Материалдар / "Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3 «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясый" 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3 «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясый" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып химия сабағына қысқы мерзімді сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
398
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1 В Металдардың химиялық белсенділігіМектеп: № 6 орта мектеп
Күні: 12.10.2018 ж.Мұғалімнің аты-жөні: Сисенгалиева Злиха
Сынып: 8



Сабақ тақырыбы:Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3 «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8.2.4.4 –әртүрлі металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясын білу; 8.2.2.5 металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы теңдеуін құру;
Сабақ мақсаты
  • - әртүрлі металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясын білу;
  • - металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы теңдеуін құру.
  • Бағалау критерийлері реакцияға түсуі бойынша металдарды дұрыс орналастырадыөзінің әрбір тәжірибе үшін сөзбен реакция теңдеуін құрайды (металл + қышқылтұз + сутек).
    Тілдік мақсаттарПәнге қатысты лексика мен терминология: металл тұзы, орынбасу реакциясы, реагенттер, өнімдер, металдардың белсенділік қатары.
    Пәнаралық байланыстарматематика пәнінен алған білімін пайдалану.
    АКТ қолдану дағдылары Презентация.
    Сабақ барысы
    Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

    Ресурстар
    Сабақтың басы
  • 3 мин


  • Сыныпты ұйымдастыру :Оқушылармен амандасу, түгелдеу.«Ой қозғау».-Балалар бүгін бізге алыстан хат келіп тұр. Қайдан екенін бірге анықтайық. - Бұл елде күткен алтын орнына көп күміс қорлары табылуы мемлекеттің атауына әсерін тигізген. Алтын іздеушілердің көңілінен шықпаған елдің атауын табыңдар?Аргентина. Латын тілінен argentum – күміс.Сабақ тақырыбы және мақсаты таныстырылады.

    Cлайд презентация
    Сабақтың ортасы

    4-10 мин























    11-15 мин

































    16- 30 мин



























































































    31- 37 мин
    Сабақ тақырыбы және мақсаты таныстырылады.
  • Мұғалімнің түсіндірмесі.
  • Енді, оқушылар 6-кесте «Кейбір металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің салыстырмалы сипаттамалары» танысыңдар.Кесте бойынша оқушылар металдардың қышқылмен әрекеттесу реакция теңдеулері бойынша қорытынды жасайды: 1.Белсенді металдар сұйытылған қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді және сутегі бөлініп шығады.2.Белсенділігі төмен металдар сұйытылған қышқылдармен әрекеттеспейді. Оқушылар «Металдардың белсенділік қатары» мен қатарды қолданудағы ережелермен танысады. Жеке жұмыс. № 1 тапсырма. Суретте қышқыл ерітінділеріне әртүрлі металдарды салу арқылы металдар белсенділігін анықтау тәжірибесі көрсетілген сурет берілген. Қай сынауықта реакция жүрмейді? (Неге?)Критерий- Металдардың белсенділігін салыстырадыДескриптор -әрекеттеспейтін металды анықтайды; -реакция жүрмеу себебін түсіндіреді.

    Қышқылдармен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»! № 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді . Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-тік ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.

    Топтық жұмыс. Зертханалық тәжірибе № 3. «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы»4-таза сынауыққа 1 мл –дей тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. 1-сынауыққа магний ұнтағын;2-ші сынауыққа алюминий түйіршігін;3-ші сынауыққа мырыш түйіршігін;4-ші сынауыққа мыс сым кесегін салыңдар. Сынақ жүргізерде абай болыңдар! Қай сынауықта реакция жылдам жүреді соны бақылап қорытындылаңдар. Кестені толтырыңдар.



    Металдардың қышқылдармен реакция теңдеулерін сөзбен жазады.Магний + тұз қышқылы = магний хлориді + сутегі ↑ Алюминий + тұз қышқылы = алюминий хлориді+ сутегі Мырыш + тұз қышқылы = мырыш хлориді + сутегі ↑Мыс + тұз қышқылы = әрекеттеспейді. Металдардың қышқылдармен реакция теңдеулерін формуламен жазады.Бағалау критерийі Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастырады Дескриптор - әрекеттесетін металл мен қышқылды таңдайды;
  • реакция өнімдерін дұрыс анықтайды;


  • металл және қышқыл қалдықтары валенттіліктерін анықтайды;


  • қышқыл, тұз формуласын құрастырады;


  • реакцияны коэффициенттер қою арқылы теңестіреді.
  • Оқушылар металдардың қышқылмен әрекеттесу реакция теңдеулері бойынша қорытынды жасайды: 1.Орташа белсенді металдар сұйытылған қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді және сутегі бөлініп шығады.2.Белсенділігі төмен металдар (асыл) сұйытылған қышқылдармен әрекеттеспейді .












    Металдардың электрохимиялық кернеу қатары













    Жұмыс парағы1-тапсырма









































    1-қосымша«Зертханалық жұмысты жүргізудің нұсқаулығы». Сынауықтар, сынауықтарға арналған тұрғы,тамшуыр,металдар, тұз қышқылы ерітіндісі
    Сабақтың соңы38-40 мин

    Үйге тапсырма. Кері байланыс жасау. Рефлексия: «SMS» жазу. - бүгінгі сабақтан алған әсерім....- мынаны түсіндім....- маған қиын болды......



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!