Мастер-класс: «Мидың оң жақ жарты
бөлігі арқылы сурет салу»
Мақсаты:
Ұстаздарды балалармен жұмыс
жасау кезіндегі «Мидың оң жақ жарты бөлігі арқылы сурет салу »
техникасында қолданылатын ұйымдастырушылық әдістемелік әдістермен
таныстыру.
Міндеттері:
-Педагогикалық іс-әрекеттің
әдістерін,тәсілдерін тікелей және түсініктеме көрсету арқылы
тәжірибе алмасу;
-Балалармен жұмыс кезінде
қолданылатын әдістемелік әдістер мен тәсілдерді саналы түрде
дамыту,
-«Мидың оң жақ бөлігі арқылы
сурет салу» техникасындағы қолданылатын әдістерді қолдану арқылы
тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
-Мастер-класс қатысушыларына
өзін-өзі жүзеге асыру мен өзін-өзі жетілдіруге
көмектесу.
Мастер-класс қатысушылары
үшін күтілетін нәтижелер:
-«Мидың оң жақ жарты бөлігі»
арқылы сурет салу техникасындағы қолданылатын әдістермен
танысады;
-Алынған нәтижелерді
талқылауға қатысады;
-Кеңестер
алады;
-Талқыланған мәселелерді шешу
жолдары бойынша өз ұсыныстарын береді.
Мастер –класстың
өтуі:
Мидың оң жақ жарты бөлігі
арқылы сурет салу дегеніміз
не?
Мидың оң жақ жарты бөлігі
арқылы сурет салу дегеніміз- бұл адамдарға өмірін өзгертуге,ішкі
ресурстарын,мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін жүйе.Мидың оң жақ
бөлігі арқылы сурет салу әдісі бойынша адам әдеттегіге басқаша
қарауға және өз мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін табуға
үйренеді.Өздеріңіз білетіндей,адамның миы екі жарты шарлардан
құралған,олардың әрқайсысы өз функцияларын орындайды.Мидың сол жақ
жарты шары логикаға,ақылға қонымды көзқарасқа,заттарға сыни
көзқарас үшін жауап береді.Тек осы жарты шарымызда біздің барлық
ережелеріміз,стереотипті қабылдауымыз және ақылға қонымды
тәсілдеріміз сақталады.Мидың сол жақ бөлігі жақсы дамыған адамдар
көбінесе жауапты,ұтымды,қисынды және принципті болып
келеді.
Мидың оң жақ жарты бөлігі
біздің өмірімізді шығармашылық қабылдауымыз,фактілермен ғана
емес,бейнелермен де ойлағанымыз.Мұнда ойдан тыс ойлауға
көмектесетін барлық нәрсе бар,және бұл дағды тек шығармашылық
адамдар үшін ғана емес(суретшілер,жазушылар,музыканттар және т.б.
).Сонымен қатар,егер де сіз өмір бойы экономист жұмысын атқарып
келсеңіз де,оң жақ жарты шарды дамыту сіз үшін жаңа мүмкіндіктерді
ашады,сонымен қатар біздің өмірімізді жарқын,ерекше және оқиғалы
ететін барлық нәрселерге жауап береді.
Мидың оң жақ бөлігі арқылы
сурет салуды алдымен Бетти Эдвардс әдістемелерімен танысудан бастау
қажет.Бұл әдістемелер әлем деңгейінде танылған.Дегенмен,қазіргі
таңда көптеген суретшілер «мидың оң жақ жарты бөлігі арқылы сурет
салу» техникасының өзіндік шеберліктеріне ие.Мұндай
жаттығуларға,мысалы,саусақтармен сурет салу немесе парақтың
шекарасын ескермей сурет салу жатады.
Қажет
құрал-жабдықтар:
-гуашь бояулар
жинағы,
-қылқаламдар;
-А4 форматындағы ақ
қағаз;
-шүберектер немесе
салфеткалар;
-су құйылған
ыдыс.
Мұғалімдерге «мидың оң жақ
жарты бөлігі арқылы сурет салу» техникасын үйретудің
әдіс-тәсілдері- көрсетумен сүйемелденетін түсіндіру,мұғалімдердің
көрсетілген іс әрекеттерді орындауы.
Сурет салу техникасын
бақылау-көрсетумен сүйемелденетін
түсіндіру.
«Жылдам сурет
салу» техникасы.
