Материалдар / мерекелік іс-шара "Аяулы анашым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мерекелік іс-шара "Аяулы анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл іс -шара 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған.Мектептегі педагогтерге қосымша материалдар ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
290
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аяулы анашым»

3 сынып би

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры .

Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызына береміз.

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

4 сынып оқушылары

1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Бүлдіршіндер тақпақ

Даярлық тобы ән

2-жүргізуші:  Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... оқушымыздың орындауындағы «Менің анам алтын» әнін қабыл алыңыздар.

5 сынып оқушылары

1-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

10-11сынып қыздар биі

6 сынып ән

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды...

Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Мұхаммед Пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Олай болса келесі ән шашуды қабыл алыңыздар

2 сынып әні

2 сынып ағылшын әні

1-жүргізуші: Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

2-жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

4 сынып оқушылары

1 сынып әні

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

2-жүргізуші:  Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

  Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше 6 сынып оқушыларының «Қамажай» биі

1-жүргізуші:Айналайын анашым

Әлпештеген баласын

Еміп өскен бөбекпіз

Анамыздың мамасын.

3 сынып ән

9 сынып би
2-жүргізушіАналардың мейрамы күліп бақыт,
Келеді шуақ алып таңдар атып.
Гүлдей әсем жүздерің қартаймасын,
Таққаның болсын әркез алтын – жақұт.

10-11 сынып ән

5 сынып Данияров Асанали


1 жүргізуші:Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Риза, Мадина «Маматайым» әні

2 жүргізуші:Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.

9 сынып «Анаға сәлем»

1 жүргізуші: Осымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ән шашуымыз аяқталды. Келесі кездескенше Сау болыңыздар!



























 

 

«Атбасар ауданы білім бөлімінің Бастау ауылы №2 орта мектебі» КММ























8 наурыз аналар күніне арналған концерт

«Аяулы анашым»







Орындаған Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей А.

























































2018 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!