Тақырыбы: «Қош келдің Әз
-Наурыз!»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы
мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың
салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайлыққа,
адамгершілікке, ұлттжандылыққа
тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп,
жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті
сөздері кеңінен
насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары,
ұлттық тағамдар, алтыбақан.
т.б.с
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық
кеш.
І. Қонақтарды
қабылдау.
ІІ. Жарапаз айтушы бала мен өнерпаз жігіт
жиналған
қауымды Наурыз тойын тамашалауға
шақырады.
ІІІ. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің
жүру
бағдарламасы.
1- Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым –
тыйымдары
туралы түсінік
беру.
2- Халық әндерімен билерін
тамашалау.
3- Қызыр атаны қарсы алу, бата
сұрау.
4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен,
кіртас көтеру, аударыспақ ойнау ) наурыз көже ішуден
сайыстар.
5 – «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден
сайыс. ( әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер
билейді )
Би «Шашу»
1
жүргізуші:
- Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан
жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ
салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ,
қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі
көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа
тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа
адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше
күн деп саналған.
2
жүргізуші:
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың
Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті,
киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген,
қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды », « туар жыл нұрлы болады »,
« Наурыздың ақша қарындай » деп әсем теңеулер айтып, « ағынан
жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады » - деп
ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше
қойған.
1
жүргізуші:
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан
бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан
ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда
шығады
дейді.
Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге
көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.
Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн»,
«Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы
торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан
күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары
сақталған.
2
жүргізуші:
Нұрбек ағай сіз білессіз бе ? Наурыз
мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің
тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған
деседі.
1
жүргізуші:
Иә, иә, Айнұр менің естуімше Ежелгі түркілер
ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын
алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші
күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші
болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге
патша болып, билік жасауына ерік берілген
деседі.
Ал, қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл
адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға
мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке
ортақ болған екен.
2
жүргізуші
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы
жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған
халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық
қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның
мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді
дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата
келе жатыр дейді.
«Қызыр Ата» келеді бата береді. Бекзат
Аралбаев 10 в сынып
оқушысы
1
жүргізуші:
Ерітіп қарын
даланың,
Жинатып гүлін
саланың.
Жетелеп жұмсақ
самалын,
Келді Наурыз – жыл
басы.
Күлімдеп қарап күміс
күн,
Аспаның бүркіп пүліш
түн.
Ұлы күні
Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл
басы!
Ән « Наурыз – думан
»
2
жүргізуші:
Ұлыс оң болсын
!
Ақпан кетті араз боп
Наурызбенен.
Наурыз жүр жоғалған бағын
іздей,
Көктем жетті көрісіп жанын
іздей
(көтеріңкі көңілмен дабырласып көріседі,
көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем қылып,
ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады.
(«Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу ) ауылдың
бозбаласы:
1-оқушы.
Ашық болсын қас –
қабақ,
Таспен атқанды аспен
ат.
Бейтаныс та, таныс
та,
Бүгін төрде бас
қонақ.
Арпа, бидай, тары
бар.
Ішілетін,
житіннің,
Бұл көжеде бәрі
бар.
Ошақта көп шоқ
әлі,
Астың ауыр
обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ
,
Қазан ауызы жоғары
.
Ақсақал жыл дастарханына бата
береді.
Бата: Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол болсын
!
Қайда барса жол
болсын,
Ұлыс береке
берсін.
Пәле - жала жерге енсін
!
1
жүргізуші:
Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында
үш күнге созылған (22 - 24 наурызда). Осы күндері әрбір отбасының
дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы
болған.
22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм
татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз
саналған.
Ән: « Қош келдің - Наурыз
»
2
жүргізуш
Ұлыс күні кәрі –
жас,
Құшақтасып
көріскен.
Жаңа ағытқан
қозыдай,
Жамырасып
көріскен.
Аталар бата
беріскен,
« Сақтай гөр» деп
терістен.
« Кел, таза бақ, кел»
десіп,
Кел тілек бер десіп
....
Би
«Будашкин»
1
жүргігізуші:
Қазақтың спорттық ойын түрі « Қазақша
күрестен»
көріністік сайысымызды
тамашалайық.
2 жүргізуші: Айнұр
Өтегенова
Ер жігіттер арасынан Наурыз көже ішуден
сайысымызды басталық. Қане аулымыздың жігіттері қайда. Ортаға 4 –
оқушы шығарылады.
1
жүргізуші:
Кезекті әнге берелік «Ару қыз»
әні
(Осы жерде қазақ киім киген қыз балалар сән
үлгісін көрсетуі арқылы шығады, қазақы қол өнерлерін алып көрсетеді
).
2
жүргізуші:
«Қырқынан шығару » рәсімін жіберейік
«Шілдехана әні» орындалып тұрады. Ендігі кезекте аулымыздың
бойжеткендеріне арналған «Санамақ» ойынна кезек
берелік.
1
жүргізуші:
Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге
арналған «Күш сынасу» кезегіне
берелік.
Би « Қара жорға »
орын:
2
жүргізуші:
Осымен 8 сынып ұжымының ұйымдастыруымен өткен
«Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кешіміз
аяқталды.
Оқушылардың жүйелі ойлау әрекеті ұлттық
дүниетанымды түсінуге, оны ғылыми дүниетаныммен ұштастыруға
мүмкіндік туғыздым, теориялық білім мен өмір тәжірибесінен алынған
ілімнің айырмашылықтарын ажыратуға
үйреттім.