Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мерғали Ибраев шығармаларындағы тұрақты тіркестер мен тарихи сөздердің қолданылуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері
және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Әдебиет
Тақырыбы: Мерғали Ибраев шығармаларындағы тұрақты тіркестер мен тарихи сөздердің қолданылуы
Авторы: Рамазанов Нұрбек
Біржан Исадилов атындағы
жалпы орта білім бетерін
мектебінің 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Шакимардан Нұрболат
Біржан Исадилов атындағы
жалпы орта білім беретін
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Кеңесші: Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы
Педагогика ғылымдарның
кандидаты,доцент
Шәкәрім атындағы Семей
мемлекетттік университетінің
Қазақ филологиясы факультеті
Семей
2018 жыл
Б.Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мекебінің 9-сынып оқушысы Рамазанов Нұрбектің "Мерғали Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестердің қолданылуы "атты ғылыми жобасына
Пікір
Қазақтың талантты ақыны, сазгер, жазушы, күйші, журналист Мерғали Ибраевтың қалың еліне мол рухани мұра қалдырып кетті. Ақын поэзиясымен таныс болған қауым, оның қандай қаламгер екендігін жақсы таниды. Оның шығармалары сан-алуан. Күні бүгінге дейін қаламгердің мұрасы тілдік тұрғыдан талдана қойған жоқ.
Оқушы Нұрбектің бұл зерттеу жұмысы өте жақсы ғылыми тұрғыдан талданып, жан-жақтты жазылған деуге болады. Ақынның шығрамашылығындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын ашуда, оның тілін зерттеуде аз болса да жас шәкірімнің талабы қуантады. Өзімнің бағдарыммен, берген тапсырмаларымның арқасында осындай тақырыпты толық талдап, саралауы үлкен жетістік дер едім.
Ақынның бай, шұрайлы тілін жалпыхалықтық байлансын ашып, өзіндің тың ойлар мен, жаңаша тркестерді қолданғанын жақсы көрсете білген. Осындай жақсы еңбектің жазылуы үлкен қуаныш!
Мектеп директоры: Тасжүреков.А.Ш
Жетекшісі: Шакимардан.Н
Б.Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Рамазанов Нұрбектің "Мерғали Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестердің қолданылуы" атты ғылыми жобасына
Пікір
Оқушы Нұрбектің "Мерғали Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестердің қолданылуы" атты ғылыми жобасы көңілге қонымды, өз дәрежесінде жазылған деуге болады. Оқушының көп ізденгені, материалдарды жинап, сұрыптап, оны пайдаға асыруы, мақсат-міндеттеріне жете білуі ұтымды шыққан.
Ғылыми жұмыста тақырып жан-жақты талқылынып, ғылыми тілмен баяндалып, мысалдар мен баяндауларды жақысы қолданғаны көрінеді. Ақын поэзиясындағы тарихи сөздер мен тіркестердің қалай қолданылғандығын аш білген.
Тілдік тұрғыдан талдауға түскен зеррттеу жұмысына жақсы баға беремін. Барлығы кезең-кезеңімен жазылған. Құрылымы мен жазылу стилі талаптарға сай. Жас зерттеушінің беталысы мен бағытын айқын. Қадамына сәттілік тілейміз!
Семей қаласы,Шәкәрім атындағы П.ғ.к,доцент
мемлекеттік университетінің Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы
Қазақ филологиясы факультеті
Аннотация
Мерғали Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестер атты ғылыми жобада ақын, сазгер, драматуг-жазушы, журналист жан-жақты өнер иесі Мерғали Ибраевтың шығармашылық мұрасы тілдік тұрғыдан талдауға түспек. Ақынның шығармашылығындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестердің талдануы ғылыми жұмыстың сапасын одан сайын арттырды.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі ақын шығармаларының тілік тұрғыдан талдауға түсуі. Негізгі мақсаты шығармаларындағы тарихи сөздер мен тіркестерге тоқталу. Ақынның сөз қолдану шеберлігін дәріптеумен бірге қаламгердің өмірі мен шығармашылығын тану. Зерттеу кезеңдері Мерғали Ибраев туралы материелдарды жинақтау, жиналған материалдарды сұрыптап, екшелеу Барлық өңдеуден өткен деректер мен шығармаларды жазу. Ең бастысы ғылыми жобаның өз деңгейінде жазылып шығуы. Зертеудің басты жаңалығы тілдік тұрғыдан талдауға түсуі.
М.Ибраев поэзиясындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестер сөздің,сөйлемнің мағынасын одан сайын күшейтіп, өз оқырмандарын баурап алып отырады. Осы тұрғыдан алғанда ақынның сөз саптау шеберлігін көреміз.
Сондықтан да, ақын шығармаларынынң табиғатын біртұтас қарастыру, тілдік тұрғыдан зерттеп,зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер қатарына жатады.
