Мукамбетказина
Г.Н
«Мерекеңмен
анашым!»
-Балалар бізге осы
жарық дүниені сыйлаған жан кім?
-Ана
Ана,ана,ана!Не деген
мейірлі,не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түп –төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр
десеңізші!Сезім мен қасиеті,бар махаббат пен шапағатты сыйдырып
тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл
өмірде.Жақсылық атаулының барлығы да күннің нұрынан,ананың сүтінен
таралған.Ендеше құрметті аналар,ұстаз аналар,қадірлі
апайлар,қызғалдақ қыздар көктемнің алғашқы лебімен ере келген төл
мерекелеріңіз құтты болсын!Бүгінгі 1 «ә»класс оқушыларының күшімен
ұйымдастырылған шағын ғана «Мерекеңмен,анашым!»атты кешіне қош
келдіңіздер!
Жүргізуші: Той пердесін
ашайық
Тойға шашу
шашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән маржанын
шашайық,-демекші тойларыңыз құтты болсын аналар!
Жүргізуші: Біз ғана
емес
Қадір тұтқан
бабалар
Аналардан туған небір
даналар
Ана-деген тіршіліктің
тірегі
Армысыздар ,қасиетті
аналар!
Жүргізуші:8 март
келді
Шаттық сезім ап
келді
Қуанышты
күндерде
Құттықтаймыз
сіздерді
Жүргізуші:О,Анашым
Таянышым,тірегім
Бар бақытты бір басыңа
тіледім
Мені жақсы болса екен
деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор
жүрегің
Жүргізуші:Туғаннан
«құлыным»деп аймалаған
Өзіңдей қамқор адам
қайда маған
Дүние аналармен көрікті
ғой
Анасыз бұлбұл құс та
сайрамаған
Ән: «Құттықтаймын ана
мерекеңізбен!»
1.Гүлхан
2.Жангүл
Құтты болсын,ардақты
ана Аналардың ақ сүтінен нәр алған
Асыл анам мерекең
Аналардың үмітінен жаралған
Құтты болсын,теңдік
алған Сәби едік енді міне есейдік
Қуанышты мерекең
Аналардың көмекшісі саналған
3.Бану
4.Ынтымақ
Бауырсақ маған жегізген
Жүре берсең қасымда
Жал десем,жая жегізген
Әйбат анам қуанам
Шекер десем,бал беріп
Ботам деген даусыңнан
Аялап мені
емізген
Аяулы менің анашым Мен
мәз болып оянам
5.Дархан
6.Аймарал
Ақыл құйған санама
Қамқорсың ана өмірде
Күннен де ыстық расында
Қуатым сенсің көңілге
Күн алыста,ал анам
Әлпештеп мені өсірдің
Ылғи менің қасымда
Ұшармын ертең көгіңде
7.Әлпештеген,аялаған
Ақ сүт берген
маматайым
Өз қолыммен жазып
бүгін
Мейрамыңмен
құттықтаймын
Ән: « Апатайым
–анашым»
8.Інжу
9.Әліби
Жұрттың бәрі білетін
Асығыспен жететін
Жалғыз менің анам ба?
Жұмысы балабақшаға
Бала оқытып жүретін
Бәрін емдеп кететін
Менің анам жаман ба?
Менің анам жаман ба?
10.Бикелді
Бәрі жақсы
ананың
Бәрі де орны
бөлек-ау
Бірақ әрбір
баланың
Өз анасы
бөлек-ау
Ш.Сариев ағамыздың
өлеңінде айтылғандай,біз ренжісек те,шат-шадыман күйге түссек
те,анамызбен бірге бөлісетін,әрқашан мейірімді жүзбен,сағынышты
көңілмен бізді қарсы алатын адам бар.Ол кім?
Ендеше әжемізге арнаған
өлеңімізді айтайық.