Бір бет парақты алып,жарқын
дерексіз(абстрактную) суретті 15 минут ішінде тез көрсетуге
тырысыңыз.Өзіңізді ешнәрсемен шектемей,ішкі суретшіні
босатыңыз.Бояуды қағаз бетіне батыл және тез жағыңыз.Ең алдымен сіз
бүкіл парақ бетін түрлі түсті бояу массаларымен толықтыруды
үйренуіңіз керек.Бұл жаттығулар адамдарға қорқынышты
тоқтату,түстерді араластыруды және реңктер жасауды
үйрену,кескіндеменің әсемдігі неде екенін түсіну үшін
қажет.
«Мидың оң жақ жарты бөлігі
арқылы сурет салу» бағытын ойлап тапқан Бетти Эдвардс суреттің
дұрыс бағдарлануы,сол жақ жарты шар бөлігі үшін маңыздылығын
тұжырымдады(жоғарыдағы сурет-рисунок вверху).Бірақ оң жақ жарты шар
бөлігі үшін бұл мүлдем маңызды емес,ол қоршаған ортаны кез келген
позицияда қабылдауға қабілетті.
Кейбір балаларға «аяғымен
төмен» сурет салу одан да оңай болып келеді.Сонымен қатар бұндай
балалардың суреттері әдемірек шығады.Ұстаздардың тәжірибесі
бойынша,мектепалды балалар үшін ағаш бұтақтарын аяғынан төмен салу
оңайырақ келеді.
Ішкі көзқарас экранына
сурет салу.Кең контекстте бұл
«көрнекілік» деп аталады.Жұмылған көздің алдында суретті көруге
тырысу мидың оң жақ жарты шар бөлігін,соған байланысты ақыл-ой
қабілеттерін ынталандырады. Сурет тақырыбы жарияланғаннан кейін
балаларға көздерін жұмып,болашақ суретті елестелуге
ұсынылады.Көптеген балалар суретті көреді.Бұл жаттығуды қысқа
әңгімеге иллюстрация салудың алдында пайдалану алдында өте
пайдалы.
«Мидың оң жақ жарты бөлігі
арқылы сурет салу» тек көзді ғана емес,сонымен
қатар батылдық,өзіңдік сезімдерді тыңдай білу сияқты жеке
қасиеттерді дамытады.
Ересектер үшін эмоцияны салу
өте қиын болып келеді,көбінесе олар символдарга айналып кетеді.Ал
балалар үшін әдейі қиялдаудың қажеті жоқ,олар үшін арман шындықтың
ажырамас бөлігіне айналады.Алғашқы суреттер өзіндік ерекшеліктермен
ерекшеленеді.Суретте ненің шыққаны,ненің шықпағаны маңызды
емес,шығармашылық процесінің өзі және қылқаламның қағазда із
қалдыруы ерекше ләззат сезімін береді.Қарапайым жағылған бояу бір
мезетте қысқы түнге,желге немесе 5 минут ішінде анасының портретіне
айналуы мүмкін.Бұл кезде ересек адамның басты міндеті –баланың әлем
туралы өзіндік шығармашылық қабылдауын бұзбау болып келеді.Балаға
оның қате сурет салғанын айтудың қажеті жоқ,бұл оның әлем суретін
көруін толығымен өзгерте алады.Сонымен қатар өзіңіздің
символдарыңыз бен көзқарасыңызды таңудың қажеті жоқ.Балалар
көбінесе қағазға заттың бейнесін емес,оның қабылдауын немесе онымен
байланысты сезімдерін бейнелейді.Бұл техникада тек қылқаламмен ғана
емес ,сонымен қатар «саусақпен сурет салу» техникасын қолдануға
болады.Бұндай техникадағы суреттерді орындау балаларға қатты
ұнайды.
Қорытынды:Мидың оң жақ жарты бөлігі
арқылы сурет салудың мақсаты:
1.Кез- келген өмірлік жағдайда
даралықты көрсету;
2.Білімнің кез-келген
саласында шығармашылық үдерісті толық құруды
үйрену;
3.Белсенділікті талдауды
өшіру;
4.Ішкі психологиялық
кедергілерден арылу;
5.Ішкі үйлесімділікке
жету;
6.Өзінің шыығармашылық
қабілеттерін 100 % -ға ашу;
7.Отбасыға,достарына,жақындарына және қоршаған әлемге
мұқият болу.