Мерғали эпикада да, лирикада да терей ойдың,үлкен сезімнің, ұшқыр қиялың ақыны болы. Ол әрқашан жүрегін жарып шыққан сезімін жырлады. оның поззиясы халықтық әдебиетпен байланысып, алғы шебінде болуы да осыдан. Мұны мен ақынның бұл ғылыми жұмысымда ұстазымның арқасында жан-жақты талдауға тырыстым.
Ақын Мерғали Ибраев жыр әлемінде өз ойын,өз шындығын жүйелі көркем тілде, ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білді. Ол табиғи таланытымен, дарынымен танылған тұлға. Оның ақындық әлемінің тақырыбы сан алуан, өлең-дастандар терең мазмұнға құрылған,ақындық шеберлікпен өрнектелумен оқырманын баурап алады.
Аннотация
Научный проект"Сочинение Мергали Ибраева о словах и фразеологизмов"
Творчество поэта, писателья, журналиста Мергали Ибраева изучается в языкознаний.
Особенность научного проекта в первое обсуждается в этом проекте. Он основал дорогие проекта: рассмотрение исторических слова и фразеологизмов.
Изучение жизни и творчества писателя.
Этапы исследование, сбор материалов, анализ работ.
Основая задача состоит в изучение фразеологизмов.
Главная проблема поэта состойт в изучении языкознания.
Мергали Ибраев талантливый лирик. Я исследовая эту роботу с помощью учителя казахского языка.
Произведения Мергали Ибраев очень разнообраздны и многогранны.
Аnnatation
Poet, composer, playwright, writer, journalist, comprehensively analyze the language owner of the man of art creative heritage of Mergali.. The analysis of creative historical words and stable expressions of the poet further improves the quality of scientific work. The relevance of the scientific work lies in the fact that the poet subjected to the desired analysis.
The main goal is to focus on historical words and phrases in art. Propagation of creativity of the poet and his creative activity for the purpose of. In poetry M.Ibraev there are historic words and the constant mix increase the importance of words, sentences. Therefore, the study of the nature of the poet's works is relevant today. Mergali became a poet of deep thoughts, great feelings, both in the epic and in the lyrics
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................................................................3
І. М.Ибраев шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қолнанылуы
1.1 Ақын поэзиясындағы ауызекі сөйлеу тілі көрінісі..........................................................................................................................5
1.2 Жалпыхалықтық және авторлық тұрақты тіркестер........................................................................................................................6
IІ М. Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздердің қолданылуы
2.1. Ақын туындыларындағы көнерген сөздер........................................................11
2.2. Этнографизмдердің стильдік мақсатта қолданылуы.......................................13
Қорытынды..................................................................................................….........16
Пайталанылған әдебиеттер ...................................................................................20
Кіріспе
Адамзат баласының ғасырлар
бойы қалыптасқан өзіндік тіл мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының
тікелей көрінісі болып табылатын қымбат дүниесі – оның тілі. Әрбір
тіл адам баласының қатынас құралы болуымен қатар, сол халықтың
мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік күйін, дүниетанымын бейнелеуде
маңызды және шешуші рөл атқарады. Қазақ тілінің сөз байлығы
халықтың рухани өмірін, тарихын, ұлттық нақышты, дүниенің тілдік
бейнесін сипаттау құралы болып табылады.
Тілдің өзіндік заңдылықтары тіл иесі этностың ғасырдан-ғасырға
жалғасып келе жатқан тарихының қалың беттерін, мәдениетін, ұлттық
мінез-құлқын сипаттауда ерекше орны бар көркем туынды тілі арқылы
да танылады. Көркем туынды тілін талдау әдеби туындының эстетикалық
табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген
мәселелерін шешуге тигізеді.Себебі, көркем туынды ұлттық болмысқа
қатысты мәселелерді жинақтайтын күрделі құбылыс, біртұтас дүние
ретінде әр ұлттың өзіне тән мәдениетінен, мінез-құлық,
жан-дүниесінен хабардар етеді, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Осымен
байланысты аќын Мерғали Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздер мен
тұрақты тіркестерді зерттегенде оның көсем сөздегі болсын, прозлық,
поэзалық шеберлігіне тоқталу аса маңызды, қиын да, қызықты
дүние.
Мерғали Ибраев иісі қазақ атына қанық ,бейнелеп айтсақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін есімін ел жақсы білетін әдеби туындыларымен кең танылған, көрнекті сөз бен көркем ойымыздың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. М.Ибраев-шығармашылық бақыттың шынайы биігіне көтерілген суреткер болды. Ол-сан қырлы тұлға. Ол-әдебиетші,жазушы, ақын ,ұстаз,журналист, драматург,аудармашы.
Ақын поэзиясының тілдік табиғатын халқымыздың тарихымен, сөз өнерімен, әні мен күйі мен байланыста қарастыру қазақ тіл білімінде ұлттық жаңа үрдістегі зерттеудің мәнін ғылыми тұрғыдан байытады деуге болады. Осындай бағытта зерттеу жұмысының жүргізілуі болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшіліктерді сипттай отырып, тіл мен ойдың байланыста екенін дәлелдейді.