11.Гүлнафис
12.Нұрғали
Әже деген көп шығар
Таусылмайды өлеңі
Әжедейі жоқ шығар Күнде
айтып береді
Мейірімді бұл кісі
Барған сайын қонаққа
Қандай ғажап күлкісі
Кәмпит алып келеді
Әжем мені
өйткені
Өте жақсы
көреді
13.Айсұлу
14.Рүстем
«Ана»деген сөзді де «
Күнім,жаным» дегенді
«Аға»деген сөзді де «
Құлыншағым» дегенді
«Әке»деген сөзді де
«Ботақаным» дегенді
«Апа»деген сөзді де
«Қошақаным» дегенді
Бәрі: Ойлап тапқан
балалар «Айналайын» дегенді
«Толған айым»
дегенді
Бәрі:Ойлап тапқан
балалар
Жүргізуші: Мерекелер
мектептен басталады
Барлық бала шығады одан
көктеп
Мұнда әрі шыңдалады жас
талабы
Мерекеңмен қымбатты ана
мектеп!
Ән: «Сәлем саған
мектебім»
Ән:
«Қошақан»
Көрініс: Саламатсыздар
ма,ой,мына жерде не мереке?Сыныптың алдынан өтіп бара жатыр едім
күнтізбеде 8наурыз ерекше түспен жазылыпты.Соның себебін білу үшін
осында келдім.
Мұғалім:Жарайды, онда
тыңда балақай
1910 жылы Данияда
Копенгаген деген қалада әйелдердің халықаралық конференциясы
өтеді.Конференцияда күреспен қол жеткізген осы күн барша әйел
қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтады.Осы ұсыныс бір
ауыздан қабылданып 8-наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесі болып
қабылданды.Бұл мереке тек біздің елімізде емес,бүіл әлемде
тойланады.
Шет елдерде аналар
мерекесі күні арнайы сыйлықтар дүкен сөрелеріне шығарылады
екен.Және бұл күннің ең басты сыйы-тәтті торт.Англияда осындай
торттың үстіне кондитерлік 12 шар безендіріледі екен.Ол
жұлдызнамадағы 12 белгіні білдіреді.Ал Канадада аналарға арнайы
экскурсиялық пойыз шығарып,әсем жерлерді аралатады екен.Оған арнайы
билет алдын-ала сатылады екен.Америкада бұл күні аналардың жалғыз
жұмысы өзіне арнап келіп жатқан сыйлықты қабылдау үшін есікті ашып
жабу ғана екен.Ал біз қалай тойлаймыз?
Міне осылай бұл күні
біз аналарымызға деген жүрекжарды лебіздерімізді білдіріп,ән салып,
би билеп,көңілдерін көтереміз.
Жарайды , рахмет
сіздерге енді түсіндім.Ендеше мерекеге мен де үлесімді
қосайын.Барлық аналарға,қыздарымызға арнап ән
жолдайын.
Ән: «Мектеп
вальсі»
Жүргізуші:Сізден өскен
балалар
Батырлар мен
даналар
Құттықтаймыз
сіздерді
Құрметті
аналар
Ән: «Ақ
мамам»
Песенка Крокодила
Гены
Қазақ биі
«Шаттық»
Жүргізуші:Ана-өмірдің
қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы
жүрегі
Ана алдында ел жауы да
бас иген
Олар дәйім тыныштықты
тіледі
Жүргізуші:Ана
десем,алғыс алам халқымнан
Ана десем,теңіз болам
шалқыған
Ана десем,ашылады
қабағым
Ана десем,әділдікті
ұғамын
Жүргізуші:Толған
арман,мақсат тұр алдымызда
Бақыттымыз анамыз жүр
жанымызда
Жүргізуші:Тыныштық
баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын
жыр-әніміз
Арманның арқасында
қанат қағып
Бақытты,бейбіт елдің
ұланымыз
Ендеше қазақ жерінде
бейбітшілік болсын,аспанымыз ашық болсын,аналарымыз аман
болып,қазақ елінің ұрпағы жалғассын!Әрқашан күн
сөнбесін!
Ән: «Әрқашан күн
сөнбесін»