәсекеге
негізделеді.
Аралас экономика –
мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы
арқылы экономиканы реттеу жүзеге
асады.
Нысандары:
1.Жеке иемдену
нысандары
2.Ұжымдық иемдену
нысандары
3.Қоғамдық иемдену
нысандары
Жеке иемдену нысандары
бірнешеге бөлінеді: жеке және жеке еңбектік,
т.б.
Ұжымдық
меншік: серіктестік, кооператитік, акционерлік.
Қоғамдық
меншік: жалпы меншік, муниципалдық болып
бөлінеді.
Жекешелендіру дегеніміз-адамзаттардың немесе олардың
бірлестіктернің акционерлік қоғамдардың
,серіктестіктердің , сондай-ақ
кәсіпорындардың акцияларының барлығын
немесе бір бөлігін жекеменшікке алуы болып
табылады.
Жекеменшіктің
құқық негіздері ҚР
Конституциясына енгізілген, сондай-ақ ол
құқық жекеменшік туралы , мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру туралы заңдармен бекітілген. Басқа да қосымша
заңдар,кәсіпорынға, мүліктік аманатқа ,жалға беруге, банкротқа
ұшыруға байланысты заңдар
қабылданды.
Жекешеленудірудің негізгі
мақсаты: мемлекетке тиесілі
өндірістік нысандары, басқадай материалдық және
материалдық емес активтерді төлеусіз жезне
төлемді ету арқылы мемлекеттің
республика халқына ұлттық
мүліктерді қайтару процесінде меншік
құқығын дербестеп , ортандылықтандырылған жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға көшу
үшін қажетті жағдайлар тудыру болып
табылады.
Осы мақсатты тудыру
үшін мынадай басты
мәселелерді шешу ойластырылған:
- мемлекеттік кәсіпорындардың
көпшілігін акциялауды , мемлекеттік меншік нысандарын
шағын және жаппай жекешелендіруді жүзеге
асыру арқылы нарықтық
бағдарламалы шаруашылық құрылымдарының
қалыптасуларын тездету
-
жекешендірілу кезінде халықтың барлық тобына
жағдай тудыру
-аса шаруақой
субъектілері есебінде жекеменшік
иелеріне тобын
қалыптастыру.
- бәсекелестік орта
құрып , өндірістегі монополияны жоюды қамтамасыз
ету
- Шағын
және орташа бизнестерді
дамыту;
-Ірі және бірегей халық
шарушылығы нысандарын қайта құрудың
жеке жобаларын жүзеге
асыру
-Шет ел инвесторларын тарта
отырып , жеке меншік бизнесті қайта
құруға байланысты ұйымдық- шаруашылық құрылымды
қалыптастыру
-Бағалы қағаздр нарығының
субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін
дамыту және
нығайту.
Бекіту
сұрақтары:
1.Меншік туралы түсінік,оның
түрлері.
2. Меншік құқығы
дегеніміз
3. Меншік құқығының
жіктелуі
4. Қазақстан Республикасында меншік
қатынастарын қайта құру
5. Жекешеленудірудің негізгі
мақсаты