Ақын шығармаларындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестердің қолданылуы өте мол. Оның прозасы мен поэзиясы қазіргі таңда толықтай ғылыми жағынан зерттеліп, тілдік талдауға түскен жоқ деуге болады. Оның поэзиясы жалпыхалықтық тілмен, көркем әдебиетпен тікелей байланысып жатыр. Ақын поэзиясын зерттеу басқа қаламгерлер сияқты оның да өз қолтаңбасын анықтау болып табылады.
М.Ибарев шығармаларындағы сөз тіркестері, бейнелеуіш сөздер, сол кездегі қазақ халқының тұрмысына, ұғымына лайықты қолданылған сөздер мен сөйлемдерден тұрады.
Қазақтың жалынды ақындарының бірі, қайталанбас жазушы М.Ибраев поэзиясындағы тіркестер мен тарихи сөзерді зерттеу баррысында қол жеткізген нәтижелер көркем әдебиетті де толықтырып, өзіндік үлес қосады деуге болады.
М.Ибраев поэзиясындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестер сөздің,сөйлемнің мағынасын одан сайын күшейтіп, өз оқырмандарын баурап алып отырады. Осы тұрғыдан алғанда ақынның сөз саптау шеберлігін көреміз. Ақын поэзиясындағы оның ішінде лексикасында ұтымды шыққан көне сөздер, кірме сөздер, ауыспалы мағынасы бар сөздер, антоним, синоним, омонимдердің, мақал мәтелдердің танымдық мазмұны өте күшті, әрі сәтті шыққан десек қателеспейміз.
Сондықтан да, ақын шығармаларынынң табиғатын біртұтас қарастыру, тілдік тұрғыдан зерттеп,зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер қатарына жатады.
Сол себепті осы ғылыми жобада мен ақынның тіліне соның ішінде тарихи сөздер мен көнерген сөздерді жеке алып, талдау жасауды жөн көріп отырмын.
І. М. Ибраев шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қолданылуы
1.1 Ақын поэзиясындағы ауызекі сөйлеу тілі көрінісі
Жалпы ақын өзі өмір сүрген заманда ауызекі тілде қолданылатын тілді жақсы меңгеріп,өз шығармаларында жеткізе білгендігін көреміз. Жалпы халықтық тілдегі эмоционалды-эксперсивті сөздерді тереңнен тартып,көптеп қолданады. Мысалы, жағымсыз эмцианы білдіретін "ит", "төбет" сөзері жиі қолданылған. Осындай "ит"сөзі жалпы халықтық тілде көп ұшытасытыны белгілі. Ұлы Абай мен Ілияс Жансүгіров щығармаларында да кезігеді. Сөйлеу тіліндегі эмоциасы басым бейнелі сөздер осы "ит" сөзімен байланысты. Мысалы "имеген иттерге бас сері", "дарқан көңілді иттер-ай"т.б
Осы мысалда "ит","төбет" сөздері жағымсыз күйде берілген.
Өз жөніңді ұмытып,
Итке басың иесің.
Ұзақ таңға у жұтып,
Аһлап жастық сүйесің(Тілек)
Ал,Мерғали Ибраевтың "Табынудың ақыры" атты еңбегінде.
Иттер бопты
Дағдырға би, асқа би,
Олар тоқ па
Сұралмапты басқа күй.
Санылыпты аппақ тудың гербісі,
Қаншық итті
Еміп жақтан қос сәби
Мерғал Ибраев өлеңдері халықтық тілде жазылған. Халықтық тілдің байлығын мол пайдаланған. "Жазымыштан дәстүр солай", "Болған қыз өз төркінін білмей кетер", "жүйрік жетпес жоқшылыққа", "салы суға кеткен", "ақсарбас айту", "Құдай жазды менде не бар?", "Жапалаққа жем берсе де, тірі тышқан алмайды", "Дос күлер, дүшпан үред" т.б мақал-нанымдармен суреттеуде халықтық тілімімізлегі көркемдегіш элементтердің бір саласы болып табылатын тұрақты сөз тіркестерді де ақын молынан қолданған.
1.2 Жалпыхалықтық және авторлық тұрақты тіркестер
Тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы фразелогизм.
Бұл ақын өңеңдерінің қуатын күшейтіп, ойды бейнелі жеткізуде көп рөл атқарады. Мерғали Ибраев халықтық тілдің тіркестерін молынан пайдаланылған ақын.
Әншінің таңырқайды әйелі көп,
Ойлап па, тәңір бұлай береді деп?
