Материалдар / Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары . №3 зертханалық тәжірибе "Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары . №3 зертханалық тәжірибе "Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары тақырыбындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2024
89
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.

3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»


Бөлім:

8.1С Металдар белсенділігін салыстыру

Педагогтің аты-жөні:

Г.Шаекеева

Күні:

15.10.2024ж

Сыныбы: 8в,г,д

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.

3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.4.7 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу

Сабақтың мақсаты:

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінінің жоспарын жасап, тәжірибе жүргізеді


Құнддылық

Бірлік және ынтымақ

тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;

бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ре

сурс

тар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту



10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.



2.«Химиялық тілмен сәттілік тілеу»



3.Топқа бөлу





4. Үй тапсырмасын тексеру

алдыңғы білімді пысықтау



Тақтаға өткен тақырып туралы сөздер,бірнеше реакциялар жазылады.



Оқушылар берілген сөздерге сөйлем құрастырады, реакциялардың типін анықтайды, жүру механизмін атайды



Белсенділік қатары, сутек бөлінеді, металл оксиді ,енжар металл, мырыш хлориді, орынбасу



2Al+6HCL=2ALCL3+3H2

Hg+ HCL=

Mg+ 2HCL= MgCL2+H2


Оқушылар химиялық терминдер, элементтердің атауларын қолдана отырып бір-біріне сәттілік тілейді құбылыстарды

Мысалға оттектей беленді бол, натрийдей жылдам бол. т,б

Топқа бөліну:

Химиялық формулалалар жазылған қиындыларды құрастыру арқылы топқа бөлу

Na2SO4

AL(OH)3

CuCL2

Оқушылар берілген сөздерді сөйлемге айналдырады

Белсенділік қатары арқылы металдардың белсенділігін анықтаймыз.

Белсенді металдар қышқылмен әрекеттескенде сутек газы бөлінеді т.б



















































Мадақтау сөздерімен ынталандыру арқылы сабаққа деген белсенділігі арттыру




Жаңа сабаққа кіріспе



5 мин


«Ассоциативті қатар»

Тақтаға сабақтың тақырыбына қатысты сөздер жазылады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды.

Сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі).

Мысалға. Тұз ерітіндісі, белсенді металл, орын басу, ығыстыру т.б

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Оқушылар таңтаға жазылған сөздерден ассоциация құрастырады, сабақтың тақырыбын ашады

Жарайсың!



Керемет!



Өте жақсы!

деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақтың ортасы



2 мин









12 мин




























Бейнебаян

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі

Бейнебаянды талқылау

Топтық жұмыс

3 көрсетілім.Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру

Жұмыс парағы

Үш стаканға біріншісіне мыс(ІІ) сульфаты, екіншісіне қорғасын (ІІ) нитраты, үшіншісіне алюминий нитраты ерітінділерін құйыңыз. Біріншісіне темір, екіншісіне мырыш, үшіншісіне мыс жаңқаларын салыңыз да реакция белгілерін бақылап төмендегі cұрақтарға жауап беріңіз

  • бірінші сынауықта қандай өзгеріс болды, себебі неде?

  • екінші сынуықта қандай өзеріс болды, себебі неде?

  • үшінші сынауықта қандай өзеріс болды себебі неде?

  • тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз

  • қорытынды жасаңыз

Үш топтың жауаптары бір-біріне ауыстырылып , салыстырылады


















Топ мүшелері бірігіп тәжірибені жасайды, бақылайды, сұрақтарға жауап беріп, тиісті реакция теңдеулерін жазады.

Қортынды жасайды

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуін анықтайды

2. Металдардың белсенділігін тәжірибе арқылы дәлелдейді

3. Тиісті реакция теңдеулерін жазады





https://www.youtube.com/watch?v=HHMIAPqjR8A

Жұптық жұмыс

«Көршіңмен бөліс»

4 мин

Қай стаканда реакция жүреді?



Тапсырманы орындайды

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Реакция жүретін стаканды табады

2.Реакция теңдеулерін жазады

3. Түзілген тұздарды атайды

Бел

сенділік қатары

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс



7 мин

Тапсырма

Мирас ата-анасын таңғалдырып, оларға фокус көрсетуді шешті. Ол әкесіне күміс нитратына шырша түріндегі мыс сымды салуды ұсынды.Біраз уақыттан кейін мыс сымның беті шықтанып күміс ұлпалы шыршаға айналды.

А) Мыс сым күміс ұлпалы шыршаға қалай айналғанын түсіндір

Б) Химиялық реакция ьеңдеуін жаз

С) Мыс сымдарын басқа сымнан жасауға бола ма? Егер болса, онда қандай металдар, мысалдарын жазыңыз.









Тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді




Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1. Мыс сым күміс ұлпалы шыршаға қалай айналғанын түсіндіреді

2. Химиялық реакция ьеңдеуін жазады

3. Реакция теңдеуін теңестіріп, типін анықтайды

4 .Мыс сымының орнына басқа металды ұсынады

Метал

дардың белсенділік қата

ры

Сабақтың соңы

Рефлекция

5 мин.











Бағалау







Үйге тапасырма

«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

Тақтаға оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Қалыптастырушы бағалау






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!