Сүрленген қазы-қарта майлы жамбас,
Ұсынды ала шыққан дәм еді деп
-Қашан да жүйрік жетпес жоқшылыққа
-Ішкі жоқ-деді қонақ-тоқшылықта
Ақсарбас айтып сойған жолға ырым ғып,
Құрбыжан қоржындағы басты ұмытпа(Жұмбақ жолаушы 175)
Осындағы кейіпкерің мінезін танытудағы жалыпы хаылқтық тілдегі"Тәңір беру" болып қолданылатын авторлық өңдеумен жасалған. Сөз арасындағы бейнелі сөз "құрбыжан,қоржындағы басты ұмытпа" бейнелі сөзімен анықталып тұр.
Ақын тұрақты тіркестерді "қиуын тауып, қиыннан келтіріп" аса шебер жұмсаған.
Ер жүзін көр топырақ тасалады.
Ез адам шаш ал десе бас алады.
Ез ісі-езбе малта қашандағы
Ерлік те елдің үшін жасалады.
Ел жетім-Ері өлген,
Байқалар қайта барсам кем-кетігім.
Жамауын жамап-жасқап бүтіндесіп,
Ел таныр келгенінде елге тыныш (Ер мен ещ,185)\
Жалыпы халықтық тілде "шаш ал десе, бас алар" деген тіркес екекшелігіне қатысты,ақын "ез адам,шаш ал десе бас алады", "Ез ісі-езбе малта" деп бояуын күшейтіп қолданады.
Мақал-мәтелді еш өзгеріссіз, орынды да жұмсайды.Мысалы,
"Қазақпыз таспен атса,аспен атпақ,
Қонағың қуыс үйден құр шығады
Көрпені төсесек те төрт қабаттап...
Ақын стиліне тән бір ерекшелік ол-бұрыннан бар белгілі бір мақалдың үлгісімен жаңа сөз орамдарын қалыптастыру. Халық тіліндегі "Адам өмірге қонақ" мақалын негізге ала отырып, Мерғали Ибраев жаңа фразеологиялық тіркес жасаған.
Жұмана алман бір күндікке,
Көп жұбанаса, көп те бөлек,
Кел демек бар, кет демек жоқ
Жөн таба алмай ұйлығасың,
Жол айырдық екі арада.
Бүгін төрде сыйлы басың,
Қалар ертең босағада,
Бірі пәни-жолайрық
Екіншісі-бақи деген.
Бүгін жырды қал айырып
Бақида кім оқиды өлең.
Көрген түсіп көрген қалды
Артымда жоқ ақтар күнә.
Өмірінде сөнген жанды
Өлгенінде мақтау күнә (Жұбана алман бір күндікке)
"Адам өмірге қонақ" мақалын өлең ішінде "пәни" немесе "бақи" ұғымымен саралай отырып ,ақын бірнеше тіркестер құрған. "Қонақ едім тірлікке", "Жолайрық-екіара", "Сыйлы бас", "Көрге түсіп көрген қалды", "босағада қалу", "қара жүрек"" у тамған".
Ақын халықтық формадағы тұрақты сөз тіркестерін өзгертіп қолдану арқылы жаңа мағына береді.
Қиянатты ұмыта алман,
Жүрек қара, жүзім кірбен
Бал тамбаған,уы тамған
өлгем мен де қызыл тілден (Жұбана алман бір күндікке,202)
"бал тамған тілден у да амды" тіркесі "қара жүрек деген тіркеспен қатар келіп қолданылады. "Толғауы тоқсан қызыл тіл" халық мақалының ұғымын айтылмаған жыр, ашылмаған сыр іздеу мақсатын білдіру үшін өңдеп, "бал тамбаған у тамған" деген мағынасын алады. Халықтық мақал негізінен авторлық бейнелі сөз тізбегін жасайды.
Мерғали Ибраев өлеңдерінде әр түрлі стильдік мақсатта қолданылған фразеологиялық тіркестер – қаламгер тілінің лексикалық байлығының бір қырын танытады.
Болғанда сенде сойыл, қара шоқпар,
Төрт тұяқ тіліп түсер – менде пышақ.
Перзенті екеуміз де даланың,
Сүмелек ұрылардай болма жаным.
Күрек тіс қыршып түссе қыр арқаңнан,
Қор болып қалама деп қорғанам.
Тұлғаң-ай, сұп-сұр болып түсің қашқан,
Жалынды жас екенсің күшің тасқан.
Қосар ап кілең жүйрік ат байлаған.
Келеді оншақтысы «аттандаған!» ...(Бозайғыр, 141).
Ақынның өлең шумақтарында қолданған «тіліп түсер төрт тұяқ», «дала перзенті», сүмелек ұры», «бас сауғала» т.б. тұраќты тіркестері өлең
құрылысына нұқсан келтірмей, нәрлейді. Тұрақы тіркестерді поэзия желісінің бірлігіне қайшы келмейтін тұтастықта бере білгендігінен ақын шеберлігі көрінеді
«Өмейді ән еркесі – елге қанат» деген тұрақты тіркес – «өнерлі өрге жүзеді» деген халықтық фразеологизм негізінде жасалса, «қарыздар қалмаспын», «жерге қарау» тіркестері де ақын өлеңдерінде өзгеше экспрессивті реңкке ие болады. Мысалы:
Үлде мен бүлдеге көмкерілген
Іздемейді үлкендік ол төріңнен.
Жұлдыз жанған бақытың сенің биік
Бүгінңмен және де ертеңіңмен!
Тау қозғалған дауылда еміренген,
Тербелгенде теңіздер тебіренген.
Талай-талай тар жолда, тайғақ кешу
Өлгенде де ол жеңіске сеніп өлген.
Оқтын-оқтын оқ атылады,
Біткен жоқ күрестің ақыры әлі..
Шартараптан саңқылдап шағала үндер
Шындық деген шыңдарға шақырады! (Коммунист, 50). Адам бойындағы «жігерлілікті» келесі сөз тіркестері « үлкендік төрі», «Жұлдызы жанған бақыт», «тербелген теңіз», «жеңіске сеніп өлу» т.б. арқылы өрнектеп, образды сәтті жасаған.
Ақын негіз етіп алған тұрақты сөз тіркестері қазақтың байырғы ауыз әдебиетіндегі қолданыстарды сөзбе-сөз қайталағандай болады. Сонымен қатар, әрбір оқырман көңілінен шығып, шығарма оқиғасын өзекті де өзгеше ете білген. Ақын фразеологизмдерді қолданғанда өзінің ойын, соның ішінде көңіл-күйін анық байқатып отырған.
Қорыта айтқанда, М. Ибраев халық тілі байлығын, халық тіліндегі эмоционалды-экспрессивті сөздерді орынды қолданады. Қарапайым сөздерді қолдану арқылы сөйлемдердің экспрессивті-эмоционалды қуатын арттырып, айтайын деген ойын оқырман көѕіліне бірден, нақты жеткізеді.
Мысалы:
«Босағаңда тыңдадым.
Алдымен саған қарыздар
Қымсынып көп оқыған,
Қымсынбай жазған жырларым!
Қырққа, жылым, кірдің бе,
Қош айтып сонау бір күнге...»(Ағалар мен інілер,51). Деген өлең жолдарында ақын өзі құрастырған сөз тіркестері арқылы «кейіпкердің» ішкі сезімін шебер жеткізе білген. Мәселен, «Қырыққа жылым кірдің бе, қош айтып сонау бір күнге» тармақтарынан ақынның жастық шаққа деген іңкәрлігін сезінеміз.
IІ М. И.Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздердің қолданылуы
2.1. Ақын туындыларындағы көнерген сөздер
Қоғамның өзгеруіне ,халықтың тұрмыс жағдайына,мәдениетіне,өндірістің дамуына ,ғылым мен техниканың өсіп-өркендеуіне байланысты жаңа сөздер пайда болып, қай тілдің болмасын сөздік құрамы байиды. Сонымен бірге аз қолданылатын көненің көзі архайкалық сөздердің де әдеби тілде көптеген тілдік қызметі бар.
Сондай көне сөздерге бай М.Ибраев шығармашылығына халықтың өмірі мен болмысы толық қамтылған деуге болады.
Бұл далада жау бегзен, жақын безген,
Хан өткен қоңыраулытып,пақыр кезген.
Дүрбімен үңілсең де түк ұқпайсың
Даламды танымасаң ақын көзбен
Шаңқай түс,шаңыраққа уық қадап,
Кермеде ішін тартып суытқан ат
Сай-сайда жыпырлаған ақбоз үйдер
Кеткендей самұрық құс жұмыртқалап (Дала айналып барады ертегіге)
Наймандар белгісі шөміштеген
Төре-сұлтан қымызға бөккен
Байшыкештер сауда сөккен.
Хан иеме сүйеніп жүріп,
Небір қилы тағдыр өткен.
Кепшіктердің айдарлысын,
Қимылдатқан теуіп к..н (Жекпе-жек)
Әр шығармалардан алынған осы жолдардағы "хан" ,"би", "кепшік", "төре","төлеңгіт" т.б қолланылған көне сөздерді молынан байқаймыз. М.Ибарев поэзиясы тіліне талдау жасау барысында сө арасында ұлттық ерекшеліктерді танытатын тілдік бірліктерге сипаттама жасауды жөн көрдік.
Ондағы мақсатым-халықтық ғасырлар бойы жинақталған рухани мәдениеті мен материалдық мәдениетттің жетістіктері, ұлт өркетиетіне қатысты. Ел мәдениеті, тарихы, жалпы халық өмірі сөз мағынасында, ұлт тілінің фразелогиялық қорында жатыр. Ал осы айтылағандар Мерғали Ибраев тілінде кездеседі. Ақынның тарихи лкесикасы бай, ұлттық ерекшеліктер көзге бірден басылады.
Ер бопты дейін әкем баяғыда,
Жуанбел және жуан таяғы да.
Жас кезде дүркіретіп жылқы ұрлаған
Даугерін отырғызбай аяғына
Қыз аңдып,қымыз ішіп, бозбастынып
Көрмеген жас болса да жә,жасқанып,
Қиянды қиқу жетпес түнде торып,
Жапанға жата кеткен ер жастанып.
Бір жазбай аш юөрідей дара күйден,
әр тұсқа салық салып,обада үйген,
Бар екен бұғыбайда үш мың жылқы,
Буданы асыл тұқым арабымен.
Дегенді естіп жігіт айыл тарқтан,
Тақымда қара шоқпар-қайың қатқан,
Баруды тәуекел етіп-ой ұнатқан.
Естіген:"Жылқыларын кісі бақпай,
Ұрының,жыртқышытың да тісі батпай,
Жатады жайын жылқы пырдай болып,
"Сарыкөлден" суға қанып үш уақыттай"...
Ақ түстен келе-келе бозаң шыққан,
Төрт тұяқ шыққан жерден тозаң шыққан.
Кекіріп,кеңірдектеп қымыз ішіп,
Қосбасы ұзамаған-қазандықтан.(Бозайғыр,60)
Осы өлеңімен Мерғали Ибраев ертедегі кең байтақ қазақ даласындағы "барымта алу", " қақтығыс","Қыз аңдыу", "Түнде тору", "Ер жастану" "айыл тарту", "қайың қатқан", "Пырдай болу" т.б
Мерғали Ибраев осы өлеңінен-ақ қазақ халқының екі ғасыр бұрынғы рухани өмірі мен күнделікті түрмысы айқын аңғарылады. Ал төменде талқыланатын туындыларында мұнымен қатар көптеген қолданымдар этонграфиялық ерекшеліктермен қазақтың сөздік құрамының байлығын дәлелдей түседі.
2.2. Этнографизмдердің стильдік мақсатта қолданылуы
Жазушы шығармаларындағы этнографизмдер ұлттық ерекшеліктерді танытатын ,қазақ халқының ұлттық сипатын беретін бірліктер болып ерекше көрінген өлеңі-"Киіз үйдің сүйектері". Өлең қазақ үйінің құрал-бөліктері толығымен берілген жалпы саны-12. Соынң ішінде біз білмейтін құр, таңғыш, аяқ бау, есік жабық, туырлық ,желбау, ұстара, тарақ, бақан, сырық, үзеңгі, ішпек, құйысқан және т.б. Үй бүйымдарынан-26, аттың әбзел-саймандарынан-12,ыдыс-аяқтан-13, құрал-жабдықтан-26,әшекей заттардан-12, тағы да басқа ұсақ-ұсақ жабдықтарын атайды. Өлең тармақтарға тоқталсақ.,онда:
"Қазекең шебер екен, өрен сүйген,
ағаштан ерінбей-ақ түйін түйген,
Теріден малма сапсып,
Үстіне шақ-шақ етіп, киім киген"-делініп, соңына дейін ұлттық этнографизммен берілуі автордың ұлт мәдениетін өз ерекшелігімен сиаттай алуы.
Қоғамдаєы материалдық құндылықтар (киім-кешек, құрал-жабдықтар т.б.) мәдениетке жатады. Ал олардың атауы тілге де мәдениетке де ортақ. М. Ибраев поэзиясында заттық мәдениет лексикасына қатысты ұлт өкілдерінің киіну үрдісін сипаттайтын киім-кешек атаулары, ыдыс-аяқ атаулары, бір жағынан, ұлттық болмысты көрсететін бірліктер (лингвомәдени) болса, екінші жағынан, идея үшін белгілі бір бір стильдік жүк арқалап тұрады. Мерғали Ибраевтың «Саржалдың сары қымызы» атты өлеңінде қазақ әйелдерінің саба пісу үрдісі сипатталады. Өлеѕдегі «тобылғымен ыстау», «астау», «піспек», «саумал», «күбі» сөздері қымыз дайындауда қолданылатын ыдыстар мен ашыту процесінде болатын құбылысты көрсететін қолданыстар, ал түнемел қымыз, бесті қымыз, айғыр қымыз, құнан қымыз, өлген қымыз қазіргі әдеби тілде жоқ сөз. Енді мына бір өлеңде «Тері шалбарлы адам» жағдайын автор төмендегідей суреттеген:
Шапан анау көптен бері саудырлаған,
Бұтыңда тері шалбар қаудырлаєан.
Сақарға салмағалы көптен бері,
Былжырап етіңмен ет қайран тері.
Жалқаулық кер адамға не істетпеген,
Балақ анау жырымдап үзеңгі жеген.
Салақ болдың екен неге мұнша,
Япырай, шыдамдысың сірке тұнса...(Тері шалбарлы адам,54). . Саптыаяқ- ағаштан шауып жасалған ұлттық аяқ, ыдыс, ал сақар ащы шөптердің қайнатылған күлінен сүзіп алынған ұнтақ. Сабын жасау үшін осы сақарды пайдаланған. «Апамның сабыны» деген қосымша атпен берілген бұл өлең ұлттық тұрмыс жағдайын айнытпай жеткізген. Мәдениетке бойы төселе бастаған қуанышты нәзік жанныѕ ойы сипатталған.
Киім-кешек, мата атаулары – ұлттыќ мәдениеттің ерекшелігін танытумен қатар, қазақ лексикасы байлығының бір бөлшегін құрайды.
Ақын поэзиясындаєы киім-кешек, мата атауларына тоқталсақ: саптамалы, кимешек, шапан, тері шалбар сияқты киім атаулары белгілі бір стильдік қызмет атқарады. «Бозайғыр» (171бет) атты өлеңінде кедей аяғындағы шарық, киіз шұлғау, байдың үстіндегі жылы ішік, түлкі тымақ, саптамалы сияқты киімдерімен шендестіріле берілген. Мұндағы қарама-қарсы қойып екі образды даралау үдісі шығармадағы кейіпкерлердің киім киісі арқылы тұрмыс-тіршілігінен хабардар етеді. М. Ибраевтың өзіндік шеберлік қыры тіпті осы ұлттық киім атауларын тіл бейнелілігі үшін қолдануынан да ашыла түседі.
Кітапты қарап, үңіліп,
Орамалды, кимешекті үйде қалды.
Малма тұмақ жұлқынып
Ұры қумақ,мылтық алды,
Жалба шекпен көкіректі,
Тұра сала дауға аттанды... (Жекпе-жек,187бет).
Осылайша ақын қазақ даласына енген жаңалықтарды әйелдердің сауат ашуын, ер адамдардың мылтықпен таныс болғандығын, шен қуған адамның даукестігін әсерлі етіп көрсете білген. Жинақтап айтқанда, Мерғали Ибраев туындыларында қазақ халқының ұлттық бедерін айшықтайтын лингвомәдени бірліктер көптеп кездеседі.
Сонымен, поэзиядағы көнерген сөздер бүгінгі және өткен ғасырдаєы қазақ тілі лексикасының байлығын қатар алып көрсетеді. Халық даналығынан туған, ғасырлар бойы тіл қазынасынығ қоймасында сақталып келе жатқан, бірақ қолдану қажеттілігіне байланысты көнеріп, күңгірттеніп, көмескі тартқандықтан кейінгі ұрпаққа (профессионализм, архаизм, историзмдер) қайтадан жанданып, бүгінгі тіліміздің байлығын, сөздік қорын молайтса, халықтың игілігіне жараса, нұр үстіне нұр жауғандай болар еді. Мерғали Ибраев поэзиясындағы көнерген сөздерді шебер қолдана білуі - өткен ғасырдан бізге келіп жеткен тіл байлығының өресен мол көзі,- деп көрсетсек қателесе қоймаймыз.
Қорытынды
Адамзат баласының ғасырлар
бойы қалыптасқан өзіндік тіл мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының
тікелей көрінісі болып табылатын қымбат дүниесі – оның тілі. Әрбір
тіл адам баласының қатынас құралы болуымен қатар, сол халықтың
мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік күйін, дүниетанымын бейнелеуде
маңызды және шешуші рөл атқарады. Қазақ тілінің сөз байлғы халықтың
рухани өмірін, тарихын, ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесін
сипаттау құралы болып табылады.
Тілдің өзіндік заңдылықтары тіл иесі этностың ғасырдан-ғасырға
жалғасып келе жатқан тарихының қалың беттерін, мәдениетін, ұлттық
мінез-құлқын сипаттауда ерекше орны бар көркем туынды тілі арқылы
да танылады. Көркем туынды тілін талдау әдеби туындының эстетикалық
табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген
мәселелерін шешуге тигізеді.Себебі, көркем туынды ұлттық болмысқа
қатысты мәселелерді жинақтайтын күрделі құбылыс, біртұтас дүние
ретінде әр ұлттың өзіне тән мәдениетінен, мінез-құлық,
жан-дүниесінен хабардар етеді, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Осымен
байланысты аќын Мерғали Ибраев шығармаларындағы тарихи сөздер мен
тұрақты тіркестерді зерттегенде оның көсем сөздегі болсын, прозлық,
поэзалық шеберлігіне тоқталу аса маңызды, қиын да, қызықты
дүние.
Мерғали Ибарев иісі қазақ атына қанық ,бейнелеп айтсақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін есімін ел жақсы білетін әдеби туындыларымен кең танылған, көрнекті сөз бен көркем ойымыздың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақстан журанистер одағының мүшесі. М.Ибраев-шығармашылық бақыттың шынайы биігіне көтерілген суреткер болды. Ол-сан қырлы тұлға. Ол-әдебиетші,жазушы, ақын ,ұстаз,журналист, драматург,аудармашы.
Ақын поэзиясының тілдік табиғатын халқымыздың тарихымен, сөз өнерімен, әні мен күйі мен байланыста қарастыру қазақ тіл білімінде ұлттық жаңа үрдістегі зерттеудің мәнін ғылыми тұрғыдан байытады деуге болады. Осындай бағытта зерттеу жұмысының жүргізілуі болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшіліктерді сипттай отырып, тіл мен ойдың байланыста екенін дәлелдейді.
Ақын шығармаларындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестердің қолданылуы өте мол. Оның прозасы мен поэзиясы қазіргі таңда толықтай ғылыми жағынан зерттеліп, тілдік талдауға түскен жоқ деуге болады. Оның поэзиясы жалпыхалықтық тілмен, көркем әдебиетпен тікелей байлаысып жатыр. Ақын поэзиясын зерттеу басқа қаламгерлер сияқты оның да өз қолтаңбасын анықтау болып табылады.
М.Ибарев шығармаларындағы сөз тіркестері, бейнелеуіш сөздер, сол кездегі қазақ халқының тұрмысына, ұғымына лайықты қолданылған сөздер мен сөйлемдерден тұрады.
Қазақтың жалынды ақындарының бірі, қайталанбас жазушы М.Ибраев поэзиясындағы тіркестер мен тарихи сөзерді зерттеу баррысында қол жеткізген нәтижелер көркем әдебиетті де толықтырып, өзіндік үлес қосады деуге болады.
М.Ибраев поэзиясындағы тарихи сөздер мен тұрақты тіркестер сөздің,сөйлемнің мағынасын одан сайын күшейтіп, өз оқырмандарын баурап алып отырады. Осы тұрғыдан алғанда ақынның сөз саптау шеберлігін көреміз. Ақын поэзиясындағы оның ішінде лексикасында ұтымды шыққан көне сөздер, кірме сөздер, ауыспалы мағынасы бар сөздер, антоним, синоним, омонимдердің, мақал мәтелдердің танымдық мазмұны өте күшті, әрі сәтті шыққан десек қателеспейміз.
Сондықтан да, ақын шығармаларынынң табиғатын біртұтас қарастыру, тілдік тұрғыдан зерттеп,зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер қатарына жатады.
Мерғали эпикада да, лирикада да терей ойдың,үлкен сезімнің, ұшқыр қиялың ақыны болы. Ол әрқашан жүрегін жарып шыққан сезімін жырлады. оның поззиясы халықтық әдебиетпен байланысып, алғы шебінде болуы да осыдан. Мұны мен ақынның бұл ғылыми жұмысымда ұстазымның арқасында жан-жақты талдауға тырыстым.
Ақын Мерғали Ибраев жыр әлемінде өз ойын,өз шындығын жүйелі көркем тілде, ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білді. Ол табиғи таланытымен, дарынымен танылған тұлға. Оның ақындық әлемінің тақырыбы сан алуан, өлең-дастандар терең мазмұнға құрылған,ақындық шеберлікпен өрнектелумен оқырманын баурап алады.
Ақын поэзиясы өзгеше өнер, тың арна тапты. Оның болмысы мен ерекешелігіне, бейнелеу шеберлігіне көз жіберер болсақ, ол кұшті ағысы сол тау суындай тасқаныд.
Сужүрке қорқақ та мемен батыл да емен,
Көше атын бермей-ақ қой өлгенен соң,
Қалса болы:
Мерғали аында өлең! Атын айтқандай өзі өлсе, де өлеңі өлмек емес.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ибраев М. Жұмбақ жолаушы/(өлеңдер мен поэмалар)/ Новасібір,272 бет
2.Ибраев И. Судағы сәуле(өлеңдер мен поэмалар) Алматы, 1989,80бет
3.Ибраев М. Өнегелі өркен. Жыр кітабы,Алматы,1979,72 б
4.Ираев М. Күміс тау(өлеңдер мен поэмалар) Алматы,1979,72 б
5. Ибраев М. Темір тұлпар. Өлеңдер . Алматы,1975, 31 б
6.Ибраев М. Құтты қойнау(Семей облысы туралы) Алматы,1986,86б
7.Ибраев М. Семей көне қала// Семей таңы,1990,20 қазан
8. Ибраев М. Жұмбақ жолаушы (Дастан) Семей таңы,1990,18,20,15,27 сәуір; 1991,6 шілде
Қосымша әдебиетттер
1.Аманжолов С. Тіл білімінің мәселелері. Алматы,1967
2.Әуезов М. Әр жылғы ойлар. Алматы,1989
3.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш
4.Еспенбетов А. Мерғали Ибраевтың поэзиялық шығармалары//Семей таңы:-2008,-18 шілде
5.Қабдолов З. Сөз қнері. Алматы,1992
6,Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер,Алматы,1966
7. Ибрагимов Т. Қазақ ақындарының тілідк табиғаты.Алматы,1969
24